Балалардың тыныс алуының қиындауы өкпенің немесе баланың жүрек қызыметінің бұзылуынан пайда болады.
Тыныс алу қиындығының жеңіл формасының симптомдары:
Бала:
• Әдеттегісінен жиірек тыныс алады. Дені сау балалардың көпшілігі минутына 40 рет дем алады.
• Дем алуға ыңғай жасау үшін жамбас бұлшықеттерін іске қосады
• Қол және аяқтарының, бет терісінің түстері қалыпты болады.
Тыныс алу қиндығының орташа формасының симптомдары
Бала:
• Жиі тыныс алады
• Тамақ ішу барысында әлсіреп қалады және демін алу үшін жиі тоқтайды. Бұдан баланың тамаққа деген әуесі жоғалып, асты қабылдау мөлшері азайып кетуі мүмкін.
• Дем алу үшін жамбас бұлшықеттерін іске қосуы керек.
• Әдетте қол мен аяқтары, бет терісінің түсі бозғылт тартып, сұрланып, теңбілденіп тұрады. Тілі, қызыл иектері, және еріндері қызғылт түрде қалады.
Тыныс алу қиындығының асқынған формасының симптомдары
Бала:
• Жиі тыныс алады немесе әр тыныс алуы кезінде қырылдаған дыбыс шығарады.
• Астану кезінде мазасызданып, немесе шаршаңқы кейіпте көрінеді, не болмаса тамақтана алмайды.
• Тыныс алу үшін, мойынын, кеудесін және жамбас бұлшықеттерін пайдаланады. Бұл қабырға араларында немесе астында «сорылу» сезімдерін тудырады.
• Тыныс алу кезінде мұрын қуыстары керілуі мүмкін.
• Дем алғанда денесін көтереді немесе алдыға қарай еңкейтеді, немесе мұрнымен ауаны жұтқандай, мұрнын жоғары көтереді.
• Кез келген әдіс арқылы оның қалпын өзгерткен кезде, қарсыласуы мүмкін.
• Терісі бозғылттанып, сұрланып, көгеріп тұрады (әсіресе, тілі, еріндері, құлақтарының ұштары және тырнақ астылары), немесе терісінде теңбілдер пайда болады. (ақшыл теңбіл және көкшіл- бозғылт)
Тегтер:
балалардың тыныс алуының қиындауы
жиі тыныстау
жөтел
қақырық
демікпе
терінің бозғылттануы
әлсіздік
ұйқышылдық