Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Белгілері

Диагностикасы

Емдеу

Болжау

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу қажет

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Көршиқан (карбункул) – бұл патологиялық процесі түк фолликулар тобында жүретін тері инфекциясының ауруы. Инфекция түскен тіндерден тері астында терең орналасқан төмпешіктер пайда болады. Оның іші іріңге толы болуы мүмкін.
Көршиқанның бірден көп түрі пайда болса, оны карбункуллез деп атайды.

Себептері
Тері қабаттары
Көршиқанның қозуына көбінесе алтын түсті стафилококк инфекциясы әсер етеді. инфекция жұқпалы болып табылады. Яғни бұл дененің басқа бөліктеріне тарап,бөгде адамдарға да жұғуы мүмкін.
Көршиқан бірнеше тері қабаттарынан тұрады (фурункулдар). Бұл инфекциялы массалар сұйықтықпен, іріңмен және некротикалық тіндермен толы болады. Қабынған көршиқан сұйықтықтары өздігінен құрғауы мүмкін, бірақ кей жағдайда инфекциялы массасы өте терең орналасқандықтан бұл процестің орын алуы мүмкін болмайды.
Көршиқан кез келген дене бөлігінде пайда болады. Дегенмен көбінесе арқа мен желкеде кездеседі. Көршиқан әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі пайда болады.

Ауру тудыратын бактериялар жұқпалы болғандықтан, бір мезетте отбасы мүшелерінде бірдей шығуы мүмкін. Көршиқанның шығу себептерін көп жағдайда анықтау мүмкін емес.
Көршиқанның пайда болуына әсер ететін жағдайлар:
• Киімнің қажауы немесе қырыну
• Тазалықтың болмауы
• Имунитеттің әлсіреуі

Қант диабетімен ауыратын адамдарда, дерматитте, имунитеттері әлсіз жандар карбункулдың пайда болуына әсер ететін стафилококк инфекциясын жұқтыруға бейім келеді.

Симптомдары
Көршиқан қалың теріге орналасқан төмпешіктің қабынуымен сипатталады. Ол кішкентай болуы мүмкін, бұршақтың көлеміндей, не белмаса одан үлкеніректеу, тіпті теннис добының көлеміндей болып үлкейеді. Көршиқанның үстіңгі жағы қызарып, тітіркендіруі мүмкін. Оған тисе ауыртуы мүмкін.
Сондай-ақ ол:
• Көлемі өте тез үлкейеді;
• Ортасы ақ немесе сары түсті болады;
• Дененің басқа да жақтарына таралады;
• Олардың үсті дымқыл немесе қабықшамен жабылулы болады;
Кейде аурудың басқа да симптомдары пайда болады, мысалы мынадай:
• Шаршау;
• Қалтырау;
• Жалпы делсалдық;
• Көршиқан пайда болып, өскенше тері қышиды.

Диагностикасы
Дәрігер сіздің теріңізді қарайды. Терінің қалай көрініп тұрғанына қарай диагнозыы қойылады. Инфекцияны тудыратын бактерияны анықтау үшін іріңнің үлгісін алып зертханада тексеруі мүмкін. Осыдан шыққан нәтижеге қарап дәрігер алдағы уақытта қалай ем жүргізу керектігін шешеді.

Емдеу
Көршиқанды әдетте дренаждау керек, тек содан соң ғана ол жиырылады. Көршиқан көбінесе 2 аптаның ішінде өздігінен кетеді.
Жылы компрессаны жапсыру арқылы карбункулдың жиырылуы үшін дренаждалуына ықпал етуге болады. компрессаны бірнеше күн қатарынан басып тұрыңыз. Ешқашан оны тіліп немесе үстін ашық күйінде қалдырмаңыз. Өйткені оның инфекциясы таралады немесе жағдайды ушықтырып жібереді.
Егер көршиқан 2 аптаның ішінде кетпесе, қайталап туындай берсе, арқа мен бетке беріледі, ақырындап қалтырау мен басқа симптомдары дамиды. Ол кезде сіз жедел жәрдем қызметкерін шақырыңыз. Емдеу арқылы инфекциямен байланысты асқынулардың алды алынады.

Дәрігер сізге төмендегі емдерді тағайындауы мүмкін:
• Бактерияға қарсы сабын;
• Жақпа май немесе таблека түріндегі антибиотиктер.
Терең немесе көлемді көршиқанды дәрігер дренаждайды.
Инфекциясының таралып кетпеуі үшін гигиенаны сақтау барынша маңызды болып табылады.
• Егер көршиқанды ұстаған болаңыз, қолыңызды жылы сумен сабындап тұрып жуыңыз.
• Ысқылағыш пен орамалды бөгде адамдармен ортақ пайдаланбаңыз. Себебі ол жағдайдан инфекция тез таралады;
• Көршиқаны бар адаммен байланысқан киімді, ысқыны, орамалды, төсек жапқышты және де барлық заттарды қайнаған, ыстық сумен жуыңыз;
• Қалтаны тығындап жауып тұрған дәкені жиі ауыстырып тұрған дұрыс.

Болжамы
Көршиқан өздігінен де жиырылуы мүмкін. Басқа жағдайда да негізінде, ем жақсы қонады. Көршиқан инфицирленгеннен кейін бірнеше аптаның, не бір жылдан кейін қайта-қайта пайда бола беруі мүмкін.

Мүмкін болатын асқынулар
• Мида, теріде, жұлында, бүйрек секілді ішкі ағзаларда абсцесс туындайды;
• Эндокардит;
• Остеомиелит;
• Теріде мәңгілікке тыртық қалып қояды;
• Сепсис;
• Дененің басқа жерлеріне инфекцияның тараллуы;

Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жағдайлар орын алса дәрігерге хабарласыңыз:
• Көршиқанға үй жағдайында 2 апта бойы жасалған емнен кейін жиырылмаса;
• Көршиқан жиі өршісе;
• Көршиқан арқаға немесе бетке шықса;
• Сізде қалтырау пайда болса, жарадан қызыл жолақшалар таралса, көршиқанның айналасы ісінсе, немесе ауырсынуы күшейсе.

Алдын алу
Мықты денсаулық пен тазалықты сақтау арқылы кейбір терілік стафилококк инфекциясының алдын алуға болады. Мұндай инфекциялар жұқпалы, сондықтан бактерияның таралуынын сақтанып, қауіптің алдын алған жөн.
Егер сізде көршиқандар жиі шығатын болса, оның қайталап шыға беруінің алдын алу үшін дәрігер сізге антибиотиктер тағайындауы мүмкін.

Синонимдері
Терідегі стафилококктік инфекция; карбункуллез

Беттің ісінуі, дақтар, аллергиялық серпіліс (ерлерде /әйелдерде)

Тегтер:
карбункуллез
стафилококктік инфекция
іріндеу
қабыну
ірінді тері
көршиқанды емдеу