Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу


Жалпы ақпарат

Жұтқыншақ арты абсцессі – жұтқыншақтың артқы бетіндегі тіндерге іріңнің жинақталуы. Бұл адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал жағдай.

607

Жұтқыншақтын анатомиялық құрылымына өңеш, кеңірдек, көмекей және бадамшалар кіреді.


Себептері

Жұтқыншақ арты абсцессі көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда дамиды, дегенмен, бұл аталмыш ауру басқа жаста мүлдем кездеспейді деуге де болмайды.

Инфицирленген материал (ірің) жұтқыншақтың артқы қабырғасында жинақталады. Ауру жұтқыншақтың инфекцясын жұқтырғанда бірден немесе жұқтырғаннан кейін уақыт өте пайда болу мүмкін.


Симптомдары

• Тыныс алу қиындайды;
• Жұтыну қиындауы;
• Сілекей ағады;
• Жоғары қызба орын алады;
• Тыныс алғанда ысқырықты дыбыс естіледі (стридор);
• Тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшықеттер жиырылады (қабырға аралық ретракция);
• Тамақтақ қатты ауырады;
• Басты бұру қиынға соғады.


Диагностикасы

Дәрігерге жұтқыншағыңызды тексерту қажет. Дәрігер немесе мейірбике жұтқыншақтың артқы қабырғасын мақталық тығынмен ақырындап сүртеді. Бұл ем-шара жұтқыншақтағы дақылды тексеруге арналған лабораториялық тексеру әдісі болып табылады.

Басқа да тексеру әдістері:

• Жалпы қан талдамасы (ЖҚТ)
• Мойынды компьютерлік томографияға түсіру (КТ)
• Мойынның рентгенографиясы


Емдеу

Зақымдалған аймақты тазалау үшін хирургиялық әдіс қолданылады. Кейде тыныс жолдарының ісінуін азайту үшін кортикостероидтар тағайындалады.Инфекцияны емдеу үшін антибиотиктердің жоғары дозасын тамыр ішіне енгізеді.

Осылай, тыныс алу жолдары ісіну кезінде бітелмей қорғаныста болады.


Болжамы

Бұл ауру кезінде міндетті түрде шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажет. Бұл жағдайда тыныс алу жолдары бітелуі де мүмкін. Ол өмірге қауіпті. Уақытында емделсе, денсаулық толық қалпына келуі мүмкін.


Мүмкін болатын асқынулар

• Тыныс жолдарының обструкциясы (бітелуі)
• Аспирация (тыныс жолдарына әртүрлі бөтен заттардың түсуі)
• Медастинит (көкірек аймақындағы тіндердің қабынуы)
• Остеомиелит (сүйкетің ішіне өтіп кететін инфекция)
Бұл тізімде асқынудың барлық түрі жазылмады.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер өзіңіздің немесе балаңыздың дене қызуы тым жоғарласа және тамағыңыз қатты аырса, дәрігерге қаралыңыз.

Шұғыл түрде жедел жәрдем шақырыңыз, егер:

• Тыныс алу қиындаса,
• Тыныс алу кезінде ысқырықты дыбыстар (стридор) естілсе;
• Қабырға арасындағы бұлшықеттер тыныс алу кезінде кіріп кетеді (қабырғаралық ретракция)


Алдын алу

Уақыты фарингитті немесе басқа тыныс алу инфекцияларын диагностикалап, емдесе, жұтқыншақ артқы абсцессінің пайда болуының алдын алуға болады.


Тегтер:

жұтқыншақ арты абсцессі
жұтқыншақ
абсцесс
ірің
жұтынудың қиындауы
тыныс алудың қиындауы
сілекей ағу
жоғары температура
тамақтағы ауру сезімі