Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симтомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Асқазан-өңеш рефлюксі – асқазан мен өңешті бөліп тұратын асқорыту қысқышының (бұлшықеттік тығын) жұмысының бұзылысынан туындайтын жағдай. Бұл асқазанда түзілетін асқазан қышқыл сөлінің өңешке құйылуымен сипатталады.
47888
Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігі ауыз құысынан, өңештен, асқазаннан тұрады. Өңеш - бұлшық ет тіндерінен тұратын, жіңішке түтікше. Ол ауыз қуысы мен асқазанды жалғап тұрады. Өңеш арқылы тамақ асқазанға түседі. Қысқыш (сфинктер) – өңеш пен асқазанның байланысқан жері. Оның қызметі, ас рефлюксін мен асқазаннан өңешке бөлінетін сөлді ұстап тұру.
4788
Өңеш, асқазан, тоқ ішек пен аш ішек, бауыр, өт қабы және ұйқы безі қоректік заттардың энергиясын қорытып ағзаға сіңіреді, ал қоректік емес компоненттерді де қорытып, қалдығын ағзадан сыртқа шығарып жібереді.

Себептері
Асқазан-өңеш рефлюксі өз кезегінде барлық сау балаларда да, ересектерде де кездеседі, ол қыжылмен, тітіркендірумен, сондай-ақ, басқа да симптомдармен көрініс беріп жатады.
Асқазан-өңеш рефлюксінің басты себебі, шамадан тыс қарын тойғызудан және қысқыштың әлсіреуінен болады.
478
Асқазан-өңеш рефлюксінің жиі қайталануынан, өңештің төменгі бөлігінің қабынуы мүмкін. Мұндай күрделенген жағдайды гастро-эзофагельді рефлюксті ауру деп атайды (ГЭРБ).

Асқазан-өңеш рефлюксінің қауіпті факторлары мынадай жағдайлардан орын алады:
• Алкоголь қолданғаннан;
• Шылым шеккеннен;
• Семіргеннен;
• Өңеш тесігі диафрагмасының жырығы;
• Жүктілік;
• Склеродармия (терінің қатаюы)

Асқазан-өңеш рефлюксі жүктілік кезінде пайда болады немесе өршиді. Кейбір аурулардың дәрі-дәрмектерінің жанама әсерлері де бұл аурудың қозуына себепші болады:
• Антихолинергетиктер – теңіз ауруына қарсы қолданылатын дәрі;
• Бета-тежегіштері және кальций арнасынының тежегіштері – олар жүрек ауруы мен жоғары артериялық қысым кезінде қолданылады;
• Бронходилятаторлар (тамақты кеңейткіштер) демікпе кезінде қолданылады;
• Допамин-активті дәрілері – Париксон ауруына қарсы қолданылады;
• Прогестин – гинекологиялық ауру кезінде қолданылады;
• Тыныштандырғыш дәрілер – қатты мазасызданғанда немесе ұйықтай алмай жүрген кезде қолданылады;
• Үшциклді антидепресанттар – күйзеліс кезінде қолданылады.
Егер, қолданып жүрген дәріңіздің әсерінен қыжыл пайда болса, ол жайында дәрігеріңізбен ақылдасыңыз. Дәрігермен кеңеспей тұрып, ешқандай қабылдап жүрген дәріңізді тоқтатпаңыз.

Симптомдары
Асқазан-өңеш рефлюксі және ГЭРА-ның басты симптомдары мынадай болады:
• Қыжыл;
• Кекіру;
• Тамақты құсу;
• Кеуде қызып тұрғандай сезіинің болуы;
• Өңеште бірдеме тұрғандай сезімнің болуы;
• Жұтынудың қиындауы (дисфлагия)
• Тамақтан кейін жүрек айну.
Сирек кездесетін симптомдары:
• Кекіргенде тамақтың шығуы;
• Жұтынудың қиындауы;
• Ықылық;
• Жатқан кезде жөтеліп, дем қысылып, ысқырған дыбыстың шығуы;
• Тамақтың ауруы мен жыбырлауы;
• Дауыстың қарлығып шығуы немесе өзгеруі.

Диагностикасы
Егер ауру симптомдары салмақты болмаса, дәрігердің өзі –ақ диагностика жасай алады.
Диагноз қою барсында төмендегідей тексерудің қосымша түрлері қажет болуы мүмкін:
• Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) өңештің зақымданғанын тексеру үшін қолданылады. Бұл шара, ұшында бейнекамерасы бар жұмсақ түтікшені ішке ендіру арқылы жүзеге асады, ол өңеш арқылы ішке кіргізіледі де, асқазан мен аш ішекті көруге жағдай жасайды. Бұл диагностикалау әдісі жайында толық ақпарат алғыларыңыз келсе мына сілтемені басыңыз: https://www.zdrav.kz/endoskopiya
• Бариев қоспасын қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарын рентгеннен өткізу керек, ол арқылы тарылған өңештің суретін, әлсіреген қысқыштарды көруге болады.
• pH (қышқыл ортасының көрсеткіші) деңгейін байқау үшін мониторинг жүргізу, ол емнің қаншалықты жақсы әсер беріп жатқандығын бағалауға және нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұл шара бұрғыны мұрын арқылы өңешке енгізіп, ондағы pH-тың мөлшерін анықтау үшін өлшегіш қою арқылы жүзеге асады. Сау адамның pH –ның мөлшері сілтілі ортаға байланысты болады, ал ГЭРА кезінде орта асқазаннан бөлнген қышқылға толып қалады.
• Эзофагоманометрия (өңештегі қысымды өлшейді) сфинктердың қысылмалы мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Өңеш саңылауынан ұшында датчиктер бар катетерлер енгізіледі, олар өңештегі қысымды өлшейді. ГЭРА кезінде өңештегі қысым деңгейі қалыптыдан төмен болып көрінеді.

Емдеу
Қысқа уақыттық рефлюкстік ұстама аздаған емді қажет етеді. Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін ішер асқа дұрыстап көңіл бөлу керек. (майлы тағамдар мен ішімдектен бас тарту керек) өңештің шырышты қабығы тез қалпына келеді. Сіз аурудан тез айыққыңыз келсе, салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз жөн.
ГЭРА –ға қарсы жақсы әсер ететін дәрілер бар.
• Антацидтер – қышқыл-бейтараптандырғыш әсерді игереді және өңешті асқазаннан бөлінетін қышқыл сөлдің зақымдауынан оқшаулайтын қорғаныш қабаттар түзеді.
• Протонды помпа тежегіштері – олар асқазандағы қышқыл мөлшерін азайтады;
• Н2-тежегіштері (антагонистер) – олар асқазанда қышқылдың аз бөлінуіне әсер етеді;
• Прокинетиктер – олар сфинктердің жұмысын ыңғайластырады.
Антирефлюкстік операция – егер науқас салауатты өмір салтын ұстанып, қажетті дәрілерді қолданса да жазылмай қойған жағдайда жасалады. Қыжыл және басқа да симптомдар операциядан кейін кетеді, бірақ олардың дәрі ішкеннен толық кетуі екіталай. Операция жасау кезінде сфинктер асқазан қабырғаларынан жасанды түрде құралады.
Рефлюкске арналған тағы бір емдеу әдісі бар, ол эндоскоптың көмегімен жүзеге асады. Эндоскоптың көмегімен асқазан мен қысқыштардың шырышты қабықтарының зақымданған жеріне жақпа май түріндегі дәріні жағады.

Болжамы
Әдетте, қабынған өңешті қалпына келтіргеннен кейі, ішетін асқа мұқият қараса, тітіркендіргіш факторларды (майлы тағамдар, алкогль және т.б.) қолданбаса, өңешің шырышты қабығы қайта қалыптасады. Бірақ, кейбір адамдарға аурудан толық қанды айыққанға дейін дәрілерін тұрақты ішіп тұруға тура келеді.

Мүмкін болатын асқынулар
• Барретт өңеші (өңештің шырышты қабы өзгереді, одан қауіпті ісікке ұласу қаупі туындайды);
• Өңештің ойық жарасы (өңештің ішкі бөлігінде терең жара пайда болады, одан асқазанға қышқыл сөл бөлінеді)
• Стриктура (өңеш тарылып, одан мүйізгектер бөлінеді) ;
• Бронхтың бұзылуы (тамаққа асқазан бөлінген сөл тамып, оның әсерінен тітіркену мен тыныс алу жолдарының құрысуы пайда болуы);
• Созылмалы жөтел мен қарлығу;
• Демікпе;
• Тіс ауруы.

Дәрігер қашан қаралу керек
Егер сіз рефлюкске (қыжылға) қарсы дәріні ұзақ уақыт жеткілікті түрде қолданып болсаңыз,одан нәтиже болмай жүрсе және өңешке бірде бір эндоскопия жүргізбесеңіз (ол жағдайда қауіпті ісікке ұласу қаупі басым) дәрігерге хабарласыңыз!

Егер төмендегідей симптомдар орын алса дәрігерге тексеріліңіз:
• Жиі құссаңыз;
• Қан аралас құссаңыз;
• Деміңіз қысылса (жөтел, демікпе);
• Тамақ ішкеннен кейін асқазан толып кеткендей сезім пайда болса;
• Дауыс қарлығып кетсе;
• Жұтынғанда мәселе туындаса немесе ауырса;
• Салмақ жоғалса, тәбет болмай жүрсе;

Алдын алу
Ацетилсалицилді қышқыл (асперин), ибупрофен немесе напроксен секілді дәрілерден аулақ болыңыз. Немесе олармен қатар парацетамолды қабылдаңыз. Дәрі қабылдағанда суды молынан ішіңіз. Сізге дәрігер жаңа дәрілер тағайындағанда, одан қыжыл пайда болатын-болмайтынын дәрігерден сұрап, біліп алыңыз.
Дереккөз: АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институттарының дерекқорынан алынды: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/

Жөтел (ерлерде/әйелдерде)
Кеуденің ауруы (ерлерде/әйелдерде)
Қайталанбалы көп мөлшерлі құсық (ерлерде/әйелдерде)
Жұтынудың қиындауы (ерлерде/әйелдерде)
Асқазанның ауруы (ерлерде/әйелдерде)
Асқазанның қайталанбалы ауруы (ерлерде/әйелдерде)

Тегтер:
қыжыл
асқазан-өңеш рефлюксі
ГЭРА,
асқазан-өңеш рефлюксінің симптомдары
рефлюкс-эзофагит
асқазан-өңеш рефлюксінің емделуі
кеуде жасушаларының ауруы
жұтынудың қиындауы