Мазмұны
Ауыз қуысының қатерлі ісігі ерінге немесе тілге әсер етеді. Ол сондай-ақ: беттің шырышты қабықшасына, ауыз қуысының сыртқы жағына, қызыл иекке, таңдайға әсер етуі мүмкін.
Ауыз қуысының обырының көпшілігі жалпақ жасушалы ісікпен байланысты болып келеді. Мұндай қатерлі ісік өте тез таралады.
Ауыз қуысының қатерлі ісігінің көпшілігі темекі мен оның басқа да түрлеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ, ондай зинды заттардан қатерлі ісікке шалдығу қаупі артады.
Ауыз қуысы қатерлі ісігі үшін басқа қауіп факторлары:
• Созылмалы үйкеліс (мысалы, тістің қатал беттерінен, тіс протездерін немесе толтырғыштарынан болатын зақымдану)
• Адам папилломавирусы (АПВ) инфекциясы (гениталды сүйелдерді тудыратын соған ұқсас вирус)
• Иммундық жүйені (иммундық-профилактиканы) көтеруге арналған препараттарды қабылдау
• Ауыз және тіс гигиенасын сақтамау
Ауыз қуысы обырының кейбір түрлеріне тістің ақ қақтары (лейкоплакия) немесе ауыздың ойық жаралары жатады.Еркектердің арасында ауыз қуыының қатерлі ісігі әйелдерге қарағанда 2 есе көп кездеседі. 40 жастан асқан ер адамдарда айтарлықтай жиі кездесіп жатады.
Ауыз қуысының қатерлі ісігінің бастапқы сатысында түйнектің немесе жараның пайда болуы мүмкін, ол:
• Шеттері қатты тіндерге терең сызаттардың түсуіне ұқсап келеді.
• Ашық, қара немесе түссіз болып келеді.
• Тілге, ернеге немесе басқа жерлерге орналасып алады.
• Бастапқыда ауыртпайды, содан кейін ісіктің ауруы қозып, күйгендей сезім пайда болады
Аурудың басқа белгілері:
• Шайнауда қиындықтар туындайды
• Ауыз қуысындағы жаралар қанай бастайды
• жұтынған кезде ауырсыну сезімі туындайды
• сөйлеу қиындықтары орын алады
• Жұтқанда ауыр сезіледі
• мойнын жақтағы лимфа түйіндер ісінеді
• Тілде мәселелер туындайды
• салмақ түседі.
Дәрігер немесе стоматолог ауыз қуысын тексереді. Тексеру кезінде мыналар анықталуы мүмкін:
• Ерінде, тілде немесе ауыз қуысының басқа жерлеріне эрозия пайда болады.
• Жара немесе қан кетуі мүмкін
Ауыз қуысының диагнозын растауға болатын диагностикалық әдістерге мыналар жатады:
• Қызыл иек биопсиясы
• Тілдің биопсиясы
Рентгенологиялық және КТ,МРТ және ПЭТ құралдары рак ауруларының таралуын диагностикалау үшін жүргізілуі мүмкін.
Ісік кішкентай болса, оны алу үшін хирургиялық операция жасалуы мүмкін. Ірі ісіктер үшін хирургиялық емдеуге радиациялық терапия мен химиотерапияні қатар қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Қандай емдеу түрін таңдауға байланысты, қызмет көрсету терапиясы мыналарды қамтуы мүмкін:
• Сөйлеу терапиясы;
• Шайнауды, жұтуды жеңілдетуге бағытталған терапия;
• Салмақты сақтау үшін жеткілікті көлемде белок пен калорияны тұтыну бойынша оқыту. Дәрігерден сұйық тамақтарға тағамдық қоспалар қоу туралы сұраңыз, ол көмектесуі мүмкін.
• Ауыз қуысының құрғау симптомдарына көмек алу.
Ауыз қуысы обыры бар науқастардың жартысына жуығы диагноз қойылып, емдеу курсынан кейін 5 жылдан аса уақыт аман жүре алады. Егер қатерлі ісік бастапқы кезеңде анықталса, ол басқа тіндерге таралмас мұның қалпына келуінің пайызы шамамен 90% құрайды. Рак ауруын диагностикалау кезіндегі жағдайлардың жартысынан астамы басқа тіндерге талып кетіп жатады. Әдетте, ісік тамақ пен мойынның тіндеріне таралады.
Ауыз қуысының қатерлі ісігі мыналармен байланысты:
• Ауыз қуыының құрғауы және жұтылу проблемалары сияқты жағдайлар радиациялық терапияның әсерінен асқынады
Хирургиялық емнен кейін бет, бас және мойынның пропорцияларындағы өзгерістер туындауы мүмкін.
• Рак ауруы таралуы(метастаздануы)
Ауыз рагы мұқият тексеру мен тазалау арқылы тіс дәрігерінің көмегімен анықталады.
Бір ай ішінде ауыз қуысының жарасы кетпесе, бетте және мойын жақта бұдырлар тұрып алса, дәрігерге хабарласыңыз. Ауыз қуысының обыры ерте диагностикаланса және емделсе өмір сүруді ұзартуға айтарлықтай мүмкіндік туады.
Ауыз қуысының алдын алу шаралары:
• Темекі шегуден бас тартып және темекі өнімдерін мүлдем пайдаланбау керек.
• Стоматологиялық проблемаларды реттеу керек.
• Алкогольді шектеп немесе мүлдем қабылдамау керек.
• Тіс дәрігеріне және ауыз қуысының гигиенасына тұрақты түрде бару керек.