Ауыздан аққан қанда қалай тоқтатуға болады?

Шұғыл көмекті қажет етпейтін жағдайда, тері жарақатының басқа адамның қанымен араласып кетпеуі үшін мынадай сақтық шараларын қолдануға болады.

Қанды тоқтату үшін ең алдымен:

• Мүмкіндік болса, қолыңызды сабынмен жақсылап жуып алыңыз.
• Жарақаттанған жерді басу үшін, медициналық қолғаптарды киіңіз (бар болса). Егер қолыңызда медициналық қолғаптар болмаса, жарақатқа басу үшін таза материяны пластикалық пакетті, немесе қолыңызда бар кез келген таза матаны қолдануға болады.
• Зардап шеккен адамның мүмкіндігі болса, жарақаттанған жерін өзіне бастырыңыз және сол жерін көтеріп көріңіз.
• Жалаң қолдармен тек соңғы жағдайда ғана басуға болады
• Зардап шеккен адамды шалқасымен жатқызып, басын көтерінкі ұстаңыз
• Қан аузынан сауғаламайтындай немесе қанды жұтып алмайтындай жатқызыңыз. Қанды жұтынып алу жүрегін айнытып құстырып жіберуі мүмкін.
• атрық затты аузынан алып тастаңыз, мысалы, сағызды т.с.с . жарақатты қатты тазалауға тырыспаңыз
• Жарақат айналасындағы барлық әшекей бұйымдарды алып тастаңыз.
• Таза материямен немесе таза матамен жарақат үстінен басыңыз. Егер жарақат ішінде, бір зат болса, жарақаттағы заттың үстінен емес ,жанынан басу керек.
• Сағатқа қарап, алдағы 15 минут бойы жарақатты басып тұрыңыз. Ұзақ уақыт өткендей болуы мүмкін, дегенмен жарақаттан қан тоқтағанын көру үшін ерте ашып жіберуден сақтаныңыз. Егер қан матаға әбден сіңіп кеткен болса, матаны алмай тұрып үстінен екінші матаны қойыңыз.

Ертіннің ішкі жағының қанауы. Қанаған тісті және жақты басып тұрыңыз, яки, қабатталған дәкенің кесіндісін немесе таза матаны ерін мен езуге байлап қойыңыз. еріннің қаны толық тоқтағанша, ашып қарай бермеңіз. Ауызды қатты кермеуге, қатты ауызды ашып күлмеуге тырысыңыз, әйтпесе қан қайта ағуы мүмкін.

Тілдің қанауы. Қанаған жерді дәкемен немесе дәкенің кесіндісімен қысып байлап койыңыз.

Ұрттың ішкі жағының қанауы. Жарақат пен тістің арасына, оралған дәкенің кесіндісін немесе таза матаны байлап қойыңыз.

Тісті жұлдырғаннан кейін дәрігеріңіздің берген нусқауларын толық орындаңыз. Егер сізге нусқау берілмесе, дәкені немесе таза матаның кесіндісін тістеп тұрып, қанның тоқтағанын күтіңіз. Егер бұл амалмен қан тоқтамаса, дымқыл шәй қалташасын (чайный пакетик) 10-15 минут бойы тістеп тұрыңыз. Толық жазылғанша, темекі шекпеңіз, түкіріне бермеңіз, аузыңызға кәмпит сияқты қатты нәрселерді салмаңы, әйтпесе тіс қайта қанауы мүмкін.
• Егер 15 минут бойы қанаған жеріңізден қан тоқтамаса, тоқтатпай басып тұрыңыз немесе қансыраған жерді жоғары көтеріп қойыңыз. Одан кейінгі әрекет «Жедел жәрдем» және «Симптомдарын біліңіз» бөлімдерінде анықтап жазылған.
• Егер 15 минут өткеннен кейін, тағыда қан көрінсе, қан қысымы төмендесе және де 15 минут бойы жарақатты басып тұрыңыз. Үздіксіз 3 мәрте 15 минуттан (45 минут) жарақатты қан тоқтату үшін басып көріңіз. Егер қан әлі де тоқтамаса, (қан болар-болмас көрініп, тамшылап тұрып алса) 45 минут тоқтаусыз бассаңызда аға берса, онда «Симптомдарын біліңіз» бөліндегі әрекеттерді орындаңыз.
• Кесіліп қалған теріні қайта орнына дұрыстап қойыңыз. Мүмкіндігіне қарай, тері кесіндісін таза дәке мен матаңы орнына қолданыңыз.
• Зардап шеккен адам дәке мен матаны жұтып қоймасын.
• Таңбаны ауызға көлденеңнен жапсырып қоймаңыз.
• Бірнеше күн бойы жаттығу жасамаңыз. Жаттығулар қанның қысымын көтеріп, ауыздан қайтадан қан ағуына себеп болады.

Теггер:
ауыздан қан ағу
жарақат
қанаған кезде көмектесу