Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Инфекциялық токсикалық шок - күрделі ауру болып есептеледі. Бұл жағдайда адамда, қалтырау пайда болады, ішкі органдардың қызметі бұзылады.

Инфекциялық токсикалық шок – улы стафилококк (іріңді туғызатын бактерияның түрі) бактериясынан туындайды. Токсикалық шок деп аталатын, осыған ұқсас синдром– стрептококк бактериясынан туындауы мүмкін. Барлық стафилококктік немесе стрептококктік жұқпалар инфекциялық-токсикалық шокты тудыра бермейді.
Ең алғашқы инфекциялық токсикалық шок орын алған жағдай әйелдерден басталды, олар етеккір кезінде тампон қолданып, ауру содан туындаған болтын. Қазіргі таңда да бұл аурудың жартысына жуығы осындай жағдайлардан туындап жатады.

Инфекциялық токсикалық шок терінің инфицирленуі кезінде, күйгенде, немесе отадан кейін мазалауы мүмкін. Жалпы ауру балаларды да, ерлерді де, етеккір кезінде әйелдерді де мазалайды.

Қауіпті факторлары:
• Босанғаннан кейін аз уақыт өткенде;
• Алтын стафилококк бактериясынан туындаған инфекциядан (оны әдетте, стафилококктік инфекция деп атайды).
• Тығындар (мысалы, мұрыннан қан кеткенде тоқтататын тығындар);
• Етеккір кезінде;
• Отадан кейін;
• Тампон қолданғаннан кейін (әсіресе, ұзақ уақыт қолданғаннан);
• Отадан кейін жараның инфицирленуінен.

Симптомдары
• Естен тану;
• Диарея;
• Жалпы икемсіздік;
• Бас ауруы;
• Жоғары қалтырау, дене қызуы қатты көтеріледі;
• Артериялық қыссымның төмендеуі;
• Бұлшық еттердің ауруы;
• Жүрек айну мен құсу;
• Органдық жетіспеушілік (бауыр мен бүйрек);
• Көздің, ауыздың, тамақтың қызаруы;
• Тырысу;
• Күннен күйген сияқты болып көрінетін қызыл бөртпелер;

• Терінің түлеуі, әсіресе бөртпелер пайда болғаннан кейін 1-2 апта өткенде басталады, сондай-ақ алақан мен аяқтың төменгі жағының терілерлі түлей басстайды.

Диагностикасы
Бірде-бір тексеру әдісі инфекциялық токсикалық шокты анықтай алмайды.
Бірнеше критерилермен диагноз тоқтайды: қалтырау, артериялық қысымның төмендеуі, бөтпе, бөртпе шыққаннан кейін 1-2 апта өткенде терінің түлеуі, сондай-ақ, үш мүшенің қызметінде мәселе туындағандықтан.
Кейбір жағдайда қан тамшысын тексері арқылы алтын стафилококк бактериясының өсуін анықтауға болады.

Емдеу
Кез-келген тампон, жатыр губкалары немесе мұрын тампондары секілді материалдар алынуы керек. Инфекцияның негізгі көзі (хирургиялық жара) тазартылуы керек.
Емдеу орган қызметіне төмендегідей жолдармен демеу беру арқылы жүзеге асады:
• Кез-келген инфекцияға арналған антибиотиктер ( ішке енгізілетін);
• Диализ (бүйрек жетіспеушілігінің дамуы кезінде қолданылатын);
• Сұйықтықты ішке енгізу;
• Артериялық қысымды бақылау үшін берілетін дәрілер;
• Ауыр жағдайда гамма-глобулинді ішке енгізу;
• Жағдайды мониторингтен өткізу үшін интенсивті терапия бөлімінде болу.

Болжамы
Инфекциялық токсикалық шок 50% жағдайы өлімге әкеледі. Ауру емделгеннен кейін де қайта мазалауы мүмкін.
Асқынған жағдайда:
• Ауыр органдық потология орын алады;
• Бүрек жетіспеушілігі орын алады;
• Жүрек жетіспеушілігі орын алады;
• Бауыр жетіспеушілігі орын алады;
• Шок, есеңгіреу;
• Өлім

Дәрігерге қашан қаралу керек
Инфекциялық токсикалық шок туындағанда дереу медициналық көмекті қажет етеді. Егер сізде бөртпелер пайда болса, қалтырасаңыз, өзіңізді икемсіз сезінсеңіз, әсіресе етеккір кезінде тапон қолданғанда, немесе сіз жақын арада операция жасатқан болсаңыз дәрігерге уақыт күттірмей хабарласыңыз.

Алдын алу
Етеккірлік инфекциялық-токсикалық шоктың алдын алу үшін қатты тығындалып тұратын тампоннан бас тарту керек. Сіз бұл аурудың қаупінің алдын алу үшін етеккір кезінде тампонды тек бір-ақ рет (тұрақты түрде емес) қолданғаныңыз абзал.

Синонимдері:
Инфекциялық токсикалық шоктың синдромы

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000653.htm
Тегтер:
ИТШ
инфекциялық-токсикалық шок
шок
интокцикация
әлсіреу
инфекция
қауіпті жағдай