Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Инсулинома – бұл ұйқы безінің ісінуі. Ұйқы безі ісінгенде гормоннан инсулин шамадан тыс көп бөлінеді.
Инсулин ұйқы безінің гормоны, қан құрамында глюкоз бөлінгенде, ұйқы безінен инсулин бөлінеді.
Себептері
Ұйқы безі іш-құрлыс ағзаларына жатады, ол көптеген ферменттер мен гормондарды бөледі, сондай-ақ инсулинді бөледі. Инсулиннің қызметі қандағы қант мөлшерін (глюкозды) төмендету және оны ағза жасушаларына тасымалдануына ықпал ету.
Қандағы қант мөлшері төменгі көрсеткішке дейін түскен кезде, қант мөлшері қалыпты болмайынша, ұйқы безі инсулин бөлуін тоқтата тұрады. Ұйқы безінің ісініп, инсулинді шамадан тыс мөлшерде бөлуі – инсулиномия деп аталады. Ісіктің салдарынан қандағы қант мөлшері мүлдем төменгі көрсеткішке түсіп кетсе де инсулиннің бөлінуі тоқтамай кетеді.
Инссулиннің жоғарғы көрсеткіші қандағы қант құрамының төмендеуіне әкеледі (гипогликемия). Гипоглимекия жеңіл дамуы мүмкін, ол кезде мынадай симптомдар дамиды: өзін аш сезіну және мазасыздық. Немесе ауру ағымы ауыр болуы да мүмкін, мұндай жағдайда адам гипогликемиядан тырысуы мүмкін, немесе өлім кетуі де ықтимал.
Инулинома – сирек кездесетін ісік түрі. Ересектерде ол әдетте бірен-саран кездеседі және кішкентай тиінді ісік түрінде көрініс береді.
Бұл ауру балаларда да өте сирек кездеседі. Әдетте, балаларда қандағы инсулиннің жоғарғы көрсеткіші ұйқы безінде бірге тағы да бір ісіктің пайда болуынан (жасушалардың жабысып қалуынан) инсулиннің көп мөлшерде бөлінуінен ауру туындатады.
Инсулиннің 90% - ы қауіп тудырмайтын ісік болып табылады. Генетикалық синдромы бар адамдар көп эндокринді неоплазиялар деп аталады. Ондай адамдар инсулиномяғы және басқа да эндокриндік ауруларға шалдыққыш келеді.
Симптомдары
• Үрейлену;
• Мінез-құлығы өзгеру
• Көзі бұлдырау
• Кома
• Естен тану
• Тырысу
• Бас айналу
• Бас ауру
• Өзін аш сезіну
• Есін жоғалту
• Жүрек соғу ритмінің сиректенуі
• Тершеңдік
• Дірілдеу
• Дене салмағының артуы
Диагностикасы
Аш қарын кезінде қан алып, мыналарды тексеруі мүмкін:
• Қандағы С-пептпд мөлшері;
• Қандағы глюкоз мөлшері;
• Қандағы инсулин мөлшері
• Ұйқы безінен инсулин бөлуге қатысатын құралдардың құрамы.
Ұйқы безіндегі ісікті анықтау үшін компютерлі томаграфия (КТ), магнитно-резонансты томаграфия (МРТ) іш-құрлыс немесе позиторлы-эмиссионды томаграфия (ПЭТ) өткізілуі мүмкін. Бұлардан жағымсыз нәтиже көрсеткен жағдайда, төмендегідей тексеру әдітері орындалады:
• Ұйқы безі эндосонографиясы;
• Октреотидті сцинтиграфия;
• Ұйқы безі ангиографиясы;
• Инсулинді ішкі күре тамырға сынама енгізе отырып тексеру.
Емдеу
Шұғыл араласулар инсулин емінің ең басты емі болып табылады. Ісік әртүрлі әдістің көмегімен анықталады, мысалы диагностикалау немесе хирургиялық араласулар болуы мүмкін. Дәрілік препараттар отаға дейін науқастың халін қалыпқа түсіру үшін қолданылады.
Егер ісік түйіндері бірен-саран болса ол жойылады. Егер ісік түйіндері көп болса, онда ұйқы безінің бір бөлігі түгелдей кесіп алып тастауға тура келеді (ішінара панкреатэктомия) . Ас қорытуға қажетті ферменттерді бөліп тұру үшін, ұйқы безінің кем дегенде 15% қалдырылады. Мұның өзі инсулиннің түгелдей жойылып кетпеуіне себепші болады.
Кей жағдайда инсулинома көп болса немесе ауру қайта қайталаса ұйқы безінің барлық бөлігі алынып тасталады. Бірақ мұның салдарынан сосын, инсулин шамадан тыс көп бөлініп, қант диабеті дамып кетуі мүмкін. Сондықтан науқас иньекция арқылы инсулинді қабылдап жүргені дұрыс.
Егер сізге ота да көмек бермесе, ісік қайтпаса, шұғыл емдер де сізге оң әсерін танытпаса, инсулиннің бөлінуін және гипогликемияны тежеу үшін диазоксид препараты тағайындалады. Бұл дәрімен қатар ағзадағы сұйықтықты ұстап тұру үшін диуреткалар (ағзадағы артық сұйықтықты шығарып тастайтын дәрі) тағайындалады. Кейбір науқастарға инсулиннің шамадан тыс жайылып кетуіне кедергі келтіретін октреотид дәрісі тағайындалады.
Болжамы
Негізі көп жағдай бұл ісік аса қатты қауіп төндіре бермейді және отадан кейін науқастардың көпшілігі сауығып кетеді. Бірақ, кейбір гипогликемия немесе басқа ағзаларға таралып кеткен, өмірге қауіп төндіретін ісіктер осы аурумен бірге ауыртпалығын түсіреді.
Мүмкін болатын асқынулар
• Ауыр гипогликемия;
• Басқа ағзаларға таралып кеткен ісіктер (метастаздану) ;
• Ұйқы безінің түгелдей жойылуынан қант диабетінің дамуы. (кей жағдайда)
Дәрігерге қашан қаралу керек
Сізде қандай да бір инсулиноманың симптомдар кездесе қалса дәрігерге қаралыңыз. Тырысу мен естен тану шұғыл жағдай болып есептеледі, ол кезде дереу 103 нөміріндегі жедел жәрдем қызметіне хабарласыңыз.
Синонимдері
Инсулома; аралшық жасушалар Аденомасы
Тегтер:
инсулинома
ұйқы безі
онкология
ұйқы безі ісігі
онкологиялық ем