Мазмұны
Диафрагмалық жарық – туа біткен ақау болып табылады. Диафрагма – тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерде аномальді саңлаудың болуымен сипатталады. Ашық саңлау құрсақ қуысы мүшелерінің (асқазан, көкбауыр, бауыр және ішек) кеуде қуысындағы өкпеге қарай өтіп кету қаупін тудырады.
Диафрагмадағы аномальді саңлау арқылы құрсақ қуысы мүшелері кеуде қуысына ауытқиды, бұл жағдай бала туылғанға дейін орын алады.
Диафрагмалық жарық - құрсақішілік даму кезінде анатомиялық тіндер мен құрылымдардың дұрыс бітіспей дамуынан пайда болады. Нәтижесінде құрсақ қуысының мүшелері, мысалы, асқазан, аш ішек, көкбауыр, бауыр бөлігі, бүйректер кеуде қуысына көтеріліп кетеді. Зақымдалған жақтағы өкпе тіні толық дамымай қалады.
Туа біткен диафрагмальды жарық жаңа туған нәрестелердің 2200 немесе 5000-нан бірінде ғана кездеседі.
Көбінесе денесінің сол жағы зақымдалады. Нәрестенің ата-анасында немесе бірге туған бауырында осындай ауру кезбессе, демек, ол балада бұл аурудын пайда болу қаупі жоғары.
Диафрагманың қате қозғалуынан және өкпе тінінің қысылуынан нәрестеде туылғаннан кейін өкпе коллапсы (өкпе бөлігіне ауытқу) дамиды, содан тыныс алу жеткіліксіздігі туындайды.
Басқа да симптомдары:
• Оттегі жетіспегендіктен тері көгереді;
• Тыныс алуының жиілейді (тахипноэ);
• Жүрек соғысының жиілейді (тахикардия).
Жүкті әйелде амнион сұйықтығы шамадан тыс бөлінуі мүмкін.
Ішегі нәрестені ультрадыбысты зерттеу кезінде құрсақ қуысындағы мүшелердің кеуде қуысына ауытқығандығы көрінуі мүмкін.
Нәрестелерді тексергенде мына жайттар анықталуы мүмкін:
• Кеуде жасушаларының қате қозғалуы;
• Зақымдалған жақтан демнің өтпеуі;
• Ішектің толқи жиырылуы кеуде жақтан естіледі
• Құрсақ қуысын қолмен сипалап тексергенде оның көлемінің кішірейгендігі байқалады.
Кеуде жасушалары рентгенограммасында құрсақ қуысының мүшелері кеудеде орналасқандығы анықталуы мүмкін.
Диафрагмалық жарық хирургиялық араласуларды қажет ететін, шұғыл жағдай болып табылады.
Құрсақ қуысы мүшелеріннің орналасуы реттеп, диафрагмадағы саңлауды тіккеннен кейін операция аяқталады.
Туа біткен диафрагмалық жарықтың коррекциясы жайлы мына сілтемеден қарасаңыз болады.
Жаңа туған нәрестеге операциядан шыққан кейін, қалпына келгенше, жасанды тыныс алу құрылғысы қажет болу мүмкін. Кейбір нәрестелер «жасанды жүрек-өкпе»жансақтау құрылғысына қосылады, оның күшімен операциядан кейін баланың жағдайының тез қалпына келуі мүмкін.
Егер диафрагмальды жарық әйелдің жүкті кезінде анықталса (24-28 апталар арасында), онда фетальды операциялық ем жайында ойлауға көруге болады.
Операция нәтижесі нәрестенің өкпесінің даму деңгейіне және басқа да ақаулардың бар-жоқтығына байланысты. Әдетте, балалның өкпе тіндері жеткілікті көлемде дамыса, күтілетін нәтижесі қуантарлық болмақ.
Қазіргі таңда неонатальды және хирургиялық көмек нәтижесінде, бұл жағдайдан кейінгі балалардың өміршеңдігі 80% жоғарғы көрсеткішке көтерілді.
• Өкпе инфекциясы пайда болады;
• Басқа да туа біткен ақаулар болып кетуі мүмкін.
Диафрагмалық жарық шұғыл түрдегі хирургиялық емді қажет ететін көрсеткіш болып табылады. Сондықтан, көп ойланбай, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз немесе 103 нөміріне хабарласыңыз.
Ешқандай жолмен алдын ала алмайсыз.
Синонимдері:
Жарық – диафрагмалық; Диафрагманың туа біткен ақауы
Тегтер:
асқазан
көкбауыр
бауыр
ішек
аномальді саңлау
терінің көгеруі
тыныс алудың жиілеуі
жүрек соғыының жиілеуі
аминион сұйықтығы
өкпенің ауытқуы