Мазмұны

АИТВ / ЖИТС жайындағы жалпы мәлімет

Белгілері

Қауіптің факторлары мен себептері

Диагностикасы

Емделуі

Асқынуы

Алдын алу шаралары

АИТВ / ЖИТС жайындағы жалпы мәлімет

АИТВ деген не?
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) адамның иммун жүйесіне шабуылдайды. Негізі қалыпты иммун жүйесі адамды түрлі аурулардан қорғап тұрады.

2

Суретте: Адамның иммун жүйесі

АИТВ иммун жүйесін бұзады, осыған орай АИТВ-ны жұқтырған науқас бактериалық және вирустық инфекциялармен зақымданады. Бұл ауруға шалдыққаннан кейін, адам организмінің онымен күресуге шамасы жетпейді, сондықтан жазылу процесі әлсірейді. АИТВ - жұқтырылған иммун тапшылығының синдромының (ЖИТС) бастапқы сатысы болып тадылады.

ЖИТС деген не?
ЖИТС – АИТВ инфекциясының асқынуының салдарынан туындайды. АИТВ асқынып, соңғы сатысына жеткенде, ЖИТС-ке айналады. ЖИТС-пен ауыратын адамдардың организмі, АИТВ-мен ауыратын адамдардың организмімен салыстырғанда тіптен әлсіз болады, ауруға қарсы тұра амайды. Олар көбінесе осы инфекциядан немесе рактан қайтыс болады.

АИТВ синдромы деген не?
АИТВ синдромы – АИТВ инфекциясының бастапқы сатысы, АИТВ-ны алғаш жұқтырған кездегі сәт.

АИТВ-ны жұқтырғаннан кейін не болады?
АИТВ-мен зақымданғаннан кейін, вирусты организмнен жою үшін адамның иммун жүйесі оған қарсы шабуылдай бастайды. Вирус көшірмелерін көбейтпей тұрғанда, организм инфекциямен күреседі. Тіпті адам АИТВ-ын жұқтырып алса да өзін бұрынғыдай жақсы сезіне береді. Қан талдамасынан да ешқандай өзгеріс байқалмауы мүмкін.
Дегенмен, осы уақыттарда вирус ақырындап лимфатикалық түйіндерге шабуылдай бастайды. Лимфатикалық түйіндер организмдегі иммун жүйесінің орталық өзегі болып табылады. Осылайша вирус ми жасушаларына шабуылдап, олардың ақырындап бұзылуына себеп болады.
10-15 жылдың ішінде АИТВ көптеген иммун торларын жояды, соның салдарынан организм инфекциямен күресе алмай қалады. Вирус CD4(см. түсініктемесі төменде) деп аталатын иммун торларын зақымдайды. Егер CD4 иммун торларының саны 200мл-нан төмендеп кетсе, АИТВ ЖИТС-ке ауысады (негізі CD4 иммун торларының саны 600-1000-ға жуық болуы керек). ЖИТС-ке шалдыққан науқас, қауіпті инфекцияларға тап болады.

Белгілері

АИТВ инфекциясының бастапқы белгілері қалай болады?

АИТВ-ны жұқтырғанда бастапқыда ешқандай белгілері байқалмайды. Кейбіреулерде АИТВ тұмау тәрізді симптомдары сияқты көрінеді. Сол күйінде бірнеше аптаға дейін сақталып тұрады. Онымен мына белгілер байланысты болып келеді.
• Қалтырау;
• Бас ауруы;
• Шаршаңқырай беру;
• Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі;
• Тамақ ауру
• Бөртпе пайда болады.
Егер адам бастапқыда АИТВ-мен залалданған болса, ол өз жағдайын білмейді де. Оған АИТВ жұқтырған адам да көрер көзге қалыпты көрініп, өзін жап-жақты сезініп жүре береді. АИТВ-ның симптомдары - мононуклеоз, тонзиллит, тұмау секілді аурулардың белгілеріне ұқсап келеді.

АИТВ инфекциясының дамыған фазасы қандай болады?
Ауру асқынғанда симптомдар да күшейеді және асқынады. Бұл белгілі бір уақытта білінуі мүмкін. Кейбіреулерде АИТВ-ның симптомдары тек 10 жылдан кейін біліне бастайды. Мұндай АИТВ-ның симптомдары мынадай болады:
• Лимфатикалық түйіндер үлкейеді;
• Іш өтеді;
• Безгек пайда болады;
• Жөтел пайда болады;
• Демікпе пайда болады;
• Өзінен өзі салмақ жоғалтады
.
АИТВ-мен ауырған ер және әйелдерді емдеудеайырмашылық бар ма?
АИТВ ерде де, әйелде де бірдей болады. Инфекция жұқтырған адам ұзақ уақыт бойы қалыпты көрінісін бұзбай, өзін жақсы сезініп жүре береді. Узақ уақыт бойы екеуінің де иммундары ақырындап әлсірейді, содан организмдері басқа инфекциялармен күресу қабілетінен айырылады.
Ер мен әйелдің залалданған АИТВ-ның айырмашылығы тек мынадай болады: әйелдерде иммун жүйесі әлсірегенде қосымша тағы бір аурулары пайда болады, ондай ауруларының бірі – қынаптық зеңді инфекциясы. Бұл өте қауіпті инфекцияға жатады. Бұл аурумен аурғанда төменгі ағзалар зақымданады (ағзадағы репродуктивті жүйенің инфекциямен зақымдануы) емделуі ауыр болады. Жатыр мойны ауруы тез асқынады, ракалды секілді (дисплазия) және рак (қауіпті ісік). Егер әйелде осындай АИТВ болса, оларды өкінішке қарай емдеу қиын.

Қауіптің себептері мен факторлары

АИТВ қалай жұғады?
АИТВ адамнан адамға тек биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. Олар: қан, сперма, жатыр сұйықтығы сияқтылар. Залалданған анадан туған балалар жүктілік кезінде инфекциялануы мүмкін. АИТВ көбінесе мынадай жолдармен таралады:
 Инфекцияланған адаммен анал тесігі, жатыр және ауыз арқылы жыныстық қатынасқа түскенде;
 Инфекцияланған адаммен ине немесе шприцтерді ортақ қолданғаннан;
АИТВ-мен залалданған әйелдердің жартысынан көбі жыныстық қатынас жасасқан серігінен жұқтырған. Әйелдер еркекпен қатынас жасағанда жұқтырғанындай, басқа әйелмен қатынас жасаса да осылай жұқтырады. Инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасасқанда мүшеқапты дұрыс қолданбаса, әйелдерде АИТВ жұқтыру қаупі басым болады.

Кімдер АИТВ жұқтыру қаупіндегі топқа жатады?
Әуелбаста ЖИТС, АИТВ эпидемиялары белгілі топта, белгілі бір халық арасында тұйықталған, оған тап болатындар есірткі инесін қолданатындар, гомосексуалдар және гемофилиямен ауыратын науқастар (қан құрамы бұзылған, емдеу үшін тек қан құюды талап ете беретін ауру түрі) болатын. Гемофилиямен ауыратындар донорлық қан құю барысында АИТВ-мен залалданып қалған. Қазіргі уақытта донор қандары АИТВ-на қарсы тексеруден өткізіледі, егер қан АИТВ-мен залалданған болса, ол қан жойылады.
Қазір АИТВ инфекциясы кең таралып кетті. АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі - мына топтарда жиі кездесіп жатыр:
• Гомосексуалистер
• Бірнеше адаммен жыныстық қатынас жасайтын әйелдер
• Жезөкшелермен қатынас жасайтын еркектер
• Есірткі қолданғанда инені ортақ қолданатын нашақорлар
• Есірткі немесе ақша үшін жыныстық қатынасқа баратын адамдар
• Жыныс мүшелері арқылы ауру тарататындар
• Жоғарыда айтылған қауіпті топтағы адамдармен қатынас жасайтын жандар

Балалар АИТВ-ны өз анасынан қалай жұқтырады?
Жас балалар АИТВ-ны анасының аяғы ауыр кезінде, босану кезінде және омыраумен емізу кезінде жұқтырады.
Қазіргі уақытта балаларда АИТВ көбінесе мынадай жолдармен де келіп жатыр: жүкті әйелге және жаңа туылған сәбиге дәрілік препараттарды тағайындағаннан. Егер жүкті әйел өзінің инфекция жұқтырғанын білмесе, мұндай әдістердің пайдасынан гөрі зияны басым тиеді. Көптеген АИТВ мен ауыратындар бастапқы сатысында өзін ауру сезінбейді.
Инфекциямен зақымданған науқасты анықтайтын ең тиімді әдіс – АИТВ-ға тест тапсыру керек .
Егер сіз жүкті болып қалсаңыз, дәрігерден өзіңізге пренатальді скрининг дәрежесіндегі АИТВ-ға талдама жасауын өтініңіз. Егер сіз бала көтеруді жоспарласаңыз, алдымен өзіңіз, және жолдасыңыз АИТВ-ға қатысты тексеруден өтіңіз.

Қандай қатынас қауіпсіз болып саналады?
АИТВ бөгде адамның организіміне тереңдеп еніп кете алмайды, сондықтан күнделікті қарым-қатынаста ол бірден жұға қоймайды. АИТВ жәй жанасып өткенде, қол ұстасқанда, құшақтасқанда, қоғамдық бассейнде шомылғанда, қан тапсырғанда, ыстық ванна қабылдағанда, қоғамдық дәретхананы пайдаланғанда, телефон арқылы сөйлескенде, есік тұтқасын ұстасқанда бірден жұқпайды. Сондай-ақ АИТВ тамақ арқылы да, масаның немесе басқа да жәндіктің шаққанынан жұқпайды.

Диагностикасы

Мен өзіме АИТВ-ын жұқтырып алдым деп қауіптенсем не істеуім керек?
Егер сіз АИТВ-ны өзіңізге «жұқтырып алдым ба?» деп күмәндансаңыз, дереу дәрігерге барып тексеріліңіз. Ерте қойылған диагностика, ерте қабылдаған дәрі-дәрмектер аурудың өршіп кетуін бәсеңдете тұрады. Егер сіз шынымен де АИТВ-ны жұқтырған болсаңыз, дәрігер сізге өзіңізді қалай күту керектігі жайында кеңестер береді.
Қаншама АИТВ жұқтырған адамдар сау көрініп жүр, өзін тексеру мақсатында кез-келген вируспен зақымданған жандар міндетті түрде АИТВ-ға қан талдамасын өткізуі керек. Қан талдамасынан АИТВ кездескен адам – АИТВ-пазитивті деп аталады. Дәрігеріңізден АИТВ жасырын емдеу жолына қалай өту керек екенін сұрап, нақтылап түсініп алыңыз. Дәрігер сізге тексерудің нәтижелерін түсіндіріп береді.

Міндетті түрде АИТВ-ны тексертуге баруым керек пе?
Дәрігерлер төсек қатынасында белсенді 18-65 жас аралыңындағылардың барлығының тексеруден өткенін дұрыс деп санайды. Егер 18-ден төмен, 65-тен жоғары жастағылар жұқтыру қаупі жоғары топта тіркелген болса, олар да тексеруден өткені дұрыс. Жүкті әйелдердің де тексеруден өткені ләзім. Көбінесе тексеру барысында, АИТВ-на қарсы антиденелер, инфекция жұққаннан кейін 2-3 ай өткенде бір-ақ белгі береді. Себебі, бұл уақыт антидененің пайда болу уақыты болып саналады.

Дәрігер қандай негіздерге сүйене отырып менде АИТВ бар деп есептейді?
АИТВ организмге еніп кеткеннен кейін, олар қанның «CD4 лимфоцит» деген ақ жасушаларына енеді. АИТВ CD4 жасушаларынан күн сайын миллиондаған өзінің көшірмелерін өндіреді. Зақымданған жаңа жасушалар бүкіл организмге таралады.

Мына жолдар арқылы организм өзін қорғауға тырысады:
1. Организм антиденелерді бөліп шырады (организм антиденелері вирустарға жабысады да, инфекцияның жеке көшірмелерінің өндірілуін бөгейді)
2. Арнайы жасуша түзеді: Т-жендет жасушасы мен макрофаг деп аталатын жасушалар. Бұл жасушалар кейбір жаңа вируыстардан құтылу үшін организмге көмектеседі. Егер сіздің қаныңызде АИТВ-ға қарсы антиденелер пайда болса, біліңіз, сіздің организіміңіз сізді инфекциямен күресіп жатыр деген сөз. Бірақ, қажетті антиденелердің жиналып, қанды қорғау мүмкіншілігі, бірнеше айдың ішінде ғана болатын жағдай.

Мұндай, АИТВ-мен инфекцияланған организмде қанды басып кететін антиденелердің саны аз болса, соның салдарынан талдама нәтижесі анықталмай қалуы мүмкін.

Ауру симптомдарының білінуі кезінде қанда РНҚ АИТВ жоғары көрсеткіш көрсетіп тұрады. (РНҚ – «рибуноклеиінді қышқыл» деген сөздің қысқартылуы) РНҚ вирус активациясы кезінде егіледі. Ол «вирус жүктемесіне» тест өткізуге жол ашады. Ал бұл тест арқылы дәрігер сізде АИТВ инфекциясы бар ма, жоқ па біліп береді.
Дәрігер алдымен сізде АИТВ-инфекциясының бар-жоғын анықтайды. Сіздің қаныңыз ИФА(иммунферментті анализ) әдісі бойынша тексеріледі. Егер осы талдаманың қортындысында инфекция бар болса, қаныңызды белогтық иммунблотиг әдісі бойынша қайта тексереді. Екі тесттің нәтижесінде де сізде АИТВ-инфекциясы көрініс беретін болса, дәрігер сізде АИТВ-инфекциясы бар деген диагноз қояды.

Адамдағы АТИВ ЖИТС-на ұласып кетсе де оған 3 өлшем (критери) қояды. Үш өлшемнің болсын ЖИТС жайында белгі береді.
• CD4 жасышаларының саны 200-ден төмен болса;
• CD4 жасышалары пайызы 14%-дан төмен болса;
• ЖИТС-байсланысты ауру кезінде .

ЖИТС-байланысты ауру – бұл ауру, АИТВ-ын жұқтырған адамға қойылатын диагноз. 25-ке жуық аурулар ЖИТС-байланысты аурулар болып есептеледі. Оларға: пневмоцисті пневмоня (өкпе қабыну), саркома (ағза жасушаларынада өсетін қатерлі ісік) Саркома Капоши және сарқылу синдромы жатады. Егер АИТВ бар адамға ЖИТС-байланысты ауруы негізделетін болса, оған ЖИТС індеті деп диагноз қояды.
Маған АИТВ-ның бастапқы кезеңінде диагноз қойылғаны маңызды ма?
Иә. Қазіргі уақытта АИТВ емдейтін тәсіл жоқ. Организмнің антиденелер мен CD4 жасушаларының бөлінуі АИТВ өршіп керуін тек бәсеңдетіп тұрады, бірақ олардың шамасы вирусан толықтай құтылып кетуге жетпейді. Іс жүзінде өз-өзінен АИТВ-инфекциясына шабуылдағаннан сіздің иммун жүйеңізге аз уақыттық зиян келтіру мүмкін.
Дегенмен, АИТВ-ны дәрі-дәрмек арқылы емдеу (дәрі-дәрмектердің бұл комбинациясы – антиретровирустық деп аталады) вирустың даму қарқындылығын бәсеңдетуге, иммунды жиенің ары қарай жұмысын ұзақ уақыт бойы жалғастырына септігін тигізеді. Міне сол үшін дәрігерлер АИТВ жұқтырған адамдарға ерте кезден емделу керетігін айтып жатыр.

АИТВ-на диагностика жасату үшнін мітдетті түрде дәрігерге баруым керек пе?
Дәрігер сіздің денсаулығыңыз және осындай құпиялы жағдайыңыз үшін кәдмгідей алаңдайды. Егер сіз АИТВ-ға қарсы тексерілгеңіз келсе, онда дәрігерге көрінуіңіз керек. Ол сізге тексерілуді бастау керектігін, немесе тексерілуге дейін қаншалықты күту керек екенін айтып береді.
Есіңізде сақтаңыз, бір-ақ рет тексеру қорытындысынан сізде АИТВ-инфекциясы жоқ деп шығуы, сізде мүлдем инфекция жоқ, енді сіз болашақта онмен зақымданбайсыз деген сияқты сенімділік бермейді. Сіз дәрігерден АИТВ инфекциясына қарсы шараларды қолға алудың жолдарын сұрап, біліп алуыңыз.

Емделуі

Қандай дәрі-дірмектер АИТВ инфекциясына қарсы қолданылады?
АИТВ инфекциясына қарсы бірнеше түрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Бәрінің мақсаты бір, бір комбинацияда организмдегі АИТВ-ның санын азайту үшін пайдаланылады. Терапияда жоғары белсенді антиретровирустық терапия (ВААРТ) деп аталатын бірнеше дәрілік препараттар қандағы АИТВ-ның санын азайту мақсатында қолданылады. Дәрігер терапияның әсерімен қандағы вирустық жүктеменің төмендеген дәрежесін анықтау үшін, сіздің осы дәрілерді қабылдау барысындағы жағдайыңызды назарында ұстауы керек. Дәрігер сізде жүрек айну, құсу, әлсіреу, ұю, периферикалық нейропатия (буынның және табанның ұюы) сияқты жанама әсерлердің болмағанына көзін жеткізу керек. ВААРТ кезінде қолданатын дәрілік препараттарға мыналар жатады:
Нуклеозидті кері транскриптаздың тежегіштері (НКТТ): АИТВ сау жасушаларға ене бастағанда, оған ДНҚ қолдану керек немесе өзіндік жеке көшірмелерінің шығартқызбау үшін осындай генетикалық материалдарды пайдаланған ләзім. Бұл дәрі-дәрмектер АИТВ-ның ДНҚ-ның сау тіндеріне еніп кетуінің алдын алады. ДНҚ—ның құралуынсыз вирус өзінің жеке көшірмелерін шығара алмайды.
Нуклеозидті емес кері транскриптазды тежегіштер: Осы топтағы басқа да препараттар ДНК жасушаларының АИТВ –ның көшірмелеріне айналуының алдын алуға бағытталған. Бірақ, олар өзге де жолдармен жүзеге асырылып жатыр.
Протеаз тежегіштері: Бұл топтағы дәрілер организмнің бойына АИТВ инфекциясымен зақымданған жасушалардың таралуын бөгейді.
Бірігу тежегіштері: Бұл дәрі-дәрмектер организмдегі сау жасушаларда АИТВ инфекциясының өңделуін тоқтатады. Бұл дәріні тек дәрігер ғана егеді.
Интеграза тежегіштері: Бұл дәрілер интегразаны бөгейді. Интеграз – АИТВ-ның вирусты ағуызы, сау жасушаларда АИТВ генетикалық материалдарының құралуына қатысады.

Бұл дәрі-дәрмектермен емделуді қашан бастау керек?
Мамандардың көпшілігі АИТВ инфекциясына қарсы дәрі-дәрмектерді CD4 жасушаларының саны 200-ден түспей тұрып қолданған дұрыс деп есептейді. Ал кейбір дәрігерлер өз науқастарына CD4 жасушаларының саны 200-ден 500-ге дейінгі аралықта болып тұрғанда қолдануды бастап кетеді екен. Сөз өз дәрігеріңізбен терапияға дейін қай уақытта дәрілерді қабылдау керектігін ақылдасып алғаныңыз жөн.

Дәрілік препараттар қалай әсер ететінін дәрігер қалай анықтайды?
Қандағы вирус санын анықтау оңай емес, ол кәдімгідей қиындық тудыратын жағдай. Сіз бұл сұраққа тұшымды жауапты организміңізге терапия қолданғанда ғана ала аласыз.
CD4 жасушаларының саны: CD4 жасушалары – бұл қандағы ақ жасушалар (оларды кейде Т-Лимфоциттері немесе Т-жасушалары деп атайды.) CD4 жасушалары сіздің органиміңіздің инфекциямен күресуіне демеу болады. Өкінішке қарай бұл жасушалар АИТВ инфекциясының нысаналы орнына айналады. Бұл жасушалар вируспен зақымданады. АИТВ инфекциясымен залалданбаған CD4 жасушаларының саны 500-ден 1200 мм3-ге (кубтық милиметр) дейін құралады. Осы CD4 жасушаларының төмендеуіне байланысты дәрігеріңіз сізге АИТВ-мен күресу үшін қандай дәрілерді тағайындау керектігін анықтайды. АИТВ инфекциясымен күресуге бағытталған барлық терапияның мақсаты, CD4 жасушаларының барынша жоғарғы көрсеткішін сақтауға тырысады.
Вирустық күштеме: вирустық күштеме – бұл қандағы АИТВ көшірмелерінің саны. АИТВ-мен залалданбаған адамдарда вирустық жүктеме 0-ге тең. Дәрілік препараттар организмдегі АИТВ –ның санына байланысты тағайындалады. Қандағы вирустық жүктеме 10000-нан 30,000мл (миллилитр) вирус көшірмесіне жеткенде аталмыш дәрілер тағайындалады. Емдеудің кейінгі мақсаты вирустық жүктеменің санын барынша төмендетуге бағытталады.
ҚЖТ: Қанның жалпы талдамасы ( ҚЖТ деп қысқарттық) қанның қызыл және ақ жасушаларының санын анықтауға мүмкіндік береді. Қанның қызыл жасушасы (эритроциттер) организмнің барлық жеңіл тіндеріне ауа тасымалдайды. Қанның ақ жасушалары (лейкоциттері) инфекциямен күреседі. Олар организмнің иммунды жүйесіне демеу береді. АИТВ инфекциясы өрши бастағанда эритроциттер мен лейкоциттердің саны белгілі бір дәрежеде төмендейді. Мұндай жағдай АИТВ инфекциясымен күресу үшін дәрілік препараттарды қолданғанда да орын алуы мүмкін. ҚЖТ қорытындысына қарап дәрігер дәрілік препараттарды ауыстыру уақытын жоспарлайды. Дәрігер эритроциттер мен лейкоциттердің санын жоғарғы дәрежеде ұстап тұруға, және сіздің денсаулығыңыздың қалыпты болуына барынша көңіл бөлуі керек.

Әдетте дәрігердің тексеруіне барғанда қандай жағдай орын алуы мүмкін?
Дәрігер АИТВ инфекциясының өршу кезеңдерін анықтау мақсатымен бірнеше жағдайды қарастырады. Ол алдымен сізден симптомдарды сұрайды. Содан соң инфекцияның қылаң берген белгілерін іздейді. Сондай-ақ CD4 жасышалары мен вирус жүктемелерінің қандағы санын талдама жүргізу арқылы тексереді. Дәрігерге білінген аурудың соңғы уақыттағы өршу белгілері, мына жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:
 Жүрек айну, құсу, қалтырау, бас ауруы, сырқырау, түргі тешшеңдік, демікпе немесе іш өту сияқты алғашқы симптомдары пайда болады.
 Салмақ жоғалту, ауыз қуысында ойық жаралар пайда болады (мысалы автозный стоматит, саңрауқұлақ инфекциясымен баланысты) немесе лимфа түйіндерінің үлкеюі (мойын аумағанда, қолтықтың астында, шап жақта).
 Қандағы CD4 жасушаларының дәрежесі төмендейді.
 Қандағы вирустық жүктемелер өседі.

Дәрігерге қаншалықты жиі қаралуым керек?
Дәрігер сізге CD4 жасушаларыңыздың мөлшері 500-ден төмендегенше, әр 6 ай сайын келіп тұруды тағайындайды. Ал CD4 жасушаларының мөлшері 500-ден төмендей бастаса, әр 3 ай сайын келіп тұруыңызды бекітеді. Сондай-ақ дәрігер жаңа дәрілік препараттарды тағайындау барысында, сіздің организміңіз терапияны қаншалықты игергенін жиі тексеріп, АИТВ инфекциясының белгілері өршіген-өршімегендігіне көз жеткізіп тұрады.

Маған тағы не көмектесуі мүмкін?
Кейбір дәрілік препараттар басқа да инфекцияларды және асқынуларды тоқтатады, және организмнің төзімділігін төмендететін(иммунитетті әлсірететін) АИТВ-ның басқа да әсерлеріне қарсы тұрады. Төменде АИТВ мен ауыратындарға көмектесетін бірнеше ұсыныстар бар:
• Аурудың алдын алу үшін әр мезгіл сайын тұмаудың екпесін қабылдап тұруы керек;
• Әр 5-7 жыл сайын Streptococcus pneumoniae бактерияларын туындататын, пневмония ауруының алдын алу үшін пневмонияның екпесін салыдырып тұру керек. Пневмонияның бұл түрімен ауыратын адам АИТВ инфекциясын жылдам қабылдап алады.
• Жылына 1 рет тері туберкулинді тестін өткізіп тұруы қажет, туберкулез секілді өте қауіпті аурулар АИТВ инфекциясы бар адамдарға аса зор қауіп төндіреді.
• Дисплазия кезін (ракалды жағдай) және жатыр мойны қауіпті ісігін анықтау мақсатында әйелдерге ПАП тест жүргізу керек . АИТВ инфекциясымен ауыратын әйелдер арасында осы екі жағдай көптеп кездеседі. Бастапқыда ПАП тест әр 6 ай сайын өткізіліп тұрады. Егер ПАП тесттің оң нәтижелі қорытындысын алған болсаңыз, жылына 1 рет қана өткізіліп тұраңыз да болады.
• Ауру қауіптілігі жоғары топтағы адамдар В гепатитіне қарсы тексеруден өтуі керек. Егер сіз инъекциялық препараттарды қолданатын болсаңыз , ауру қауіптілігі жоғары В гепатитін жұқтыру қаупі бар топта болып саналасыз. Тексеріс нәтижесінде сіздің бойыңыздан В гепатитінің белгілері байқалмаса да дәрігер сізге болашақта инфекция жұқтырып алмас үшін, В гепатитіне қарсы екпе салдыруға кеңес беруі мүмкін.
• Сульфаметоксазол + үшметроприм дәрілік препараттарын да үйлесімділікпен пайдаланса пайдасы тиеді. Мұндай үйлесімділікпен тағайындалған дәрілер – СD4 жасушаларының саны 200-ден төмендеп кеткенде қолданылады. Олар саңырауқұлақ инфекциясын тудыратын Pneumocystis jiroveci (пнеумокустис кариний ауруының бұрынғы атауы) пневмонияны тоқтатуға көмектеседі. Бұл аталмыш антибиотиктер «токсоплазмоздар» деп аталатын басқа да инфекцияларды тоқтатуға көмектеседі.
• Азитромицин, кларитромицин және рифампициндер CD4 жасушаларының саны 50-ден 75-ке дейін төмендеп кеткенде көмектесе алады. Олар Mycobacterium avium бактериясынан туындайтын инфекцияланудың тоқтатылуына көмектеседі.

Екпе жайында ескерту
Кейде қол жетімді екпелер саны, оны қажет ететін адамдар санына сәйкес келе берсейді.

Енді болашақта не күтуге болады?
Ондаған жылдар бойы бақылау жүргізе отырып, АИТВ-ның жетекші себепкерлігімен созылмалы ауруларға ұшыраған жас-өспірімдердің өлім-жітімін, құрама дәрілік терапия бір шама тоқтатқанын байқадық. Қазіргі жағдайда сіз АИТВ-ға қарсы дәрілерді қолданып, өзіңізді жақсы сезініп жүруіңіз мүмкін, бірақ сіз сақтандырылмаған жыныстық қатынас арқылы немесе қан құю арқылы басқа адамдарға вирус тасымалдап жүруіңіз мүмкін. Сол үшін есскерте айтамыз! Бұл дәрілік препараттар вирустарды өлтірмейді, олар тек сіздің иммун жүйеңіздің жұмысына демеу беріп, ЖИТС-қа ұласып кетуіне кедергі келтіріп, инфекцияның асқыну қаупін азайтып тұрады.
Қазіргі уақытта жаңа дәрілік препараттар жасалып, тестілеуден өткізіліп жатыр. Олар вирусты дамытпай ұстап тұруға қабілетті, және оларды қазіргілер сияқты жиі қабылдай бермейді. Бірақ олардың процесі узақ уақытты қамтиды, он неше жылды алуы мүмкін.

Асқынуы

Мен АИТВ-ның асқынуынан қалай құтыла алам?
Егер сіздегі АИТВ оңтайлы болса, сіз өзіңізге жақсы көңіл бөліңіз. Тамақтану теңгерімін ұстаныңыз, физикалық жаттығулармен тұрақты айналысыңыз, деп алуға жеткілікті уақыт бөліңіз. Дәрігердің барлық ұсыныстарын нақты орындаңыз және келісілген дәрі-дәрмектерді қалдырмай қолданыңыз. Сонда ғана сіз АИТВ ауруымен ауыратындарда жиі кездесетін ауру инфекцияларынан белгілі бір деңгейде қорғана аласыз.

Мен «қауіпсіз жыныстық қатынасты» қалай сынап көрсем болады?
Әр жыныстық қатынас сайын мүше қапты пайдаланыңыз. Латекстық мүше қаптар жыныстық жолмен тасымалданатын герпес, адам папиломмасы вирусы (АПВ), АИТВ-ның жаңа штамптары, тұрақты антиретровирустық препараттарға инфекцияның жұғу қаупін азайтады. Ішектің инфекциямен зақымдануының алдын алу үшін ауыз арқылы қатынас жасаудан аулақ болыңыз.

Мен жұмыста және бос уақыттарымда инфекциядан қорғану үшін қандай шаралар жасаймын?
Кейбір қызмет түрлері мен жұмыс орындарында (мысалы: айықтыру орталығында, емханада, клиникада, қарттар үйінде немесе түрмеде) жұмыс істейтіндерде туберкулез немесе басқа да инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі басым. Өз қызмет орныңыз жайлы дәрігермен ақылдасыңыз. Дәрігер сізге туберкулезге тексерілу керек пе, әлде жиі тексерістерден өтіп тұру керек пе шешіп береді.
Ата-аналар, бала бақша қызметкерлері, бала күтімімен айналысатындар да тексерістен өтіп тұруы керек, себебі, балалардан цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекция, криптоспиридоз, А гепатиті және лямблиоз секілді аурулар жұғуы мүмкін. Жеке гигенаны сақтау арқылы да ауру жұқтырудың алдын алуға болады, ол үшін жөргектерді ауыстырғанда, баланың зәрі немесе сілекейі сүркеліп қалғанда, тамақтандырып және жуындырып болғаннан кейін қолды сабындап жуып тұру керек. Егер балаңызда АИТВ инфекциясы болса, ол жайында балаңыздың күтіміне көмектесетін адамға ескертіп қойыңыз.
Егер сіз жануарлармен жұмыс істесеңіз (мысалы: мал дәрігері болып, зоодүкен қызметкері болып, ферма немесе мал сою орнында) сіз криптоспиридоз, токсоплазмоз, сальмонеллез, кампилобактериоз немесе бартонеллез секілді ауруларды жұқтыру қаупі жоғары аймақта болып саналасыз. Бірақ бұл аурулардың қауіптілігі - сіз жұмысыңызды тастайтындай жоғары емес, алайда, сіз белгілі бір деңгейде сақтық шараларын қабылдауыңыз керек.
• Іші өткен мал төлдерінен абайлаңыз.
• Бақшада немесе басқа да топырақпен байланысты жұмыс істегеннен кейін қолыңызды жуыңыз.
• Егер сіз гистоплазмоздың көп таралған аймағында тұратын болсаңыз, ондағы тауық қора тазалау, үңгірлерлі тексеру немесе топырақ өңдеу секілді қызмет түрлерінен бет бұрыңыз.
• Егер сіз кокцидомикоздың кең таралған аймағында тұрсаңыз, топырақ ұңғылдарымен қопарумен байланысты, шаңы бұрқырап тұратын жерлерде жұмыс істемеуге тырысыңыз.

Үйдегі жануарлар қауіпсіз бе?
Бойында АИТВ –ның болуына қарамастан үй жануарларын қараумен айналысатын адам көпген қауіп-қатерге ұрынуы мүмкін, бірақ оны реттеудің тиімді жолдары бар. Үй жануарлары көңіл-күйіңізге жақсы әсер беретіндіктен, олардан бірден бас тарта салмаңыз. Төменде сіздің мал-мүлкіңіздің аман-сау қалуы үшін қарастырылған бірнеше кеңестер бар:
• Аурудың алдын алу үшін үй жануарларыңызға екпені тұрақты салып тұрыңыз;
• Жануарларыңыздың іші өтіп жатса, міндетті түрде мал дәрігеріне көрсетңіз. Дәрігер сұйық нәжістегі микробтар сізге қауіп төндірер-төндірмесін анықтап береді. Егер ол қауіп төндіретін болса, малыңыздың іш өтуі басылғанша, басқа бір адамға қарай тұруын өтініңіз;
• Жануарыңызды тамақтанар алдынада еркелетіп, сипалағаннан кейін, міндетті түрде қолыңызды жуыңыз. Тезегінен абайлаңыз. Егер балаңызда АИТВ инфекциясы болса, үй жануарларын ұстағаннан кейін қолын жуғызыңыз;
• Егер үйіңізге ит немесе мысық әкелгіңіз келсе, оның соңғы 6 айда іші өткен-өтпегендігін анықтаңыз. Сонда сіз криптоспиридозбен зақымдану қаупін төмендетесіз.
• Үй жануарларын қай жерде ұстайсыз, сол жерді жақсылап таңдап алыңыз. Кейбір мал өсіретін қожалықтар, жануарларға арналған тұрақтар, зоодүкендер бір-бірімен салыстырғанда гигиенаны жақсы сақтауымен ерекшеленеді;
• Жүндес жануарлардан абайлаңыз. Егер сіз күшікті немесе мысықты үйіңізге паналатқыңыз келсе, алдымен мал дәрігеріне тексертіп алыңыз. Оның бойында сізге зиян тигізетін, инфекцияны дамытатын микробтар бар-жоқтығын анықтап алғаныңыз жөн;
• Егер үйіңізде мысық болса, оның нәжіс сындыратын қорапшасын күн сайын тазалап тұрыңыз. Амал болса, АИТВ инфекциясы бар адаммен жүкті әйел тазалық жұмыстарын жүргізбей-ақ қойғаны дұрыс. Мұндай амал арқылы токсоплазмоз ауруының алдын алуға болады. Мысығыңызды қамап ұстаңыз, оның басқа жануарларға (крыса, тышқан секілді) шабуылдауына жол бермеңіз. Оны дұрыс піспеген, шикі етпен тамақтандырмаңыз. Ашуландырып ойнамаңыз, ол сізді тырнап немесе тістеп жарақаттауы мүмкін. Егер сізді тырнап немесе тістеп алған жағдайда тез арада жарақаттаған жеріңізді сумен жуыңыз. Денеңздің тырналған немесе тістелген жерін мысығыңызға жалатпаңыз.
• Бүргенің пайда болуынан сақтаныңыз – ол сіздің денсаулығыңызға да, ит пен мысықтарыңыздың саулығына да едәуір зиянын тигізеді.
• Сальмонеллез инфекциясының қаупін төмендету үшін бауырымен жорғалаушылардан (жылан, кесіртке, игуана, тасбақа секілділер) абайлаңыз. Егер аквариум немесе құс торларын тазалау керек болса резинке қолғап киіп істеңіз. Маймыл секілді экзотикалық жануарларға жоламағаныңыз жөн.
Тамақ пен су арқылы жұғудан қалай қорғанамын?
Төменде берілген бірнеше кеңесті орындау арқылы сіз өзіңізді азық-түлік пен судан берілетін инфекциядан арашалай аласыз. Және одан да тереңірек ақпарат алғыңыз келсе: «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбын қараңыз.
• Шикі тамақ пен толық піспеген жұмыртқаны пайдаланбаңыз (құрамында шикі жұмыртқасы бер азық-түліктер, мысалы, қамыр, салатқа арналған Цезар және майонез).
• Толық піспеген тапақ пен шикі тауық еттерін, немесе теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз. Пастерленбеген сүн өнімдерінен де бас тартқан жөн. Тамақты және етті толық пісіріңіз, немесе қызғылт бояуы кеткенше қайнатыңыз. Сиыр етін орташа қайнату температурасы 170°F, құрауы керек. Үй құстарын 180°F температурада қайнатып, пісірген дұрыс.
• Жеміс- жидек пен көкөністерді жеудің алдында жақсылап жуыңыз.
• Шикі ет, сол сияқты басқа да азық-түлікті тураған тақтайшаны ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап жуыңыз.
• Сіздің иммунитетіңіз төмендеп листериоз (азық-түлік арқылы берілетін Listeria monocytogene бактериясының салдарынан пайда болатын инфекция ) инфекциясын жұқтыру қаупін азайтқыңыз келсе, шала піскен шұжық өнімдері секілді тағамдарды пайдаланбағаныңыз жөн. Ондай өнімдерді жегеннің өзінде, алдымен бактерияллары жойылатындай қажетті температурада қайта қайнатып алып пайдаланғаныңыз оңтайлы болмақ.
• Өзен және көлдердің суын тазартпай іше салмаңыз. Адам немесе жануарлардың нәжістері төгілетін суға шомылагөрмеңіз. Шомылып жүргенде, немесе басқа да жолдармен суды қабылдағанда су жұтып қоймаңыз.
• Қалаңызда ауру ошақтары пайда болып жатса, ол су арқылы таралатын болса, «суды қайнатпай ішпеңдер» деген хабарландырулар шықса, суды 1 минуттан кем қайнатпай қолданбаңыз. Ішсеңіз де, тіс жусаңызда осы қағиданы қатаң ұстаныңыз. Қосымша тиімді жолдар іздесеңіз, арнайы фильтрлер мен құтыдағы суларды пайдаланыңыз.
• Қандайда бір ауру шығып, алайда суды қайнатудың мүмкіндіктері болмай жатса да сіз өз қауіпсіздігіңіз үшін амал-шараларды қарастыруыңыз керек. Негізінен, мұндай жағдайларда дәрігермен кеңескеніңіз абзал, өйткені су құбырларындағы суларды толық тазалау мүмкін емес, сол үшін басқа да жолдарын қарастырған жөн.
• Егер сіз құбыр суларын «мүлдем қолданбаймын» деп басқа жолдар іздесеңіз, есіңізде сақтап алыңыз, былғанған судан қатқан мұз инфекцияның көзі болып табылады, сондай-ақ қоғамдық орындардағы дүңгіршектерде сатылатын газдалған сусындар да осындай қауіптілікпен ұштасады.
• Алкогольсіз, газдалған құтыдағы сусындарды ішкеннен де еш қауіп туындамайды. Газдалмаған алкогольсіз сусындар мен шырындар – жабық жерде салқындатуды қажет етпесе, олар да қауіпсіз болып саналады. Қатырылған жеміс-жидек шырындары да қауіпсіз, тек сіз оны залалсыз судан дайындасаңыз.
• Егер сіз салқындатылған (қатырылмаған) жеміс шырындарын ішетін болсаңыз, сыртқы жапссырма қағазына қарағыз, онда «пастерленген» деген жазу болуы керек. Оның салқындығына да мән беріңіз. Осы сияқты сыра, винолар да ішуге қауіпсіз болып саналады.

Мен саяхаттау кезінде өзімді қалай қауіпсіздендірсем болады?
АИТВ-мен ауыратын адам үшін саяхаттаған аса қауіпті, әсіресе күрделі иммун басу кезінде. Дамушы елдерге саяхаттап бару, инфекцияның өршу қаупін жоғарлатады, себебі онда инфекция тамақ және су арқылы таралады, мұны еурома, солтүстікамерика және Азияның дамушы елдерімен салыстырмалы түрде келтіруге болады. Саяхаттамас бұрын дәрігермен кеңесіп алғаныңыз дұрыс.
• Сусындар мен тамақтардан сақтану керектігін есіңізде сақтаңыз. Қатырылған тамақтардан, шикі көкөністер мен жемістерден, құбыр суларынан, піспеген немесе толық өңделмеген теңіз өнімдерінен немесе еттен, сүт, сондай-ақ сүт өнімдерінен, көше саудагерлерінің тағамдарынан абайлағаныңыз абзал.
• Толық қауіпсіз болып саналатын азық-түлікке: ыстық тамақты, өзіңіз тазалаған жеміс-жидекті, құтыдағы сусындарды (әсіресе газдалған), ыстық шәй мен кофені, сыра және шамамен 1 мин қайнаған суды жатқызсақ болады.
Көптеген тексерулердің қортындысы бойынша диареяға арналған дәрі-дәрмектер АИТВ-оңтайлы науқастарының қауіптілігін төмендететіні анықталды.
Әдетте асқазанның бұзылуы мен іш өтудың алдын алу мақсатында қабылданатын дәрі-дәрмектер саяхатқа шықпас бұрын қолданылады, осы жағын дәрігермен ақылдасып алсаңызда болады. Ішіңіз өтіп мазасызданғаныңызда антибиотиктерді қолдансаңыз болады. Қатты диареяға шалдығып (нәжіске қан араласу, іштің қайнауы, қалтырағыштықтың пайда болуы) көп мөлшерде дәрілерді қабылдамас бұрын, дәрігерге тексеріліп алыңыз.
Жануарллардың нәжісі төгілген топыраққа, құмға жоламаңыз. Арнайы қорғанышы бар аяқ киімдерді киіп алыңыз. Жаға-жайда болсаңыз астыңызға орамал төсеп отырыңыз.
Саяхатқа шықпас бұрын алдын-ала екпе салдыру керек пе, оны дәрігеріңізбен ақлдасып алып шешіңіз. Кейбір екпелер АИТВ науқастарына жақсы әсер еткенімен, кейбіреулеріне кері зардабын тигіізіп жатады. Егер сіз кейбір екпелерді салдырмаған болсаңыз, дәрігер ізге арнайы нұсқаулықтарды береді. Дәрігер сіздің қай жаққа саяхаттауға бағыт алғаныңызға байланысты саңрауқұлақтық және протозойлық инфекцияға қарсы амал-шаралардың мөлшерін айтып береді.

Алдын алу шаралады

АИТВ инфекцисын жұқтырып алудан қалай сақтанамын?
АИТВ қорғанудің ең тиімді жолдары:
• АИТВ-мен инфекцияланған адаммен және көп адаммен ойнас жасайтындармен жыныстық қатынасқа түспеңіз;
• Тұрмыста болсаңыз да «қауіпсіз төсек қатынасын» ұстаныңыз;
• Жалпыға ортақ ине мен шприцтарды қолданбаңыз.
Сіз АИТВ инфекциясы бар адамды сырқы келбетіне қарап тани алмайсыз. ЖИТС-ның симптомы АИТВ жұққаннан кейін 8 өткенде бірақ белгі бере бастайды. Сондықтан дін аман болып көрініп,өзін саумын деп жүрген кейбіреулер сізге ЖИТС-ны жұқтыруы әбден мүмкін.
ЖИТС-нан 100% арашалайтын жалғыз жол – ешқашан бөгде, толық бірмейтін немесе АИТВ инфекциясы бар адаммен жыныстық қатынас жасаспаңыз. Жат адамдардың терісіне үйкелуден, қаны тиіп кетуден сақтанып жүріңіз.

«Қауіпсіз жыныстық қатынас» қалай болады?
Ең « қауіпсіз жыныстық қатынас» – ол сондай қатынасқа түспей-ақ қою. Ал егер тұрмыс құрған болсаңыз «қауіпсіз жыныстық қатынас» - ол тек білетін екі адамның арасындағы қатынас, бірақ АИТВ-мен инфекцияланған адаммен емес. «Қауіпсіз жыныстық қатынас» керек болса, екі жан бір-бірімен табысып, иньекциялық есірткілерді қолданбай салауатты өмірге бет бұрғаны нұр үстіне нұр болады.
Қауіпсіз жыныстық қатынастың келесі сатысына келсек – мүше қапты пайдалану арқылы қатынас жасауға болады. Егер сіз өз жолдасыңыздың инфекциялануынан, болмаса, оның өзге жандармен қатынасқа түсіп, вирус жұқтыруынан қауіптенсеңіз мүше қапсыз жыныстық қатынас жасапаңыз. Әр қатынасқа түскенсайын еркектерге арналған латекстік мүше қаптарды қолданыңыз.
Егер еріңіз ерлерге арналған мүше қапты кигісі келмесе, онда әйелдерге арналған түрін қолданыңыз. Әйелдерге арналған мүше қап, ерлердікі секілді әсер бермеуі мүмкін, бірақ ол сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Ешқашан бөтен қанды, шахуатты, несепті, жатыр немесе нәжіс сұйықтыңын анусқа, жатырыңызға, аузыңызға жіберіп алмаңыз.

Мүше қапты қалай дұрыс пайдаланған жөн?
Өз қауіпсіздігіңізге сенімді болғыңыз келсе, мүше қапты дұрыс пайдалануды білгеніңіз жөн. Лактексті мүше қаптарды жыныстық қатынастың барлық түрлеріне қолдана берсе болады. Егер сізде лактекстік мүше қаптарға аллергияңыз болса, онда полиуретан мүше қаптарын пайдаланыңыз. Әйелмен оралдық жыныстық қатынас кезінде, мүше қапты әйелдің аузы мен денесне қатар ыңғайлай берсе болады.
Егер сіз спермецидтерді пайдалануды жоспарласаңыз, тексеру нәтижелерінде спермецидтерде наноксинол-9 жиналатыны анықталуда. Спермецидтер жыныс мүшелерін тітіркендіріп, ЖЖБИ-дің асқыну қаупін жоғарлатады. Мүмкін болған жағдайда мүше қаптарды ноноксинон-9 –бен қолдану – мүше қанты мүлдем қолданбай қоюдан қарағанда жақсы.
Мүше қаппен қатынасқа түскенде тек су негізінде лубриканттармен қолданған дұрыс. Майлы негіздегі лубриканттар, вазелин, балалардың жақпа майы және лосьондар мүше қаптарды зақымдауы мүмкін.

Еркектердің мүше қаптарын қалай қолданады?
Латекстік немесе полиуретандық мүше қаптарды пайдаланыңыз. Табиғи мембрандардан (мысалы: қозы ішегінен) жасалған мүше қаптар онша жақсы емес, себебі, ЖИТС вирусы өте ұсақ, сондықтан мұндай мүше қаптардың тесіктерінен өтіп кетеді.
• Қандай қатынаста болсаңызда мүше қапты киіңіз;
• Мүшеге қапты айналдырып кигізіңіз. Айналдыратын жүзікше сырт жағында болуы керек. Мүше қапты мүшенің түп жағына қарай айналдыра жүргізіңіз. Мүшенің бас жағына шамамен 3,5-4 см орын қалдырып қойыңыз, өйткені ол жерге шәует сұйықтығы жиналады;
• Мүше қаптың бас жағынағы ауаны сығып шығарып тастыңыз;
• Шәует шығып болғаннан кейін мүше қапты шесіңіз. Мүше қап сырғып түсіп қалмас үшін оны қолмен, мүшемен бірге шығарыңыз;
• Қолданып болған мүше қапты қайта пайдаланбай тастай салыңыз.

Мен біреумен инені бірге қолдансам не істеймін?
Сіздің жағдайыңызды жақсарту үшін алдымен есірткіге тәуелділігіңіззді медициналық жолмен шешу керек. Егер сіз біреумен шприцты және инеиі бірге, қайталап қолданып жүрсеңіз оны тазартқыш ертінді