Жұқпалы аурулардан қорғау үшін вакцинацияның (екпенің) маңыздылығы туралы http://www.zdrav.kz/node/8789 сілтемесімен аталмыш мақаланы оқысаңыз болады.

АКДС вакцинасы

АКДС – (адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы) үш инфекциядан қорғайтын біріктірілген вакцина: дифтерия, сіреспе, көкжетел.

Анықтама

АКДС - көкжетел, диферия, сіреспе сияқты аурауларға қарсы тиімділігі өте жоғары вакцина болып табылады. АКДС вакцинасы пайда болмай тұрып бұл ауруларды емдеуде көп қиындықтар туындаған, кейде өлімге дейін соқтырған кездері болған.

АКДС адамға екпе түрінде иыққа немесе санға енгізеді.
Бұл вакцина кімдерге салынуға негізделген?

АКДС вакцинасы – балалардың иммунитетін қалыптастыруға негізделген. Әрі мұны денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар тағайындаған.
АКДС вакцинасын балаларға нәресте кезінде енгізген қауіпсіз. Вацинаны балаларға жасына қарай 5 мәрте енгізу жоспарланған, 2 айлықта, 4 айлықта, 6 айлықта, 15-18 айында, және 4-6 жасқа толғанында. АКДС вакцинасын бала мектепке барғанша толық қабылдағаны дұрыс.
АКДС вакцинасын балада көкжетелдің вакцинасына аллергиялық реакциясы болмаса ғана енгізуге болады. Егерде аллергиялық реакциясы болса, оған тек ғана дифтерияға, сіреспеге қарсы вакциналар салынады. (АДС вакцинасы деп аталады.)

Қауіпті жақтары және жанама әсері
АКДС вакцинасын енгізгенде, өкпеге жанама (жағымсыз) әсер етіп, оның салдары бірнеше күнге созылуы мүмкін.
• Дене қызуының жоғарлауы
• Әлсіздік
• Инфекция орналасқан аймақтың ауырсынуы
• Құсу
• Тәбеттің төмендеуі

Вакцина енгізгеннен кейін тітіркеніп, ауырсынып, дене қызуы жоғарласа ыстық түсіретін дәрі-дәрмектерді қолдануға болады.

Бірақта вакцинаны енгізбей тұрып, ыстық түсіретін препараттарды қолданғанса, вакцинаның өзіндік күші әлсірейді. Ылғалды жылы орамалдарды және жылытқыштарды вакцина енгізген жерге басу арқылы ауырсынуды басуға болады. Сонымен қатар ауырсыну кезінде вакцина енгізген қолды немесе аяқты көп қозғалту керек.

Өте сирек кездесетін ауыр жанама әсерлер:

Баланың 3 сағаттан артық тоқтаусыз жылауы; (бұл 1000 баланың ішінен 1-еуінде ғана кездеседі)
Дене қызуы 40 С -тан жоғарлап кетеді; (бұл 16000 баланың ішінен 1-еуінде ғана кездесуі мүмкін)
Қалтырайды (14 000 балалының ішінде 1-еуінде ғана кездесетін жағдай)
Сонымен қатар ауыр жанама әсер ретінде аллергиялық серпіннің пайда болып, тыныс алудың қиындап және анафилактикалық шоктың көрініс беруін айтуға болады. Бірақ мұндай жанама әсер 1 миллионнан 1 балада ғана кездесуі мүмкін. Созылмалы ұстамалар мен мидың зақымдануы сирек кездеседі. Бұл кезде вакцинаның жанама әсері ме, әлде басқа ауру ма, соны анықтау қиынға соғады.
Көп ата-аналар вакцинаны қауіпті, баланың денсаулығна кері әсері тиеді деп, дәрігерлерге екпе салдырмай-ақ қойсақ қайтеді деп, қарсылықтарын білдіріп жатады. Алайда осылай екпеге қарсы келу арқылы, көптеген қауіпті инфекцияларыдың баланың бойына дарып кетуіне жол ашатынын олар жақсы түсінуі керек.

Шектеу салу
АКДС вакцинасын бала тұмауратып қалғанда, құлақ инфекциясы жазылмай жүргенде де енгізуге болады. Егер баланың дене қызуы қатты көтерілсе, немесе ауыр респираторлық аурулармен ауырса, одан сауыққанын күтіп, содан соң екпені енгізген дұрыс.
Егер бала Гийен-Барре (өткір полирадикулит) синдроммен ауыратын болса, сіреспенің вакцинасын алғаннан кейін 6 аптаның ішінде АКДС вакцинасын енгізбейді.
Егер де АКДС вакцинациясынан кейін, төменде айтылған симптомдардар көрініс беретін болса, дәрігерге қаралу керек:
• Екпеден кейін 3-7 күн бойы қалтыраса;
• Екпе салғаннан 7 күн өткенде миында қауіпті проблемалар байқалса;
• Түсініксіз қалтыраулар пайда болса;
• Басқа да жүйке жұмысының бұзылыстары көрініс берсе;
• Екпеден кейін бет, ауыз, тамақ бірнеше сағат ісініп кетс;.
• Екпеден кейін 2 күндей дене қызуы 40 градустан асып тұрса;
• Екпеден кейін 2 күн бойы шок немесе коллапс пайда болып, тұрып алса;
• екпеден кейін 3 сағаттан артық бала тоқтамай жыласа.

Келесі жағдайларда дәрігерге қаралу тиіс:
• Егер сіз балаңызға вакцина енгізуге сезімсіз болсаңыз;
• Вакцинациядан кейін басқа симптомдар дамыса;
• Вакцинацияға байланысты сізде күмән немесе сұрақтар туындаса.

Тегтер:

вакцинация
Иммунизация – иммунитетті жоғарлату
дифтерия
Сіреспе
Көкжөтел
Гийен-Барре синдромы
Анафилактикалық шок