Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Болжамы

Мүмкін асқынулары

Дәрігерге қашан көріну қажет

Синонимдары


Жалпы ақпарат

Жасқа байланысты естуді жоғалту немесе пресбиакузис – егде жаста пайда болатын естудің біртіндеп, баяу төмендеуі.


Себептері

A 2

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерінен тұрады. Сыртқы құлақ қалқаннан және сыртқы есту каналынан тұрады.

Ішкі құлақтағы ұсақ түкті жасушалар біздің естуімізге көмектеседі. Олар дыбыс толқындарын ұстап, нерв сигналдарына түрлендіреді, оларды ми дыбыс ретінде қабылдайды. Естуді жоғалту ұсақ түкті жасушалардың зақымдануында немесе тіршілігін жоюында пайда болады. Түкті жасушалар қалпына келмейді, сондықтан, көпшілік жағдайда олардың зақымдануына байланысты естуді жоғалту қайта орнына келмейді.

Жасқа байланысты естуді жоғалтудың себептері көп. Көбінесе, ішкі құлақтың жасқа байланысты өзгерістеріне байланысты болады. Аурудың пайда болуында генетикалық өзгерістер өзгерістер, сондай-ақ, шудың әсері (мысалы, рок-концерт, музыка тыңдайтын наушниктер) үлкен роль атқарады.

Келесі факторлар жасқа байланысты естуді жоғалтуға ықпал етеді:

Отбасылық сырқат тарихы (жасқа байланысты естуді жоғалту, әдетте, бір отбасының мүшелерінде кездеседі)
Шудың әсері
Темекі шегу (темекі шегетіндерде шекпейтіндерге қарағанда осындай естуді жоғалту жиі кездеседі)
Кейбір аурулар, мысалы, қант диабеті
Кейбір дәрілік препараттар.


Симптомдары

Естуді жоғалту баяу түрде, ұзақ уақыт барысында дамиды.

Аурудың симптомдарына жататындар:

  • Бұл ауруға шалдыққан адамдарға айналасындағы адамдардың сөзін түсіну қиынға түседі
  • Олар жиі айтылғанды қайталауды сұрайды
  • Естімей қалғаны үшін күйзеледі
  • Кейбір дыбыстар оларға тым қатты болып көрінеді
  • Олардың шулы бөлмеде естуі қиындайды
  • “с” немесе “з” дыбыстарын айтуда қиындықтары болады
  • Оларға дауысының тембрі жоғары адамдарды түсіну қиын
  • Құлақтағы шуыл



Осы симптомдардың бірін байқасаңыз, дәрігерден кеңес алыңыз. Пресбиакузистің (кәрілік кереңдігі) симптомдары басқа аурулардың симптомдарымен ұқсас болады.


Диагностика

Емдеуші дәрігер толық медициналық тексерісті жүргізеді. Бұл естуді жоғалтудың себебін табуға көмектеседі. Құлақты қарау үшін дәрігер отоскоп аталатын аспапты қолданады. Кейде құлақтың каналдарында құлық жиналуынан естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Науқасты құлақ, мұрын және тамақ (көмей) бойынша маманға (дәрігер-отоларингологқа) бағыттайды. Естуді анықтайтын тестілер естуді жоғалту дәрежесін анықтауға көмектеседі.


Емдеу

Жасқа байланысты естуді жоғалту емделмейді. Емдеу күнделікті қызметті жақсартуға негізделеді. Келесілердің пайдасы бар:

  • Есту аппараттары
  • Телефон күшейткіштері және басқа көмекші құрал-жабдықтар
  • Ымдау тілі (естуді жоғалтудың ауыр дәрежесі бар адамдар үшін)
  • Ерінге қарап оқу (мысалы, қарым-қатынасты жақсарту үшін көрнекі түрде ойға салу)
  • Естуді жоғалтудың ауыр дәрежесі бар адамдар үшін кохлеарлық имплантат ұсынылуы мүмкін. Бұл кезде имплантатты орнату үшін операция жасалады. Имплантат қайтадан дыбыстарды ажыратуға және уақыт өте келе адамға сөзді түсінуге мүмкіндік береді. Бірақ, қалыпты естуді қалпына келтірмейді.



Болжамы

Жасқа байланысты естуді жоғалту баяу түрде ушығады. Бұл қайтымсыз үрдіс және кереңдікке апаруы мүмкін.

Естуді жоғалтудың салдары науқасты үйден шықпауға мәжбүрлейді. Дәрігердің көмегіне жүгініп, отбасымен және достармен қарым-қатынас жасап, оқшау болмауға тырысу қажет. Естуді жоғалту үрдісін бақылауға алып, толыққанды және белсенді өмір сүруді жалғастыруға болады.


Мүмкін асқынулар

Естуді жоғалту денелік (өрт дабылын естімей қалуда) және психологиялық (әлеуметтік оқшаулану) мәселелерге апаруы мүмкін.

Естуді жоғалту кереңдікке апаруы мүмкін.


Дәрігерге қашан көріну қажет

Естуді жоғалтқан адамдар тезірек тексерілуі қажет. Бұл құлықтың жиналуы немесе дәрілік құралдардың жанама әсері секілді себептерді теріске шығаруға көмектеседі. Емдеуші дәрігер науқасқа есту тестін өткізуі тиіс.

Күрт естудің өзгерісі болса немесе естуді жоғалту бастың ауырсынуы, көрудің бұзылыстары немесе бас айналуы секілді симптомдармен қосарланатын болса, дереу дәрігерге көрініңіз.


Синонимдары

Жасқа байланысты естуді жоғалту; Пресбиакузис.