Жүктелуде...
 

Ревматизм

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-15 05:19 - (112 Оқылымдар)

Ревматизм – дәнекер тіннің стрептококктық бактерияларының А тобының белгілі штаммдарымен жүйелі зақымдану нәтижесінде болатын, стрептококктық инфeкциялар тудыратын, көбінесе стрептококкпен шақырылған баспадан (ангинадан) емделмегеннен пайда болатын инфeкционды-аллeргиялық ауру. Баспаны дұрыс емдеу ревматизмнің дамуына жол бермейді. Сондай-ақ, бұл жерде тұқым қуалау факторы да маңызды рөл атқарады.

Ретенирленген тіс

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:18 - (147 Оқылымдар)

Ретенирленген тіс – ол толығымен жарып шықпаған тіс. Ретенция (шыға алмау, кідіру) негізі үшінші азу тістерінде (ақыл тіс) немесе басқа да артқы тістерде болады; алдыңғы және бүйір тістердің шыға алмауы өте сирек болады.

Ретенирленген тіс қиындықтар туындырмауы мүмкін. Ал егер ол қиындықтар тудыратын болса (инфекция немесе аурысыну дегендей), бұл жағдайда ол тісті алып тастау үшін операция қажет болады.

Мойын бұлшықеттерінің сіресуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:09 - (169 Оқылымдар)

Мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа симптомдар болмаған жағдайда, ұйқы кезінде дұрыс жатпай қалуынан немесе компьютер алдында ұзақ уақыт отырудан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, мойын бұлшықеттерінің сіресуі басқа да симптомдармен қатар көрінуі мүмкін, бұл жағдайда науқастың шағымы маңызды көрініс табады . Мысалы, менингит – мойын бұлшықеттерінің сіресуімен, бас ауруымен және қалтыраумен көрінеді

Тілме

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:06 - (113 Оқылымдар)

Тілме – іріңді стрептококк (Streptococcus pyogenes) немесе алтын стафилококк (Staphylococcus aureus) шақыратын, теріні және шырышты қабықтардың ошақтық қабынуы. Тілме негізі терінің зақымдалуынан, атап айтқанда сызат түсу, жаралану, шағу, шаншу немесе бөртпе болғаннан кейін пайда болады.

Паротит («мысқыл»)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:05 - (1435 Оқылымдар)

Паротит (син. эпидемиялық паротит) - бұл вирустар шақыратын, құлақ пен жақ сүйегі арасында орналасқан сілекей (құлақ маңы) бездерін зақымдайтын, кейде ерлердің жыныстық бездерін де зақымдайтын (орхит) жұқпалы инфекциялық ауру. Бездер вирустардың әсерінен ісініп, қызметі төмендеп кетеді.

Себорея

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:03 - (120 Оқылымдар)

Себорея – терідегі майлы, сары қабыршақты қызыл бөртпелер пайда болатын экземаның бір түрі болып табылады. Себореяның пайда болу себептеріне терідегі май бездерінің шамадан тыс қызмет атқаруын жатқызады.

Алкогольдің әсері жайында

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-15 04:53 - (1401 Оқылымдар)

Алкогольді тұтыну қаншалықты қызық болғанымен, ол ағзамызға соншалықты зиянды болып табылады. Бұл алкогольдің тұтынылатын мөлшеріне, адамның жасы мен басқа да факторларына, сондай-ақ белгі бір жағдайға байланысты. Алкогольді тұтынудың зиянды әсерлері баршамызға да белгілі. Бұл бауыp циррозының, асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігінің дамуына, қан қысымының жоғарлауына, сондай-ақ жарақаттар мен зорлық-зомбылыққа әкелуі мүмкін. Алкогольге деген сезімталдығы жоғары адамдарға оны мүлдем қолданбау ұсынылады. Сондай-ақ, олардың қызметінің сипаты бойынша қозғалыстарды үйлестіруді және назар аударуды қажет ететін адамдарға алкогольден бас тарту ұсынылады.

Гипотиреоз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 03:48 - (328 Оқылымдар)

Гипотиреоз - бұл қалқанша безінің гормондарының жеткіліксіз өндірілуінен туындайтын ауру. Бұл жағдайды ылғи да қалқанша безінің гипофункциясы деп атайды.

Гипотиреоз - бұл ағзаның барлық функцияларына әсер етуі мүмкін қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын жағдай. Гипотиреоз кезінде метаболизмнің деңгейі төмендейді, бұл ақыл-ой мен физикалық функциялардың баяулауына әкеледі. Гипотиреоздың ең ауыр түрі - миксема, оған шұғыл медициналық көмек қажет.

Ересектердегі түнгі энурез немесе шыжыңдығы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 03:35 - (9420 Оқылымдар)

Түнгі энурез (шыжыңдық) (NE) - ұйқы кезінде өздігінен зәр шығару. Зерттеулер негізінде, ересектердің кем дегенде 2% түнде өзіне ие бола алмай зәр жіберіп қоятын көрнеді. Түнгі шыжыңдықты никтуриядан ба немесе қуықты болсату үшін түнгі ұйқыдан турудың қажеттігі (екі немесе одан да көп рет тұруға мәжбүр болу) басым болғаннан ба, саралап алу керек. Шыжыңдықтың бір-бірінен сараланатын әрқандай түрі бар.

Біріншілікті (ұзақ сақталушы) түнгі шыжыңдық - бұл бала кезде дамитын ауру, ол егер баланың «құрғақ» кезеңі 6 айдан артық аспай жатса бақыланады. Шамамен 18 жастан асқан ерлер мен әйелдердің 2-3% -ында шыжыңдықтың осы түрі байқалады.

Өт шығару жолдарының обструкциясы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-14 11:10 - (2723 Оқылымдар)

Өт шығару жолдарының обструкциясы – бұл бауыp мен аш ішектегі өт сұйықтықтарын өткізетін өт жолының бітеліп қалуы.

Тілді таңдау