Паротит (син. эпидемиялық паротит) - бұл вирустар шақыратын, құлақ пен жақ сүйегі арасында орналасқан сілекей (құлақ маңы) бездерін зақымдайтын, кейде ерлердің жыныстық бездерін де зақымдайтын (орхит) жұқпалы инфекциялық ауру. Бездер вирустардың әсерінен ісініп, қызметі төмендеп кетеді.

Паротит әртүрлі жастағы адамдарда кездеседі, бірақ басым көпшілігі 5-19 жас аралығындағы балалар болып табылады. Бір жастағы балаларда өте сирек кездеседі, себебі оларда ана сүті арқылы берілген иммунитет болады.

Паротит ересек адамдарда көп кездеспейді, өйткені олардың көпшілігі балалық шағында осы аурумен ауырған немесе оларға қызылша, қызамық және паротитке (КПК) қарсы екпе егілген. Ал егер ересек адамдар бұл аурумен ауыратын болса, ауру симптомдары ауыр дәрежеде көрінеді және асқынуға алып келуі мүмкін.


Есту қабілетінің жоғалуы (ерлерде / әйелдерде)