Тілме – іріңді стрептококк (Streptococcus pyogenes) немесе алтын стафилококк (Staphylococcus aureus) шақыратын, теріні және шырышты қабықтардың ошақтық қабынуы. Тілме негізі терінің зақымдалуынан, атап айтқанда сызат түсу, жаралану, шағу, шаншу немесе бөртпе болғаннан кейін пайда болады.

Дәрігер тілме симптомдарын мұқият қадағалауы қажет, атап айтқанда:

  • Терінің ісінуі, қызаруы, ауырсынуы. Сондай-ақ теріде жарықтар пайда болып, сұйықтықтар бөлінуі мүмкін.
  • Қызарған жерден бастап, дененің ортасына қарай бағытталған қызыл сызықтардың (лимфангинит) болуы.
  • Қызудың көтерілуі және қалтырау.
  • Іріңнің бөлінуі.
  • Лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
  • Жайсыздықты сезіну (сырқаттану).


Егер балаларда тілме бетте пайда болса, инфекцияның көзге немесе бас миына өтіп кетпеуі үшін дереу дәрігерге қаралуы тиіс. Негізі тілмені антибиотиктермен емдейді және науқасты тыныштық жағдайда қалдырып, жылулық компрессорларын қояды. Қан ағуының баяулауы (веноздық тоқырау), ұзақ уақыт кетпейтін ісінулері, диабеті немесе иммундық жүйесінің бұзылуы бар науқастарда тілме пайда болса, оларды дереу ауруханаға жатқызу керек.