Мазмұны

Себептері

Белгілері

Диагностикасы

Емделуі

Болжамы

Асқыну қаупі

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу шарасы

1
Ата-аналардың балаларын дәрігерге апара беретін себептерінің бірі – құлақ инфекциясының салдарынан. Құлақ инфекциясының жиі кездесетін түрі – ортаңғы құлақтың қабынуы (ортаңғы құлақ биологиялық ғылыми термин). Бұл ауру - ортаңғы құлақ қуысына суық тиіп, қабынғаннан және жасушалардың ісінуінен пайда болады. Ортаңғы құлақ дыбыс жарғағының дәл артында оқшауланған.

Суретте: Құлақ құрылысы көрсетілген

Асқынған құлақ инфекциясы аз уақыттың ішінде дамиды және ауыр түрде өтеді. Құлақ инфекциясы ұзақ уақыт немесе белгілі бір уақытта қайталанатын болса – хроникалық құлақ инфекциясы деп аталады.

Себептері

Евстахиев құбыры құлақтардың ортасына дейінгі жұтқыншақтың артына оқшауланған. Әдетте бұл құбырдан сұйықтық ортаңғы құлаққа құйылады. Евстахиев құбыры бітеліп қалған кезде, сұйықтық жинала бастайды. Бұл – инфекцияның дамуына әкелетін қауіп.

• Құлақ инфекциясы көбінесе жасөспірімдер мен кішкентай жастағы балаларда кездеседі. Оларда евстахиев құбырының бітеліп қатуы жиі болып тұрады.
• Құлақ инфекциясы ересектерде де кездеседі, бірақ балалардағы сияқты жиі емес.

Қандай себеппен болмасын, суық тисе және евстахиев құбыры бітеліп қалса, дыбыс жарғағының артындағы ортаңғы құлақтың қуысынан сұйықтық ағады. Мынадай бірнеше себептердің қатысы бар:

• Аллергия
• Суық ұстап қалу және мұрын қуысына суық тигендегі инфекция
• Тіс өсу кезінде сілекейлене беру
• Инфекциялық қабыну немесе аденойдтардың үлкеюі (жұтқыншақтың үстінгі жағындағы лимфатикалық тіндер)
• Темекі шегу

Құлақ инфекциясына көп ұрынатын әсіресе балалар, олар шөлмекпен немесе тостағанмен шалқасынан жатып ап ұзақ уақыт сусын ішкенде осыған тап болады. Дегенмен, егерде дыбыр жарғағында тесік болмаса, құлаққа кірген судан қауіпті құлақ инфекциясы дамымайды.

Құлақ инфекциясы көбінесе қыста мазалайды. Құлақ инфекциясы адамнан адамға жұқпайды, бірақ балалар тұмауды жұқтырып алуы мүмкін. Нәтижесінде, кейбір балаларда құлақ инфекциясы дамып кетеді.

Мәліметтер бойынша құлақ инфекциясының даму қаупі мына жағдайларда туындайды:

• Бала бақшадағы қарым-қатынаста (әсіресе топтық, 6 баладан артық топта);
• Мезгіл өзгергенде немесе таулы жерде турғанда;
• Суық мезгілде
• Селқос шылым шеккенде
• Бұрын болған құлақ инфекциясының қалдығы қалып қойғанда;
• Емшек ембеген балаларда;
• Жасанды үрпімен еметін балаларда;
• Жақында жұққан құлақ инфекциясынан;
• Жақында кез-келген ауруға шалдыққаннан (инфекцияның салдарынан организм кез-келген ауруға төтеп бере алмайды).

Белгілері

Құлақ инфекциясының көп кездесетін белгілері, жасжеткіншектер ылғи мазасызданып, жылай береді. Балалардың көпшілігінде өткір инфекцияның салдарынан безгекке ұрынады немесе ұйқысы дұрыс болмайды.

Жасөспірімдерде және ересекдерде құлақ инфекциясынынң белгілері мынадай болып келеді:
• Құлақ ауырады;
• Құлақ бітіп қалғандай болады;
• Дімкәстенеді; (әлсірейді)
• Құсады;
• Іші өтеді;
• Жақымданған құлағымен естімей қалады.

Құлақ инфекциясы суық тигеннен кейінда дамуы мүмкін. Сары немесе жасыл сұйықтықтың ағуы, дыбыс жарғағының зақымданғанын білдіреді.

Кез-келген өткір құлақ инфекциясы дыбыс жарғағының артынан сұйықтық ағуға себепкер болады.

Диагнозы

Дәрігер отоскоппен қарау арқылы диагноз қояды. Әдетте, инфекцияның белгісін қою жеңіл.

• Ауырған жер босатады немесе қызарады;
• Дыбыс жарғағының артында ауа көпіршіктері немесе сұйықтық болады;
• Ортаңғы құлақ қуысынан қан аралас сұйықтық немесе ірің ағады;
• Дыбыс жарғағында перфарация болғаннан (тесілу);

Кейбір адамдарда құлақ инфекциясы бұрыннан болуы мүмкін, дәрігер оларға есту қызметін тексеру үшін тест жүргізеді.

Емдеу.

Бірқатар құлақ инфекциялары антибиотиксіздер-ақ, өз бетімен жазылып кетеді. Ауруын басатын дәрілерді уақытымен қолданып, организмнің өзеркімен қалыптасуына мүмкіндік берсе, сол да жеткілікті.

• Ауырған құлағыңызға жылыман су құйылған шөлмекті немесе жылы орамалды басыңыз;
• Ауруды басатын дәрі тамшыларын қабылдаңыз, немесе, дәрігерден қандай амал қарастыру керек екенін сұраңыз;
• Ауруды басатын және қызуды түсіретін дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз, мысалы, ибуфен немесе ацетаминофонды қолданып көріңіз. Балаларға асперин беруге БОЛМАЙДЫ.
6 айдан кіші балаларда симптомдар немесе безгек бар болса, дәрігермен кеңесу керек. 6 айдан асқан балаларды үйде де емдесе болады, тек мына сипмтомдар болмаса:
• Дене қызуы 38.9°C- ден асып кетсе;
• Қатты ауырып және басқа арудың белгілері байқалса;
• Денсаулықта басқа да қауіпті мәселелер туындаса.
Ауруыңыз қайтпай жатса, симптомдары барған сайын күшейе түссе, дәрігерге хабарласыңыз, ол сізге қажетті антибиотиктерді жазып береді.

Антибиотиктер

Құлақ инфекциясын вирустар мен бактериялар да қоздырады. Егер инфекцияны қоздырған вирус болса, антибиотиктер көмектеспейді. Көптеген дәрігерлер кез-келген инфекцияға антоибиотик тағайындай бермейді. Ең құрғыған жағдайда, құлақ инфекциясына шалдыққан 6 айдан кіші сәбилерге, бактерияға қарсы дәрілер қолдануға нұсқау береді.

Дәрігер көп мөлшерде анибитик қолдануға нұсқау береді, егер:
• Бала 2 жастан асқан болса;
• Балада безгек ауруы болса;
• Бала тағыда бір басқа аурумен ауырса;
• Баланың жағдайы 24-48 сағаттың ішінде жақсармаса.

Антибиотиктерді тағайындағаннан кейін, оларды уақытымен пайдалану өте маңызды, сол сияқты басқа дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану керек. Ауру белгілі жойыла бастаса да, дәрі ішуді ТОҚТАТПАҢЫЗ. Егер антибитиктер 48-72 сағаттың ішінде оң әсерін бермесе, дәрігерге қаралыңыз. Антибиотиктерді ауыстыруыңыз мүмкін.
Антибиотиктерді қолданғаннан жүрек айнуы, құсу, диарея секілді жағымсыз әсерлер де болады. Кей кездерде ғана ауыр аллергиялық серпін дамиды.

Кейбір балаларды құлақ инфекциясының қайталанба эпизоды мазалайды. Бұл эпизодтардың арасында ауру симптомдары білінбей тұрады. Мұндай жағдайда балаларға антибиотиктіктің аз ғана тәуліктік мөлшері беріледі, ол инфекцияның қайталануын болдырмайды.

Хирургиялық емдеу
Егер кәдімгі дәрі-дәрмектерді пайдаланғанның өзінде, оң өзгеріс байқалмаса, немесе балаларда аз уақытта инфекция жиі қайталана берсе, оған дәрігер құлақ түтікшелерін қолдануға кеңес береді.
• Жіңішке түтікшелер дыбыс жарғағына орналасады, кішкене тесік қалдырылады, онымен ішке ауа өтеді, осындай жолмен құлақтан сұйықтықтардың шығуы жеңілдейді.
• Әдетті түтікшелер өздері түсіп қалады. Ал егер түспесе, оны дәріген өзі алып тастайды.
Құлақ инфекциясы қайта-қайта ылғи мазалай берсе және аденойдтар өсіп кетсе, сізге дәрігер аденойдтарды хирургиялық жолмен жоюды ұсынады. Бадамша бездерді алып тастағаннан, қайталанба құлақ инфекциясының дамуын тоқтамайды.

Болжам

Жиі болатын құлақ инфекциясы – бұл қауіпті ауру емес, себебі одан тез жазылып, қалыпты жағдайға тез орласың. Бұл инфекцияға ем жақсы қонады, бірақ болашақта олар қайталануы мүмкін
Көп балаларда инфекция кезінде және инфекциядан кейін аз уақыт дұрыс естімей жүреді. Бұл ортаңғы құлаққа сұйықтықтың құйылғандығынан. Сұйықтықтар емделгеннен кейін де, дыбыс жарғағының артында біраз апта немесе ай бойы кетпей тұрады.

Бұл аурудың әсерінен тілдің күрмелуі сирек кездеседі, бірақ, қайталанна беретін құлақ инфекциясының салдарынан, баланың ұзақ уақыт бойы естімей жүргендігінен тілі кеш дауы да мүмкін.

Асқыну қауіптілігі

Қауіпті инфекцияларға сирек жағдайларда ғана ұрындырады. Мысалы:
• Мастойдит (құлақтың артқы тұсындағы бас сүйектің қабынған инфекциясы )
• Менингит (ми қабықшасының қабынған инфекциясы)

Қашан дәрігерге тексерілу керек?

Педиатрға мынадай жағдайларда тексеріліңіз:
• 24-48 сағаттың ішінде ауру, безгек, мазасыздануы қайтпаса;
• Бала ауырғанда, құлақ инфекциясы сияқты емес, одан басқаша қаттырақ аурса;
• Бала қатты ауырып, қызуы көтеріліп кетсе;
• Қатты ауырғаны дереу басылса, онда оның дыбыс жарғағы жарылып кетуі де мүмкін.
• Симптомдары төмендесе;
• Басқа симптомдары пайда болса, әсіресе басы қатты ауырса, басы айналса, құлағының айналасы ісісе немесе бет бұлшық еттері қызып тұрса.

6 айға толмаған балаңыздың дене қызуы жоғарылап тұрса, басқа аурудың симптомдары кезедсе бастаса, онда тез арада осы жағдайды дәрігерге айтыңыз.

Алдын алу шарасы

Сіз мынадай іс-шараларды орындау арқылы балаңыздағы құлақ инфекциясының даму қаупінің алдын аласыз:
• Баланың қолы мен ойыншықтарын жиі жуып тұрыңыз;
• Бала бақшада, кемінде 6 баладан тұратын топты таңдаңыз. Бұлай істеу арқылы, балаңызды тұмау тиюден немесе құлақ инфекциясына соқтыратын басқа да инфекциядан қорғай аласыз;
• Емізікті қоданудан аулақ болыңыз;
• Баланы емшек сүтпен тамақтандырыңыз, ол нәрестенің құлақ инфекциясына төзімділігіне демеу болады. Егер баланы шөлмекпен тамақтндырсаңыз , онда оны отырғызып немесе жантайтып қойып беріңіз.
• Баланы мүлдем темекі түтініне жақындатпаңыз;
• Екпелерді уақытымен салдырыңыз. Пневмокок вакцинасы баланы өткір құлақ инфекциясын қоздыратын бактериядан, сондай-ақ, көптеген респираторлы (тыныс алатын жер) ифекциялардан қорғайды.
• Антибиотиктерді шамадан тыс қолданудан сақтаныңыз. Әйтпесе, антибиотиктерге тәуелділігі артып кетуі ықтимал.

Пайдаланған әдебиет: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000638.htm

Тегтер:

Ортаңғы құлақтан бұлық ағу
Суық тию
инфекция
құлақ ауру
отоскоп