Дененің бөлшектері немесе аяқ-қол, қол аусақтары және тырнақтар бір заттарға (мысалы, құты, банка, ойыншық, құбыр т.б. сияқты нәрселерге) қысылып қалуы мүмкін.
Қысылған дененің бөлігін немесе қол-аяқты қажет болса тұтқалы заттың көмегімен босатыңыз.
Аяқ-қол қысылғанда қанайналымы тежелуі немесе мүлдем тоқтауы мүмкін. Қысылған жерді жылдам босатудың салдарынан, саусақтың немес аяқ-қолдың жұлынуы сияқты оқыс, қиын жағдайлар орын алуы мүмкін. Дененің бөлігін немесе аяқ-қолды жарақаттамас үшін оларды қысылған жерден абайлап шығару керек.
Қысылған аяқ-қолды босату үшін:
• Қысылған аяқ-қолды майыстырмау керек. Өйткені, бұл әрекетіңіз ісіктің пайда болуына және көңіл аударудың қиындауына себеп болуы мүмкін;
• Аяқ-қолды босатып, дем алдырыңыз. Кейбір жағдайларда мұндай шаралар қысылған аяқ-қолды босату үшін жеткілікті әрекет болып табылады.
• Егер мүмкіндік болса, аяқ-қолды жүрек деңгейінен жоғары ұстаңыз, сол кезде ісікті болдырмауға мүмкіндік жасалады;
• Қысылған жерге мұз басыңыз. Мұндай шара арқылы ісінуін басып, қысылған саусақтарды босатуға жағдай жасалады;
• Егер мұз көмектеспесе, онда аяқ-қол сырғанақ болуы үшін сабынды суды немесе күнбағыс майын тамызып қойыңыз;
• Қысылған жерді жұлып алмай, бұрап алу керек.
Егер бұл шаралар әсер бермее, онда жедел көмек тобы көмектесе алады. Ондай жағдайға тап болғанда, өрт сөндіру қызыметінің көмегін немесе жермен байланысты кейбір обьектілердін аяқ-қолды босату қызметінің көмегін шақырған дұрыс.
Тегтер:
Қысылған қолдар
тырнақтар немесе қыссылған аяқ-қол
ауру
дененің ұйыған бөлігі қансырау
алғашқы көмек
ұзақ уақыттық қысым синдромы