Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін болатн асқнулар

Дәрігерге қашан тексерілу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Үрпінің тарылуы – несеп шығару арнасының тарылуы немес кішіреюі. Бұл жайсыздық ерлерде жиі кездесіп жатады, ал әйелдерде сирек ұшырасады.
Бүйектен шыққан әрбір несеп тамшысы несеп жолымен қуыққа түседі. Қуық – бұл екі шаптың ортасында, үстіңгі жағында орналасқан жыныс мүшесі. Одан несеп шығарылады. Қуық үш қабаттан тұрады: сыртқы ұйыма қабығы, бұлшық еттік қабат, ішкі шырышты қабық. Бұлшық еттік қабат қысылғанда несеп шығарылады. Несеп қуықтан басқа түтік арқылы – несепағар арнасы (үрпі) арқылы шығарылады. Әйелдердің үрпісі жатыр қақпасы алдындағы, клитор алдынан, жыныс жырығынан, екі кішкене еріншенің отрасындағы сыртқы тесіктен ашылады. Ал ерлердікі, жыныс мүшесінің басынан ашылады. Әйелдердің несеп ағар арнасы тек несеп шығару қызметін атқарады. Еркектердің ағзасындағы үрпі несеппен қатар, шәует шығару қызметін де атқарады.
пи

Себептері
Аурудың басты себептері:
• Шаптың зақымдануынан немесе жарақат алуынан;
• Жұқпалы аурулардың салдарынан (гонорея, хламидиоз, туберкулез);
• Қуыққа құралмен тексеру жүргізгенде инфекция жұқтырғаннан;
• Ісіктен (кей жағдайларда ғана);
• Терінің қабынбалы зақымдануынан (үрпінің сыртқы тесігінің тарылуын туындатады);
• Үрпінің тума ақауы;
• Сәулелену (өте сирек жағдайда).
Себептердің көбісі үрпінің берішті-тыртықты өзгерістеріне (икемсіз дәнекер тіндердің таралуына) әкеліп соғады

Симптомдары
• Несеп шығарудың қиындауы;
• Несепағар арасынан түрлі бөлінділердің шығуы (шырыш, ірің т.б.)
• Жиі несеп шығару;
• Несеп шығарғанда ауырсыну;
• Шәует шығарғанда қан араласуы;
• Қою, қанды несептің шығуы;
• Несеп шығара алмау;
• Несепті ұстай алмау (несеп шығаруды бақылауда ұстай алмау);
• Асқазанның астыңғы жағының ауруы;
• Шап жақтың ауруы;
• Несептің ақырындап тама беруі (күтпеген жерден немесе ақырындап дамуы мүмкін);
• Несептің түйірленіп, сүзіліп шығуы;
• Жыныс мүшесінің ісінуі.

Диагностикасы
Дәрігер сыртқы жыныс мүшелерін тексереді, шап жақты реактальді (артқы тесік арқылы) саусақпен тексереді.
Дәрігер тексеру барысында төмендегідей жайттарды анықтауы мүмкін:
• Несепағар арнасынан бөліндінің шығуын;
• Жыныс мүшесінің қызаруы немесе ісінуі;
• Жыныс мүшесінің қаттылығын;
• Шап жақтағы лимфа түйіндердің үлкеюін;
• Қуық асты безінің үлкеюін (қуық асты безін саусақпен сипап қарау арқылы тік ішек жолынан 3-4 см. қашықтықта тік ішек алдынан тексереді).Нормада оның контурлары анық, бөлігі симметриялы, тығыз-серпімді; ауыртпалықсыз келеді.
Ауруды анықтау үшін мынадай тексерулер жүргізілуі ықтимал:
• Қан талдамасы;
• Несемтегі тамшылардың бактериалдығы;
• Хламидоз бен гонореяға тест өткізу;
• Қуықтың үлкейіп кетпеуін анықтау үшін, қуықты УДЗ-ға түсіру
• Қуықты УДЗ тексерту кезінде несеп ағардың қалған мөлшері толады
• Урофлоуметрия – бұл зәр шығару кезінде несеп ағынының жылдамдығын динамикалық тіркеу. Науқас урофлоуметр аппаратының шұңқырына - сиеді. Урофлуометр несеп шығару көрсеткіштерін тіркейді және оларды компьютерге жібереді, ол ақпаратты кесте түрінде танытады. Шығарылған несептің жалпы көлемі өлшенеді, несептің орташа жылдамдық ағыны зәр шығарудың ұзақтығының бұзылу-бұзылмағандығын анықтауға көмектеседі. Бұл әдісі арқылы үрпі мен қуықтық бұлшық ет арасынадғы үйлесімділікті, олардың жиырылмалы қасиетін бағалауға мүмкіндік туады. Зәр шығару жылдамдығының төмендеуінен қуықтың жиырылмалы қаблетінің төмендеуі мен ісіктің пайда болғандығын анықтауға болады.
• Ретроградты уретрограмма (үрпінің тума ақауын анықтауға бағытталған әдіс)

Емдеу
Үрпінің тарылуын жазу үшін бірнеше түрлі негізгі емдеу әдістерін қолданса болады. Әдіс жекеше түрде қолданылады, және тарылудың қай жерде орын алғандығына да байланысты, сондай-ақ, бездердің түйрлену процесі мен басқа да зақымдалған тіндердің жағдайына қарасты болды.

Қазіргі уақытта үрпінің тарылуына мынадай әдістер қолданылады:
Сүмбілеу әдісі (үрпінің өтімділігін тексеру) сүмбі-дилататорлар (өзек кеңейткіш) немесе арнайы үрпілік баллонды кеңейткіш катеторларды (эластинді түтікше, үрпінің ішіне ендіріледі де, оны кереді) пайдалану. Бұл әдіс, үрпідегі жалғыз тарылуды емдеу үшін пайдаланылады.

Үрпіні іштен тілу – бұл эндоскопиялық әдіс, көзбен көре отырып, үрпінің тарылған жерін тіліп, кеңейтеді. Оптикалық түтікше – несеп ағар арнасынан үрпінің басына дейін жүргізіледі. Арнайы «пышақ» немесе сәуле («сәулемен тілу»), үрпінің түп жағына орналастырылады да, құралдың женден жеріне дейін, үрпінің ашылғанша берішті тіндерді тіліп отырады. Тарылған жер тілінгеннен кейін және несепағар арнасындағы тіліктер жазылғанша бірнеше күнге дейін сүрпелі картер қойылады. Бұл емдеу әдісінен кейін асқыну қаупі тек тарылу қайталануы мүмкін. Бірақ ол үрпінің тереңгі жағының зақымдануына байланысты.

Ашық жедел ем – үрпінің тарылуын емдеудегі ең сеніміді әдіс болып табылады. Үрпінің саңылауы трансплантаттарды (дененің басқа бөлігіндегі тін кесінін ауыстырып салу) қолданғаннан кейін қайта қалпына келуі мүмкін. Немесе «алып тастау» әдісі (резекция) тігілгеннен кейін үрпінің зақымданған жерін түп-тамырымен алып тастау көзделеді.

Мүмкін болатн асқынулар
Үрпінің тарылуынан несеп арғар арнасы түгелдей бітеліп қалуы мүмкін. Аталмыш ауруды уақыт күттірмей емдеу керек.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Егер сізде үрпінің тарылу симптомдары кездесіп жатса, дәрігерге дереу қаралыңыз.

Алдын алу
Аурудың себебі болып табылатын инфекцияның алдын алу үшін жыныстық қатынасқа аса мән берген жөн, ол үшін мүше қапты пайдаланыңыз, қытынасқа түсетін серігіңіздің ауру жұқтыратын-жұқтырмайтынын біліп алыңыз.
Үрпінің тарылуын емдеу арқылы қуықтың не болмаса бүйректің ауруларының асқыну қаупінің алдын алуға болады.

Несеп шығарудың қиындауы (ерлерде)

Тегтер:
үрпінің тарылуы
үрпіні тілу
үрпі тарылуының симптомдары
үрпі тарылуының емі
несепағар арнасының тарылуы
несеп шығарудың қиындауы
несептің жүрмей қалуы
несеп шығарғанда ауырсыну сезімі