Жүктелуде...
 

Денсаулыққа пайдалы йогуртты қалай таңдауға болады

Денсаулыққа пайдалы йогуртты қалай таңдауға болады

translator Сейсенбі ақпан 26, 2019


Thumbnail

Біз йогуртті ақуыз, кальций, йод, В витамині және т.б. да пайдалы бактериялар мен қоректік заттары бар пайдалы өнім деп санаймыз. Алайда жақында «BMJ Open» журналы Ұлыбританиядағы Лидс және Суррей университеттері супермаркеттерде сатылатын йогурт түрлерінің көпшілігінде қанттың көп мөлшері анықталғандығын жариялады.

Тіпті органикалық йогурттың өзінде қант мөлшері бірнеше есеге асып, 100 грамм өнімде 13,1 грамм шыққан көрінеді. Еуропалық Одақтың талаптарына сәйкес болса, оларда майдың және қанттың мөлшері 100 грамда 3 және 5 граммнан аспауы керек еді.

Талдау барысында зерттеушілер бес ірі Ұлыбритания супермаркеттерінде сатылған шамамен 900-дей йогурт және йогурт тектес өнімдердің қоректік заттарын тексерілді. Бұнда ашытылған сүт өнімдерінің сегіз санаты қарастырылды: балалардікі, соның ішінде майсызы; соямен; десерттерімен; сусындар; хош иістендірілген йогурт; жемісті; табиғи немесе грек, сондай-ақ органикалық.

Зерттеу нәтижелері бойынша қанттың категориялары әртүрлі болғанымен, ұсынылған норма шегінен асып кетіп жатты. Табиғи және грек йогурттарының ғана қоспалары аздау екен.

Күтілгендей, қанттың ең көп мөлшері десертісінде - 100 граммда 16,4 г, ал майлылығы - 100 граммда 5,2 грамм, шықты, одан кейін балалардікі бой көрсетіп тұрды, содан соң хош иісті, жеміс-жидек және органикалық санаттағы өнімдердің бәрінде де қант мөлшері айтарлыөтай көп болды. Бұл азық-түліктерде қант мөлшері орта есеппен 100 грамында 10,8 грамм және 13,1 г-ға дейін болды. 101 түрлі балалар йогуртының тек екі түрінде аз май құрамы аз болды, 100 грамнан 5 грамм және 100 грамм қанттың нормалары байқалды, олардың нәтижелері ғалымдарды таң қалдырды.

Зерттеушілердің пікірінше, әдетте пайдалы өнім деп саналатын йогуртте қанттың мөлшері көп болғандықтан ерте жастан қант диабетінің бастау алуы, артық салмақтың артуы, балалардағы тіс проблемаларының көбейіп кетуініңнің себептері осында жатқан секілді.

Талдау нәтижелері бойынша сарапшылар, өкінішке қарай, сатылатын йогурттың барлығы пайдалы бола бермейтінін және осы ашытылған сүт өнімдерін таңдау кезінде төмендегі нұсқауларды орындау қажет екені ұсынды:

– пастерленген йогурттарды алмаңыз, пастерлеу кезінде денсаулық үшін пайдалы «тірі» қоректік заттар жойылады.
– Құрамындағы кальцийді тексеріңіз, 230 граммда шамамен 35-40 % болуы керек.
- Өнімдегі ақуыздың мөлшеріне назар аударыңыз дұрыс грек йогуртында 170 граммда 15-20 грамм ақуыз болады, ал кәдімгі йогуртта 9 грамм ақуыз болады.
- ингредиенттері аз йогуртті таңдаңыз. Тамақтану сарапшыларының пікірінше, пайдалы йогуртта тек сүт және екі бактерия түрі болуы керек. Жапсырмасында ұзын-сонар тізілген ингредиенттердің тізімі жазылған йогуртты алмай-ақ қойғаныңыз жөн.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау