Жүктелуде...
 

Мерзімсіз өлім қаупін азайтатын өнім

Мерзімсіз өлім қаупін азайтатын өнім

translator сәрсенбі қаңтар 24, 2019


13 мақала

Ағылшындар «күніне бір алма жесең – дәрігердің қажеті болмайды» деген, белгілі тәмсілі көп жылдық зерттеулерге негізделіп айтылған. Бұл мәтелді Оксфорд университетінің зерттеушілері де қуаттайды. Іздестірілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері British Medical Journal-ында жарияланды.

Ғалымдар статиндерді салыстыра отырып жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын ерте өлім қаупіне алманың оң әсерін болатынына көздері жетті. Статиндер - холестеринді төмендететін дәрілік заттар, олар әдетте 50 жастан асқан адамдарға инсульт пен жүрек-қан тамырын болдырмау үшін тағайындалады. келе, Жүрек-қантамырлары ауруларынан болатын үлімді қайсысы жақсы қысқартатынын білу мақсатында статиннің күнделікті тұтынылу деңгейін және күнделікті бір алманы жеудің пайдасын математикалық модель қолдана отырып анықталды.

Статиндерді күнделікті қабылдаудан қарағанда алманы күнделікті жеу жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді деңгейін азайтатыны анықталды. Атап айтқанда, ғалымдар егер Ұлыбританияда 17,6 миллион адам күн сайын статин қабылдайтын болса, бұл қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді жылына 9400 жағдайда азайтады. Біріккен Корольдіктің 50-ден астам тұрғыны күнделікті алма тұтынса, жүрек-қантамыр ауруларынан болатын мерзімінен бұрынғы өлімінің 8,5 мың жағдайын азайтады деген қорытындыға келген. Алайда, зерттеушілердің айтуы бойынша, статиндерді қабылдау бұлшықеттердің бұзылуы (миопатия) және қант диабеті сияқты жанама әсерлерге апаруы мүмкін. Егер 50 жастан асқан барлық адамдар статинді қабылдаса, бұл 1000 миопатия мен жылына 10 000-нан астам қант диабетіне шалдығуы ғажап емес екен.

Авторлар зерттеу барысында, аурудың алдын алу үшін күнделікті тамақтануда білінбейтін өзгерістердың де айтарлықтай маңызы бар екенін, сондай-ақ, дұрыс тамақтанбаудан да жүрек-қантамыр аурулары пайда болатынына көзеді жеткен.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.


Тегтер:
Медицина
Денсаулық

Тілді таңдау