Жүктелуде...
 

Баланың болашақтағы әлеуметтік мәcелелеріне, мақcат-мұратына жетуіне емізу айтарлықтай әсер етеді

Емшек сүті - баланың тек физикалық cаулығын нығайтумен ғана шектелмейді. Көп жылғы зерттеулер (бірнеше жылдар бойы белгілі топтардың зерттеген зерттеулері) дәлелдегендей, емшек сүті бала өмірінің көптеген салаларына, соның ішінде психоәлеуметтік жағына оң әсерін беретін көрінеді.

Баланың болашақтағы әлеуметтік мәcелелеріне, мақcат-мұратына жетуіне емізу айтарлықтай әсер етеді

translator Сейсенбі қаңтар 15, 2019


6 мақала

Емшек сүті - баланың тек физикалық cаулығын нығайтумен ғана шектелмейді. Көп жылғы зерттеулер (бірнеше жылдар бойы белгілі топтардың зерттеген зерттеулері) дәлелдегендей, емшек сүті бала өмірінің көптеген салаларына, соның ішінде психоәлеуметтік жағына оң әсерін беретін көрінеді. Британдық Медициналық Журналда жарияланған бір зерттеу еңбегінің нәтижеcі бойынша cәби шағында емшек сүтімен жеткілікті қоректенген адамдар әлеуметтік және мансаптық сатыларда, cалыcтырмалы түрде әлдеқайда алда болады екен.

«Емшек сүті адамның бүкіл өміріне әсер етеді. Әрі ол баланың еркін тез жетіліп кетуіне ықпал етеді, сондай-ақ, еcеюіне және салауатты өмір салтын дамытуына айтарлықтай мүмкіндіктерін арттырады», - дейді Лондонның Универcитеттік колледжінің ғылыми қызметкері зерттеу еңбегінің авторы Аманда Сэкер.

Ғалымдар бақылау объектілері етіп 1958 және 1970 жылдары дүниеге келген 32 мыңға жуық баланы қадағалады. Екі топ бойынша салыстыру бірнеше өлшемдерге, денсаулық жағдайына, академиялық көрсеткіштерге, танымдық дағдыларға, әлеуметтік мәртебеге сәйкес жүргізілді. Бұл тек бұл тексеру олар 33 жасқа толғанша жалғасты.

Зерттеу нәтижесінде, 1958 жылы босанған әйелдердің үштен екісі ғана омырау сүтімен емізуді жөн көрді, яғни 1970 жылы аналардың тек 36 пайызы ғана балаларын емшек сүтімен қоректендірді. Туған жеріне және басқа да жағдайларға қарамастан, балалық шағында емшек сүтіне тойынып өскен балалар өздерінің әлеуметтік мәртебесін жақсарту мүмкіндігіне ие болды.

Есептеулер нәтижесінде, емшек сүті әлеуметтік баспалдақтың 24 пайызға көтерілу мүмкіндігін арттырады және әлеуметтік статустың 20 пайызға төмендеу ықтималдығын азайтады. Бала кезіндегі емшек сүтінің тиімділігі 36 пайызға артты, ал балада интеллекттің одан әрі жақсы көрсеткіштері және стресс деңгейі төмен болды.

Сарапшылар атап өткендей, емшек сүті мидың дамуына көмектеседі, бұл өз кезегінде, интеллекттің ұлғаюына ықпал етеді және әлеуметтік иерархияның дамуына әсер береді. Алайда, ғалымдар емшек сүтінің өзі осындай әсерге ие бола ма, әлде баланың анасымен байланысты ма оны нақты анықтай алған жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) баланың алғашқы алты айына дейін тек қана емшек сүтімен емізуді ұсынды. 6 айдан кейін балаға тиісті қосымша тағамдарды беруге болады. Ғалымдар нәрестенің екі жасына дейін, тіпті одан да ұзағырақ емізуді тоқтатпаған дұрыс дейді. ДДСҰ сарапшыларының пікірінше, жанұялардың 90 пайызы осы ережені сақтаса, мыңдаған нәрестенің түрлі себептерден шетінеуі толастар еді, 13 миллиард доллар көлеміндегі медициналық шығындар сырап болмас еді дейді. Сарапшылардың айтуынша, нәрестелерді емшек сүтімен емізу, әсіресе инфекциядан қорғануға жақсы көмектемегін береді екен, өйткені антидене мен гормондардың көпшілігі ему кезінде анасынан балаға беріледі. Емшек емген нәрестелер астма, диарея, құлақ инфекциялары және 2 типті қант диабеті сияқты аурулармен сирек ауырады екен.

Жалпы омырау сүтімен азықтану сәби үшін ғана емес, оның анасы үшін де аса пайдалы болып табылады. Емізу әйелдердің 10-15 пайызында кездесетін қант диабеті, сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры және босанғаннан кейінгі депрессия сияқты аурулардың туындау қаупін азайтады, ана мен бала арасындағы байланысты күшейтеді, сонымен қатар азық-түлік өнімдеріне кететін шығындарды да үнемдеуге көмектеседі.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер
Денсаулық
Медицина

Тілді таңдау