Жүктелуде...
 

Тұмау: қалай алдын аламыз және онымен қалай күресеміз

Суық түскен уақытта адамдардың көпшілігі тұмауратады және суық тиіп ауырып жатады. Ендеше біз алдымен адамға неге суық тиеді және тұмаудан қалай құтылуға болатындығы жайында әңгіме өрбітетін боламыз.

Тұмау: қалай алдын аламыз және онымен қалай күресеміз

translator Сейсенбі қаңтар 15, 2019


5 мақала

Суық түскен уақытта адамдардың көпшілігі тұмауратады және суық тиіп ауырып жатады. Ендеше біз алдымен адамға неге суық тиеді және тұмаудан қалай құтылуға болатындығы жайында әңгіме өрбітетін боламыз.

Суық тиуден болатын аурулар – вирустардан туындайды: олар риновирустарды тудырады, риновирустар бір зат арқылы немесе көзге көрінбейтін түйіршіктер болып ауа арқылы таралады. Бұл вирустар мұрын қуысы мен жұтқыншақтағы шырышты қуысқа түседі, әрі сол жерде көбиеді, содан қанға араласады, ары қарай ол адамның иммунитетіне әсер береді: егер ол төмен болса, тұмау түрлі симптомдар мен көрініс береді, яғни: қызу көтеріледі, бас ауырады, тамақ ауырады, мұрын бітеледі.

Құрғақ ауа жабық жерде болсын, ашық жерде болсын ағзаның вирусқа қарсы тұру мүмкіндігін төмендетеді. Шылымды жиі шегу де, аз шегу де вирусқа қарсы тұруға тосқауыл болады. Темекі шегетіндердің көпшілігі тұмаумен жиі ауырады. Оларда тіпті тұмау асқынып, бронхит немесе пневмония секілді салмақты аурулар да дамиды.

Тұмау - ең көп таралатын инфекциялық ауру болып табылады. Ол барынша жұқпалы болып келеді, әсіресе симптомдар пайда болғаннан кейін алғашқы 2-4 күнінде ол тез жұғады, әрі адамды екі апқаға дейін дел-сал қылып әбден қалжыратып жібереді.

Біз тұмауға себеп болатын көптеген жайттарды айта береміз, мысалы, суық ауа-райында жеңіл киіну, желдің өтінде көп отырып қалау немесе жатып ұйықтап қалу, жуынып алып басымызды кептірмей сыртқа шығып кету деген секілді. Дегенмен, бұлардың бәрі тұмаудың себепкері бола бермейді екен.

Тұмау - көбінесе абамнан адамға инфекция арқылы таралады. Әсіресе, тұмауратқан адам түшкіргенде немесе жөтелгенде оның аузынан шыққан сілекей түйіршіктері шашырап ауамен араласып, содан ол шамамен үш жарым метір аралыққа дейін ауаны инфекциялап, басқа сау адамдарға да жұғады. Одан басқа тағы бір жолы, инфекция түскен затты ұстасаңыз, содан кейін қолыңызды аузыңызға немесе мұрныңызға жақындатсаңыз тұмау содан да жұғады. Кейбір адамдар тұмаумен апта бойы ауырады, кейде тіпті одан да ұзаққа дейін сауыға алмай жүреді.

Тұмау қанша күнге дейін созылуы мүмкін және оның симптомдары қандай болады? Тұмауды басқа аурулардан қалай ажыратамыз?

Тұмаудың алғашқы симптомдары көбінесе тамақ ауруымен басталады, мұрыннан су ағады, мұрынның тыныс жолдары бітеліп, адамды түшкірте береді.

Тұмауратқан адам өзін шаршаңқы сезінеді, тамағы ауырады, жөтеледі, басы, бұлшық еттері ауырсынады, тәбеті жоғалады, денесі қызып тұрады. Мұрыннан сұйық сары маңқа ағады немесе жасыл түйіршіктер шығып тұрады. Тұмау көбінесе бір аптаның ішінде қайтады, бірақ кейбір жағдайда жазылу процесі бірнеше аптаға дейін созылып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайларда аурудың негізін тек медициналық тексерістер жүргізу арқылы анықтауға болады.

Диагностика жасау үшін, дәрігерлер әдетте көздің көрінетін шырышты қабаттарын тексереді. Қажет болса, симптомдар әртүрлі емдеу тактикасын талап ететін басқа ауруға қолданылмайтынына көз жеткізу үшін бөртпелерден тампон алуға болады. Егер сіз немесе балаңыз 3-4 күннен кейін жақсы болмаса және тұмау симптомдары қайтпай асқынып бара жатса, онда, ол синусит, бронхит және тағы басқа ауруларға жалғасып кетуі мүмкін.
Егер түшкіру, жөтелу сияқты симпомдар басқаша сипатта пайда болса, мысалы, белгілі бір өсімдік немесе үй жануарларының қасына барған кезде немесе жылдың белгілі бір мезгілінде қайталана берсе, онда бұл симптомдар аллергиядан болуы мүмкін. Егер тұмау кезінде жағдай нашарлап, тыныс алу қиындап немесе тамақта қырыл күшейіп кетсе онда ол бронхильді астма болып қалуы да ғажап емес.

Тұмауды емдеу керек пе, әлде өздігінен жазылуын күту керек пе? Ал егер емдеу керек болса оның қандай дұрыс жолдары бар? Қызу басатын дәрілерді қайтпек керек?

Негізі тұмау арнайы емдеусіз-ақ өздігінен кетеді. Бірақ, ол кей жағдайда дене қызуын көтереді, денені ауыртып, жағымсыз симптомдармен де көрініс береді. Дене қызуын түсіру үшін және ауырғанды басу үшін қызу төмендеткіш немесе ауруын басатын дәрілер қолданылады. Қызуды төмендету және ауырсынуды жеңілдету үшін антипиреозды және анальгетиктерді қолдануға болады. Көптеген дәрігерлер ацетилсалицил қышқылын, сондай-ақ ацетаминофенді немесе ибупрофенді және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды тағайындайды. Олар жасына немесе салмағына сәйкес пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, жиі тұншығу симптомдарын жеңілдету үшін мұрынға тамшылату немесе спрей түрінде тағайындалады, сондай-ақ антигистамин (антиаллергиялық) препараттар да қолданылады.

Ал балаларға ацетилсалицил қышқылын бермеу керек, өйткені оны көп қолданса Рейдің синдромына әкеліп соқтырады, ол өте қауіпті, арты өлімге әкелуі мүмкін. Алайда, ондай жағдай сирек орын алып жатады.

Кішкентай балаларға қатысты тағы бір маңызды мәселені айта кетсек. Қазіргі уақытта көптеген мамандар, балаларға тамыр тарылтатын және антигистаминді дәрілерді қолдануды толықтай мақұлдамайды: себебі олардың балаға берер оң әсері дегендей емес. Әрі, тамыр тарылтатын дәрілер жас сәбилердің денесін тітіркендіріп, галлюнация және жүректік аритмиясын қоздыруы мүмін.

Тұмаудан қорғаудың ең тиімді жолы қандай? Күнделікті алдын алу шаралары жеткілікті ме?

Ересектердің көпшілігі жоқ дегенде жылына бір рет тұмаумен ауыраып қалады. Ал балалар одан жиірек ауырады - жылына сегіз немесе одан да көп рет болуы мүмкін. Тұмаудың салдарынан ересектер жұмысқа бара алмай жатады, ал балалар болса мектептегі сабақтарынан қалады. Сондықтан тұмаудың алдын алу үшін белгілі бір шаралар қабылдау қажет.

Ғалымдар әлі күнге дейін тұмауға қарсы тиімді вакцинаны таппады. Дегенмен, төменде берілген қарапайым шаралар сіздерге тұмаудың алдын алуға көмектесуі мүмкін, атап айтқанда:

• ауру адамдармен байланысты уақытша шектеңіз;
• темекі шекпеңіз (шегетін болсаңыз азайтуға тырысыңыз);
• мұрынды сімгіргеннен кейін қолдарыңызды сабындап, мұқият жұыңыз;
• Түшкіргенде немесе жөтелгенде қағаз сүрткішпен сүртіңіз;
• Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды жұдырықпен емес алақаныңызбен жабыңыз.

Сондай-ақ:

• тұмауратқан адаммен бірге орамалды, ыдыс-аяқты, төсек-орындарды бірге пайдаланбаңыз.
• Қолданылған қағаз орамалдар мен майлықтарды қайта қолданбаңыз.

Көптеген адамдар тұмаудан құтылу үшін белгілі бір «шөп дәрілерді», дәрумендерді пайдаланады. Мысалы, эхинация «иммунитетті көтереді» дейді. Бұл қаншалықты рас? Бұл дәрілер тұмау кезінде өзінің оң нәтижесін бере ме?

Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, эхинация секілді өсімдіктер кереметтей оң әсер береді деп, бір жақты қарап шешім шығара алмаймыз.

Мамандар сондай-ақ, мырышты артығымен пайдалану, с дәруменін молынан қолдану секілді амалдардың тұмаудан құтылуға айтарлықтай көмегі тие бермейтінін де тілге тиек етеді. Тіпті, бұл дәрі-дәрмектерді көп қолданса жағымсыз жанама әсер беріп кетуі де мүмкін екен.

Кез келген жағдайда, биологиялық белсенді қоспаларды, витаминдер немесе шөптерді қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек екенін ұмытпаған жөн.

Тұмауды емдеу үшін үйде қандай дәрі-дәрмектерді пайдаланған жөн?

Адамдар тұмаумен ауырған кезде бұрыннан түрлі дәрілерді қолданады, жалпы ыңғайсыздықты жою үшін, тұмауратқан кездегі жағдайды оңалту үшін өзі дұрыс деп тапқан дәрі-дәрмектерді пайдаланған.

Тұмауды емдеу үшін қолдануға болатын дәрілерді атап айтатын болсақ:

• мұрын бітеліп қалғанда ашу үшін тұз ертіндісін мұрын қуысына тамызу;
• ауа ылғалдылығын арттыру үшін дымқылдатқышты пайдалану;
• терідегі жағымсыздықты азайту үшін мұрынның төменгі бөлігіне вазелин жағу;
• тамақтың ауруын жеңілдету үшін жөтелді тоқтатуға арналған мұз кәмпиттерді сору;
• жергілікті ауруларды азайту үшін жылы ваннаны қабылдаңыз немесе жылыту жастықшасын пайдаланыңыз;
• Жуынатын бөлмені парлап, ваннаға ыстық су толтырып жуыну.

Тауық сорпасы жайында не айтуға болады?

Тауық сорпасы суық тигендерді емдеудің қарапайым халықтық әдістерінің бірі. Адам бұл тәсілді 800 жылдан астам уақыт пайдаланып келеді. Ғалымдар да осы феноменге ерекше қызығушылық танытады.

Тауық сорпасында цистеин деп аталатын маңызды амин қышқылы бар. Ғылыми зерттеулер тауық сорпасында цистеиннің қабыну ауруларының дамуында айтарлықтай тосқауыл болатынын, қан клеткаларының - ақ қан клеткаларын бақылауға көмектесетіндігін көрсетті. Дегенмен, бұлдар тұмауды емдеу үшін жеткіліксіз, себебі әлі күнге дейін тауық еті суықты қайтарады деген нақты деректер жоқ. Керісінше, ол жай суықтың белгілерін жеңілдетеді, әсіресе сұйықтықтарды және қажетті қоректік заттарды қабылдау арқылы оның күшін арттыруға болады.

Жалпы алғанда, тауық сорпасына қосымша судың немесе шырын сияқты азық-түліктің жеткілікті мөлшерін қосу керек. Өйткені, дене температурасының артуы мен мұрынның бітеліп қалуына байланысты біздің денеміз көп сұйықтықты жоғалтады, сондықтан оның орнын толтыру қажет.

Дәрігерді қашан шақыру керек

Егер өзіңіз немесе балаңыз тұмаудан гөрі әлдеқайда салмақты ауруға шалдыққандай болып сезінсеңіз, дәрігерге қоңырау шалыңыз, жағдай нашарласа немесе келесі белгілердің бірі болса:

• Қақырық көп мөлшерде бөлініп кетсе;
• демікпе болса;
• ұйқы баса берсе/ шаршаған сезім үдеп кетсе;
• тамақ ішкеннен кейін немесе су ішкеннен кейін құса берсең;
• бастың ауруы, тамақтың ауруы, лет айналасының аурулары үдеп бара жатса;
• жұтыну қиындаса және ауыр қабыну белгілері байқалса;
• Температура 39,3 градус немесе одан да жоғары болып бара жатса, немесе температура 38,0 градус және одан да жоғары көтерілсе және ол тәуліктен асып бара жатса;
• кеудеде немесе асқазанда ауырсыну байқалса;
• мойындағы шырышты бездер үлкейіп кетсе (лимфа түйіндері);
• құлақ ауырса.

Көптеген вирустық инфекциялар сияқты тұмау да өзінің табиғи жолымен жазылғаны дұрыс. Толық демалу және көп мөлшерде су (шырын мен суды) ішу - жағдайды жеңілдетуі мүмкін.

Күнделікті жұмыс немесе мектепке бару сияқты тұрақты әрекеттерді жалғастырғыңыз келсе, бұл жағдайыңыздың нашарлауы екіталай. Алайда, бұл инфекция басқа адамдарға таралу ықтималдығын арттырады. Сондықтан қалпына келтіруге дейін қоғамдық орындарға барудан уақытша бас тартқан дұрыс.

Тегтер:

Денсаулық
Медицина
Пайдалы кеңестер

Тілді таңдау