Лос-Анджелестегі Калифорния Университетінің, Солтүстік Каролинадағы Чапел Хилл университетінің, Дэвид Джеффен Медицина мектебінің және Лос-Анджелестің денсаулық сақтау департаментінің медициналық бөліміндегі америкалық ғалымдар тобы аурудың бастапқы кезеңдерінде ағзада көрініс беретіін өкпе обырының әлеуетті биохимиялық маркерін анықтады.
Өкпедегі қатерлі ісіктерді немесе заласыз жаңа түзінділерді ерте кезеңінде анықтап, нақтылап алу алдағы уақыттағы болжамды айтарлықтай сапаландырады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтап алу айтарлықтай үлкен проблема болып отыр, егер бұл мәселе шешімін тапса, аталмыш індеттің салдарынан көз жұматын жандардың саны азаяр еді.
Зерттеушілер натрийға тәуелді глюкоза тасымалдаушысы 2 (SGLT2) деп аталатын глюкоза алмастырушы ақуызды анықтады, ол ағзада өкпе аденокарциномасын ерте сатысында айналдырады, содан өкпедегі ісік алды және қатерлі ісік жасушаларын анықтайды. SGLT2 белсенділігі пациенттің ағзасындағыны SGLT белсенділігін анықтайтын радиоактивті затбелгіні пайдалана отырып, позитрон-эмиссионды томографияның (ПЕТ) көмегімен анықтауы мүмкін.
Глюкоза дененің барлық жасушаларының, соның ішінде қатерлі ісік жасушалары үшін энергияның негізгі көзі болып табылады. Сондықтан глюкозаның SGLT2 тасымалдаушысы оны өкпе ісігіне жеткізеді.
Ғалымдар қатерлі ісік жұқтырған тышқандарға FDA (АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы) мақұлдаған препарат SGLT2 белсенділігін қолданып көрді. Нәтижесінде ісік прогресі едәуір төмендеді, ал тышқандардың өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті.
Мамандар ағзадағы SGLT2-ны анықтау өкпе қатерлі ісігінің бастапқы маркерін анықтауға мүмкіндік беретініне, сондай-ақ SGLT2-ді басатын заттардың қолданылуы арқылы өкпе аденокарциномасын уақытылы диагностикалауға және онкологиялық ауруға шалдыққандардың өмір сүру мүмкіндігін одан сайын арттыруға мүмкіндік туатынына сенімді.
Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.
Тегтер:
Денсаулық
Медицина