Жүктелуде...
 

Мұрын арқылы тыныс алу есте сақтау қабілеті үшін пайдалы болып танылды

Швециядағы Karolinska Institutet-тың жаңа зерттеулері бойынша мұрын арқылы тыныс алу сіздің жадыңызды жақсарта алатын көрінеді. Ғалымдар 19-25 жас аралығындағы 24 қатысушыдан мұрын арқылы тыныс алдырып білетін және білмейтін иістерін ажыратып айтуын сұрады, кейін дәл осылай ауызбен дем алдырды. Зерттеу нәтижесінде, қатысушылар ауызын жауып тұрып тыныс алғанда сезген иістерін бір сағат үзілістен кейін дәл сол күйінде екі есе жақсырақ естерінде ұстаған екен.

Мұрын арқылы тыныс алу есте сақтау қабілеті үшін пайдалы болып танылды

translator Сейсенбі қаңтар 15, 2019


7 мақала

Швециядағы Karolinska Institutet-тың жаңа зерттеулері бойынша мұрын арқылы тыныс алу сіздің жадыңызды жақсарта алатын көрінеді. Ғалымдар 19-25 жас аралығындағы 24 қатысушыдан мұрын арқылы тыныс алдырып білетін және білмейтін иістерін ажыратып айтуын сұрады, кейін дәл осылай ауызбен дем алдырды. Зерттеу нәтижесінде, қатысушылар ауызын жауып тұрып тыныс алғанда сезген иістерін бір сағат үзілістен кейін дәл сол күйінде екі есе жақсырақ естерінде ұстаған екен.

Ғалымдардың ұйғарымынша, мұрын арқылы тыныс алу адамның есте сақтау қабілетін айтарлықтай жақсартады, басқа да кейінгі зерттеулерге сүйенсек мұрынмен дем алу бір нәрсені тез тануға мүмкіндік беретін көрінеді. Осылайша, мұрын арқылы тыныс алса, адам объектіні жадына жақсы сақтап, есіне оңай түсіретіні дәлелденді.

Шведтік зерттеуді басқарған Профессор Артин Аршамян, Neuroscience (JNeurosci) журналында жарияланған мақаласында былай дейді: «Еске түсіру үш негізгі кезеңнен өтеді: кодтау, нақтылау және ажырау. Мұрын арқылы тыныс алу, ауыз арқылы тыныс алумен салыстырмалы түрде қарағанда бекіту кезеңінде барынша кең өріс береді. Бұдан түйеріміз, адам естеліктері мен жаңашылдықтарды нақтылау кезеңінде мұрын арқылы тыныс алу маңызды кезеңнің рөлін атқарады. Екіншіден, мұрын арқылы тыныс алудан жүйке тетіктері іске қосылуы мүмкін».

Сонымен қатар, көптеген басқа да зерттеулер нәтижесі бойынша, иіс сезу мүмкіндігінен айырылу Альцгеймер ауруының алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін екені анықтады. Профессор Аршамян бұл «тыныс алудың алғашқы дәлелі эпизодтық жадты күшейтуге тікелей әсер етеді, бұл негізгі когнитивтік функциялар тыныс алу циклі арқылы модуляцияланғанын дәлелдейді» деген пікірін де тілге тиек етеді.


Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер:
Денсаулық
Медицина

Тілді таңдау