Мазмұны

Себептері

Симптомдары

Диагносикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Уытты түйінді жемсау кезінде қалқанша безінің көлемінің ұлғайтуы байқалады. Түйіндер түзіліп, қалқанша безі ұлғайтылған кезде, оның көлемі де соншалықты ұлғаяды. Бір немесе бірнеше осындай түйіндерден жоғары мөлшерде шығарылса, қылқанша безінің гормондары соншалықты көтеріледі.
щитавидка

Себептері
Уытты түйінді жемсау қалыпты қызметтегі қарапайым жемсаудан бастау алады. Ол қарт адамдар арасында кеңінен таралған. Қауіпті факторларға жасы 55 жастан асқан әйел адамдар жатады. Бұл ауру балалар арасында сирек кездеседі. Осы ауруға шалдыққан көптеген адамдар ұзақ жылдар бойы түйінді жемсаудан арыла алмайды.
Кейде уытты ұсақтүйінді жемсауы бар адамдарда, бастапқы кезеңде қалқанша безінің гормондары жоғары деңгейде тұрады. Көп жағдайда бұл йодты ішке немесе көктамыр ішіне қабылдағаннан туындайды. Йод КТ өткізу немесе жүрек қуыстарын катетерлеу кезінде контрасты заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Құрамында йоды бар қабылдау препараттары , мысалы, амиодарон секілді, олар да бұл аурудың дамуына әкелуі мүмкін.

Симптомдары
Аурудың белгілері қалқанша безінің гиперфункциясы кезіндегі белгілеріне (гипертиреоз) ұқсас болып келеді. Дегенмен, бұл жағдайда Грейвс ауруындай көз алмасының бадыраюы сияқты белгілер кездеспейді.

Аурудың көрінісі болуы мүмкін мынадай белгілері бар:
• Шаршау
• Үлкен дәреттің жиілеуі
• Жылуға шыдай алмаушылық
• Тәбеттің көтерілуі
• Тершеңдік
• Тұрақты емес етеккір циклі (әйелдерде)
• Бұлшық құрыуы
• Ашуланшақтық
• Мазасыздану
• Салмағын жоғалту

Диагностикасы
Дәрігерлік тексеру жүргізу кезінде қалқанша безінде бір немесе бірнеше түйіндер анықталуы мүмкін. Сондай-ақ, жүректің жиі қағуы орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар, төменгдегідей зерттеу әдістері жүргізілуі мүмкін:
• Қан сарысуындағы (T3, T4) қалқанша безінің гормондарының деңгейін анықтау;
• Сарысулық ТТГ (тиреотропный гормон)
• Қалқанша безін радиоизотоптық сканерлеу, немесе қалқанша безінің радиоактивті йодты қаншалықты сіңіретіндігін зерттеу
• Қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу

Емдеу
Қалқанша безінің гормондарының деңгейі қалыпты нормасына келмейінше, бета-тежегіштер (пропранолол) гипертиреоздың кейбір симптомдарын бақылануы мүмкін.
Кейбір дәрілік препараттар, йодты қалқанша безіне қолдануды тоқтатуы немесе пайдалану тәсілдерін өзгертуі мүмкін. Бұл препараттар қалқанша безінің гиперфункциясын емдеу үшін қолданылуы мүмкін, ол кез келген мынадай жағдайларда:
• Хирургиялық емдеудің алдында немесе радиоактивті йод терапиясымен емдеу кезінде
• Ұзақ терапия ретінде
Радиоактивті йод терапиясымен қолданылуы мүмкін. Радиоактивті йод таблеткалы түрде тағайындалады. Препарат қалқанша безінің гиперактивті тіндер аумағында шоғырланады да және олардың бұзылуын тудырады. Осыдан кейін кейбір науқастарға қалқанша безін қалпына келтіру қажет болуы мүмкін.
Қалқанша безін хирургиялық алып тастау мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
• Түйін өте үлкен мөлшерде болса немесе тыныс алу жолдарының оқшауласа және үлкен түйіннен басқа да белгілері туындаса;
• Қалқанша безінің обырының болуы
• Шұғыл терапия қажеттілігі туындаса

Болжамы
Уытты түйінді жемсау көбінесе егде жастағы адамдар арасында таралған, осылайша, басқа да денсаулыққа байланысты созылмалы проблемалар аурудың туындауына себеп болуы мүмкін. Егде жастағы адамдар жүрек ауруына шыдай алмай жатады. Дегенмен, бұл ауруды емдеуге болады.

Мүмкін болатын асқынулар
Жүрек жағынан болатын асқынулар:
• Жүрек жеткіліксіздігі
• Жүрек ырғағының бұзылуы (фибрилляциясы)
• Жүректің жиі қағуы
Басқа асқынулары:
• Остеопорозға соқтыру, сүйек массасының жоғалуы
• Тиреоуытты криз – бұл гипертиреоз жіті үдеуі симптомдарының көрінісі. Бұл жағдай инфекция немесе күйзеліс салдарынан туындауы мүмкін. Тиреоуытты криздің симптомдары мынадай болуы мүмкін:
• Іштің ауруы
• Зейінділіктің төмендеуі
• Қызба
Осы ауруға шалдыққан тұлғаларға дереу дәрігерге қаралу қажет.
Үлкен көлемді түйіндерді ауруының асқынуы кезінде тыныс алу немесе жұтынуда қиындықтар туындайды. Бұл асқынулар қалқанша безінің артында орналасқан кеңірдек немесе өңештің басылып қалуына байланысты орын алады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Аурудың симптомдары көрісі бергенде дәрігерге қаралыңыз. Дәрігергің келесі қабылдауына келгенше, оның аолыңғы айтқан кеңестерін толық орындаңыз.

Алдын алу
Уытты түйінді жемсаудың алдын алу мақсатында, дәрігеріңізбен келісе ботырып, гипертиреоз немесе қарапайым жемсауды уақытылы емдеңіз.

Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/000317.htm

Қозғалу және діріл (ерлерде /әйелдерде)

Тегтер:
жемсау,
қалқанша безі,
емделу,
гормондар,
қалқанша безінің үлкеюі,
аутоиммунды ауру,
тиреоидты гормон