Қарттарға қатігездік жасау – бұл кәрі адамдарға кез-келген түрлі формадағы қатал қарым-қатынас таныту. Бұл жағдай оларды қарайтын тұлғалар тарапынан да, жанұя мүшесі, жолдасы немесе досы тарапынан да орын алуы ықтимал.
Қаттарға қатал қарау, қатыгездік таныту үш түрлі бөлек категорияларға бөлінеді:
• Тұрмыстық қатал қарым-қатынас: ол әсіресе қарттар үйінде немесе тұлғалардың жеке үйлерінде орын алуы мүмкін. Жәбірлеушілер әдетте олардың туыстары, жақын достары немесе қарайтын көмекшісі болуы мүмкін.
• Мекемеде орын алатын қатал қарым-қатынас: мұндай қатігездіктер емханалық мекемелерде (қарттар үйі), қарт адамдарға арналған интернаттарда немесе мүгедектер үйінде орын алуы мүмкін. Жәбірлеушілер қаржылай түрде немес келісімді түрде қарттарды күтімге алған адамдар болуы мүмкін.
• Өз-өзін кемсіту, төменсіту – бұл қарт адамның мінез-құлқына байланысты орын алатын жағдай. Ол өзінің денсаулығына немесе қауіпсіздігіне елеусіз қарап, өзіне қауіп төндіруі мүмкін. Өз-өзін кемсіту, төменсіту болғанда қарт адам өзін-өзі қамтамасыз етуден бас тартады, ол өзіне тиісті тамақпен, сумен, киіммен, баспанамен, жеке гигиена, дәрі-дәрмекпен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шараларынан мақрұм қалады.
Қарттарға жасалатын қатал қарым-қатынас, қатыгездік таныту:
• Зорлық-зомдылық көрсету: соққы беру, ұру, итеру, жұлқылау, қағып-сілку, шапалақпен салып қалу, тебу, шымшу, бірнәрсені үстіне жағу. Қажетсіз дәрілерді беру немесе физикалық жәбір көрсету, қинап тамақтандыру және кез келген түрдегі жазалау, физикалық қатыгездіктің үлгісі болып табылады.
• Мәжбүрлеп жыныстық қатынас жасау немесе келісім бере алмайтын адаммен жыныстық қатынас жасау: Қалауынан тыс қатынастар және сексуалдық басқыншылықтың барлық түрі (зорлау, сексуалды оймен жалаңаш денесін суретке түсіру);
• Эмоционалды және психологиялық шабуыл: жәбірлеу, балағаттау, зорлық көрсету, қорқыту кемсіту және ашуландыру жатады. Қарт адамға балаға сөйлегендей «үнсіз қатынас» көрсету, қарт адамды адам құрлы көрмеу, жанұяда оның орнын мүлдем елемеу, достардың алдында немесе басқада орталарда оны елеусіз қалдыру эмоционалды немесе психологиялық шабуылдың мысалы бола алады.
• Жақтырмау: қарт адамды тамақпен, киіммен, төсек орынмен немесе басқа да өмір сүруіне қажетті заттармен , мысалы медициналық күтіммен, дәрі-дәрмектермен қамтамассыз етпеу. Егер оларға заңды тесілілігі болса, олардың қарттар үйіндегі шығындарын да өтемеу немесе қарттарға арналған мүгедектер үйіндегі қажеттіліктерді алып бермеу.
• Қарт адамның физикалық немесе заңды түрде күтіміне жауап беретін адамның оны тастап кетуі;
• Қарт адамның қаржыларын заңсыз, тиесінсіз қолдану, сондай-ақ, қарттың қол таңбасын жасанды түрде пайдаланып, ақшасын ұрлау немесе оның жеке заттарын жымқыру, немесе ақша аударуға, мүлікке байланысды құжаттарға алдап қол қойдыру;
Қарт адамға қатал қарау, қатыгездік таныту – оған себепкер болған факторлар өте күрделі мәселе. Ондай факторларға төменде мысалдар келтірілген:
• Қартайған уақытында үйде қинау. Қарт адамға елеулі мейірімсіз оқиғалардың көпшілігі – қатыгез зайыбы тарапынан орын алып жатады.
• Жәбірлеушілердің жеке мәселелері. Қарт адамдармен қатал мәмле жасаушылар (атап айтқанда, олардың ересек балалары) қарт адамның қаржылық немесе өзге де нәрселеріне жиі тәуелді болады. Бұл көбінесе жеке проблемаларға байланысты– психикасының бұзылу немесе өзге де дисфункциональді белгілерден болады. Егер мұндай ересек балалар қарт адаммен бірге тұрса, қатігездік таныту қаупі басым.
• Әлеуметтік оқшаулау. Жәбірлеушілер қарт адаммен бірге тұратын болса, олар қартқа жәбір көрсетеді және өз ісінің басқаларға білініп қалмауы үшін кәрі кісіні барынша қоғамдық ортадан оқшаулауға тырысады.
• Күтім жасайтын тұлғаның тарапынан қысым көрсетілу немесе қарт адамның жеке сипаттамалары.
Қарт адамға мейірімсіздік көрсетудің белгілері мен симптомдары қатыгез қарым-қатынастың көрсетілген түріне байланысты:
• Белгілері сол, қарттар зорлық-зомбылықтың құрбандығының актілері болып табылады, олар былайша толығыды:
Көгеру, көздің жарақаттануы, тыртық, айрылған жаралар, жіп іздері, тіліктер, тесіктер немесе жазылудың түрлі сатыларындағы өңделмеген жарақаттар.
Сынған дене сүйектері мен бас сүйектері;
Байламдардың созылуы, буынның шығуы немесе ішкі жарақаттар;
Сынған көзілдірік немесе қысылу белгілері;
Зертханалық тексерудің нәтижесі бойынша дәрі-дәрмектерді артық немесе толық емес қолдану.
Болған жағдай бойынша қарт адамның өтініш беруі немесе қатыгез қарым-қатынастың белгісі көрініп тұрған фактілер;
Қарт адамның кенеттен мінез-құлқы өзгеру процесі;
Күтім жасайтын тұлғаның қарт адамға келіп-кетушілеріне тосқауыл қоюы;
• Жыныстық шабуылдың симптомдары болса, кеудесінің айналасы немесе жыныс мұшелерінің айналасында түсініксіз венерикалық аурулар білінеді, немесе жыныс ағзасында инфекция көрініс береді, жатырынан, анальді қан кетулер байқалады, іш киімдері былғанған, жыртылған болады, сондай-ақ қарт адамның арыз-шағымы айтылады.
Эмоциялық немесе психологиялық шабуыл болса, қарт адам эмоциялық бұзылыстармен немесе толқымалы болып көрінеді; өзін тұйық ұстап, ешкіммен сөйлеспейді, сұраққа жауап бермейді немесе параноик болады; оғаш мінез-құлық танытады (қолын сорады, тістейді және тербеледі); немесе өзі эмоционалдық шабуылға ұшыраған мәлімдейді.
• Елемеу белгілеріне шөлдету, жеткіліксіз тамақтандыру, ауруларын емдемеу, орнын ауыстырмау,жеке гигиенасын сақтатпау, зиянды немесе тазалықсыз өмір сүргізу жағдайлары жатуы мүмкін, сондай-ақ қарт адаммен нашар қарым-қатынас жасауы.
Сондай-ақ тастап кету жағдайлары: науқас қарт адамды емханаға, жеке емдеу орталығына, сауда үйлеріне немесе басқа да қоғамдық орталықтарына қалдырып кетулер жатады.
• Қаржылық пайдалану белгілері: банк шотында немесе банктік тәжірибе жүргізу операцияларында кенеттен өзгерістердың болуы (мысалы, ірі ақша сомаларының түсініксіз алынуы; банктік карточкада қарттың атына қосымша басқа да аттардың болуы; өсиетте немесе басқа қаржылық құжаттарда өзгерістердің болуы; әшекейлер немесе ақша қаражаттарының жоғалуы; төленбеген шоттар немесе сәйкес келмейтін сақтық шаралары қарастырылмаған, ақшалай қаражаттың жойылуы; қарт адамның қол таңбасының жасанды түрі жасалғандығы жайында дәлелдеме; қарт адаммен бұрын қатысы болмаған туыстардың кенеттен пайда болуы; қажет емес қызмет түрлеріне төленген ақшалар; қарт адамның қаржылық эксплутациясы жайында арыз түсіруі.
Тегтер:
қарт адамға қатал қарау
психологиялық шабуыл
жарақат
физикалық күштеме
алдау