Бұл қандай ауру? Вирусты гастроэнтерит – бұл асқазан мен ішектің шырышты қабығының қабынуы. Оның салдарынан нәжістің бұзылуы мен құсу пайда болады. Вирусты гастроэнтеритті асқазан тұмауы деп те аталады.

Ол неден туындайды? Гастроэнтерит вирусы - вирусты немесе бактерияны жұқтырудан пайда болады. Көбінесе ауруды ротавирус деп аталатын қоздырғыш тудырады. Эпидемиялық өршулер мектептермен қарттар үйінде байқалады. Ротавируспен зақымданған тағамдарда және судың құрамында табылып жатады. Гастроэнтритті жұқтырған адамда белгілері 4-48 сағат ішінде білінеді.

Гастроэнтрит белгілеріне жүрек айну, құсу, іштің ауруы, диарея, аздап дене қызуының көтерілуі және ауырсынулар, салмақ жоғалту, бұлшықеттердің ауырсынулары,буындардың тартылуы жатады.

Асқазан тұмауы медициналық көмексіз, үй жағдайында 1-2 күннің ішінде жазылып кетеді. Асқазан тұмауы ауруының белгілерін бәсеңдету үшін, үй жағдайында организмді сусызданудан сақтап, ем шара қолдансаңыз болады.

Емдеу ең бірінші ағзаны сусызданудан сақтап, тұзды және минералды заттардың жоғалған орнын толтыру болып табылады. Осы мақсатта регидрон ерітіндісін қабылдайды. Гастроэнтерит вируссы кезінде антибиотиктерді қабылдау ұсынылмайды. Сондай-ақ диареяны тоқтатын дәрі дәрмектерді (мысалы, имодиум) қабылдаудың қажеті жоқ, себебі, бұл дәрілер инфекцияның созылуына әкеп соғуы мүмкін.

Тегтер:
гастроэнтерит вирусы
асқазан тұмауы
жүрек айну
құсу
іштің ауыруы
сұйық нәжіс