Күл ауруы (дифтерия, көбінесе балаларда кездесетін жұқпалы тамақ ауруы) – жедел инфекциялық ауру, ол дифтерия бактериясынан туындап, ауа-түйіршіктері арқылы айрықша беріледі. Қабынумен, ауыздан, мұрыннан шырыштың бөлінуімен сипатталады. Сондай-ақ жалпы улану, жүрек қан-тамырлық зақымдану, жүйкелік және бөлінбелі жүйе болып табылады.
Жұқпаның негізгі көзі адам. Қоздырғыш ауа-түйіршіктері арқылы айрықша беріледі, бірақ тұрмыстық-байланысты жолмен ғана жұғуы мүмкін (инфицирленген заттар арқылы). Күл ауруы күз, қыс мезгілдерінде өршиді. Қазіргі жағдайда, ересек адам ауырса, дифтерия оның бойында жыл бойы сақталып тұрып алады.
Инкубациялық кезеңінде дифтерия 3 күннен 7 күнге дейін теңеліп тұрады.
Күл ауруының пайда болуы әртүрлі, және ол оның орналасу процесі мен ауырлығына байланысты.
Күл ауруының клиникалық көрінісі жедел түрде бастау алады, жалпы улану симптомдарымен (дел-салдық, бас ауруы, әлсіздік) бірге дене қызудың температурасы 38 ден - 39°С – қа дейін көтеріліп, 2-3 күн бойы түспей қояды. Жұтыну кезінде тамақ ауырып, оның қарқындылығы таңдай бадамшаларындағы процестің таралуына байланысты.
Бадамшалар ісінеді, үлкейеді, үстіңгі жағы томпаяды, аралшалы немесе тегіс ақ-сұр түсті қабықшалы болып кетеді.
Емделуі. Терапияның басты әдісі антитоксикалық күл ауруына қарсы егілетін сарысу (ДҚС) болып табылады.
Сарысулы терапия алғаш енгізілгеннен бастап, токсиннің белгілі бір бөлігі ішкі ағзаларының жасушалы тіндерімен байланыстылығына қарамастан, аталмыш жағдайға барынша оң әсер берелі. Қуанышқа орай індеттің жұғуы мен басталуының арасында ем белгілі бір мерзімде өтеді, сондықтан, ДҚС-ті енгізу арқылы, дифтеридің токсикалық формасы кезінде, тіпті аурудың алғашқы күні-ақ, оның асқындауының аулдын алады.
Күл ауруының ауыр формасы кезінде плазмаферезаны 2-3 дүркін өткізген жөн.
ДҚС-ті енгізу кезінде, онымен бірге антибиотиктер тағайындалады (емдеу курсы – 5-7 күн). Дезинтоксикациялау және гемодинамикалық бұзылысты коррекциялау мақсатында, қосымша альбумин, плазма, реополиглюкин, инсулинмен глюкоза-калийлік қоспасы, полийонды ертінді, кортикостироидтар тағайындалады. Тыныс алу жеткілікіздігі дами түскен кезде трахеостомия қажет болады.
Күл ауруының басты алдын алу шарасына белсенді иммунизация жатады. 3 айлық балаларға адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе (АКДС) ваксинасы енгізіледі. 1,5 айлық сәбилерге 0,5 мл ішкі бұлшық еттік жолдарымен енігзіледі. Ары қарай жүзеге асырылатын ревакцинация (қайталап егу): 1,5 – 2 жас, 6 жастан – 11 жасқа дейін. Адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксині 0,5 мл мөлшерде тері астына бір рет енгізіледі. Ересектерге арналған эпидемиологиялық екпе, АДС-М көрсеткіші бойынша өткізіледі.
Тегтер:
Дифтерия, күл
тамақтың ауруы
күл ауруын емдеу
антибиотиктер