Ол не? Дюпюитрен ауруы немесе Дюпюитрен контрактурасы – табан немесе алақандағы тері астында тіндердің артық қалыңдауы. Қалыңдалған тері мен сіңірлер (шандыр) нәтижесінде қозғалысты шектейді немесе саусақтарды жазу мүмкіндігінсіз бүгілуіне алып келеді.
Дюпюитрен ауруының (кейде мұны викингтердің ауруы деп атайды) себептері белгісіз. Дегенмен себеп факторы ретінде тұқым қуалау болуы мүмкін. Басқа да мүмкін факторлар: маскүнемдік, темекі шегу немесе қант диабеті. Сіресуге жүйелік қызыл жегі мен ревматоидті артрит сияқты жүйелік аурулар әкеп соқтыруы мүмкін.
Симптомдары. Дюпюитрен ауруының байқалатын алғашқы белгісі саусақтардың негізіндегі тіннің аздап көтерілуі болып табылады. Аурудың асқынуына орай, алақанды саусақпен немесе саусақтармен ( әдетте шылдыр шүмек), және созылған саусақты (саусақтарды) алақанға жалғайтын, жіп тәрізді талшықты арқан ақырындап пайда болуы мүмкін. Егер контрактура күшті болса, онда күнделікті жұмыстарды атқару (мысалы, зат көтеру, қолғап кию немесе қол жуу) қиынға соғады немесе мүлдем болмауына әкелуі мүмкін.
Емдеу. Жеңіл формада болса, қозғалмалылықты сақтауда зақымдалған саусақтарды үнемі созу жеткілікті.Ауыр жағдайда болса, негізгі ем және функцияны жақсарту тәсілі операция болып табылады. Тіпті сол жергее (немесе қолдың басқа жеріне) сәтті операция жасалған болса да, алақан тіндерінің қалыңдауы жаңадан пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда қайта операция жасау қажет болады.