Мазмұны
Синонимдері
Жалпы ақпарат
Ихтиоз – көп таралған, тұқым қуалайтын ауру. Ол терінің құрғауымен, түлеуімен сипатталады.
Себептері
Ихтиоз терінің бірден-бір ең көп таралған, тұқым қуалайтын ауруы. Ол балалық кезде басталуы мүмкін. Ауру ұрпақтан-ұрпаққа аутосомды-доминантты түр арқылы жалғасады. Демек, бұл ауру бар болғаны бір ғана аномальді ата-ананың геніннен өсіп жетіле береді деген сөз.
Ауру қыс кезінде жиі ұшырасады. Ол атопикалық дерматит, фолликулярлы кератоз (қолдың үстіңгі жағындағы кішкентай қызыл түйіндер) немесе басқа да тері ауруларымен қатар мазалауы мүмкін.
Симптомдары
• Терінің құрғауы;
• Терінің түлеуі;
• Терінің қалыңдауы;
• Жеңіл қышу сезімі.
Көбінесе құрғак, түлегіш тері негізінде аяқта болады, сондай-ақ патологиялық процесс білекте, қолда және денеде түзіледі. Ауру сондай-ақ алақанда көптеген ұсақ сызықтар болып шығуы мүмкін.
Диагностикасы
Дәрігер кейде тек теріңізге қарау арқылы да диагностика қоя алады. Тексеру кезінде терінің түлеуі ме құрғауынан басқа да себептері анықталуы мүмкін.
Дәрігер сізден жанұяңызда бір адамның тері құрғағыштығы бар ма, жоқ па деп сұрақ қояды.
Емдеу
Дәрігер сізге күшті ылғалғандырғыштарды қолдану керектігі жайында кеңес береді. Лосьоннан қарағанда крем мен жақпа майлар тиімді. Оларды шомылғаннан кейін дымқыл теріге бірден жағыңыз. Сізге тері құрғатпайтын сабын қолдану керек болады.
Дәрігер сізге дымқылдандырғыш кремдерді тағайындайды. Олардың құрамында түрлі химиялық заттар болады, мысалы, сүт қышқылы, салицил қышқылы және несепнәр, олар терінің қалыпты жағдайының қайта қалыптасуына септігін тигізеді.
Болжамы
Ихтиоз жағымсыз ауру болып табылады, бірақ жалпы денсаулыққа зиянын тигізе бермейді. ауру әдетте есейгенде жоғалып кетеді, бірақ жылдар өте қайта мазалауы да ғажап емес.
Мүмкін болатын асқынулар
Сырылған жер арқылы дененің ашылған жеріне инфекциялық бактерия түсіп кетуі мүмкін.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Дәрігеріңізбен ақылдасыңыз, егер:
• Ем қабылдасаңыз да симптомдар сақталып тұрып алса;
• Симптомдар асқынып бара жатса;
• Терінің зақымдануы дененің бассқа жерлеріне таралып бара жатса;
• Жаңа симптомдар пайда бола бастаса.
Алдын алу
Егер сізде осы ауру болса, ескеріңіз балаңызда да осындай ауру болуы ықтимал.
Синонимдері
Таралмалы ихтиоз; балықша түлеу синдромы.
Тегтер:
ихтиоз
терінің түлеуі
терінің қышуы
тері түлеуінің себептері
тері ауруы
Алматыда ихтиозды емдету
ихтиоздың симптомдары