Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Бронхиолит – бұл өкпеге ауа өткізетін кішкентай тыныс алу жолдарының (бронхиол) қабынуы
Себептері
Бронхиолит әдетте балаларды 2 жасына дейін мазалайды. Жалпы аурудың өтпелі кезеңі 3 айдан 6 айға дейінгі уақыт. Бұл енді жиі орын алатын жағдайы, ал кейде бұл ауру салмақты болып та келеді. Аталмыш аурудың көп таралған қоздырушысы респираторлы-синицитиалды вирус (РС). Бүкіл өмірге келген сәбилердің жартысына жуығы жасқа толғанша осы вируспен байланыса өседі.
Бронхиолит тудыратын басқа да вирустар:
• Аденовирусы;
• Тұмау вирусы;
• Парагрип вирусы.
Сәбилер күнделікті тұрмыста жұтқыншақ арқылы инфекциясы бар адамнан осы вирусты жұқтырады. Мысалы, осы вирусты жұқтырған балалармен ойнағанда, осы вирус бар ер адамдардың қасында отырып қалғанда :
• Егер біреу түшкірсе немесе жөтелсе, сәби оның ауадағы түшкіріндісін өзі бірден қабылдап алады;
• Вирусы бар ойыншық немесе басқа да затты ұстағаннан да жұқтырып алады.
Төрт мезгілді салыстырмалы түрде қарағанда бронхиолит күзде және қыста көбірек кездеседі екен.
Бронхиолиттің қауіпті факторлары:
• Пассивті шылым шегу;
• Алты айға толмаған сәбилерде болу;
• Тар жерде (үй-жай) өмір сүргеннен;
• Баланы емшектен ажыратқаннан кейін;
• 37 аптада туылған нәресте.
Симптомдары
Кейбір балаларда ауру симптомсыз, жеңіл дамиды. Брохиолит өкпе инфекциясы секілді жоғарғы тыныс алу жолдарынан басталады. Содан, балада 2-3 күннің ішінде тыныс алуында мәселелер туындап, сырыл мен жөтел пайда болады.
Ауру сипмтомдары:
• Оттегі жетіспеушілігінің салдарынан (цианоз) терісінде көкшілдеу ісік пайда болады – бұл жағдайда уақыт күттірмей медициналық жәрдемге хабарласу керек;
• Тыныс алуында мәселелер туындайды, өкпесінде ссырыл пайда болып ентіге бастайды;
• Жөтеледі;
• Шаршағыш келеді;
• Қалтырай бастайды;
• Қабырға аралық бұлшық еттері тарта ауырады (оны қабырғаралық ретракция деп атайды);
• Дем алған кезде кеңсірігі кеуіп тұрады;
• Тыныс алуы жиілеп кетеді (тахипноэ).
Диагностикасы
Дәрігер медициналық тексеру өткізіп, баланың өкпесін тыңдайды. Ол кезде мынадай мәселелер бас көтеруі ықтимал:
• Стетоскоппен тыңдағанда сырылдаған дыбыстар естіледі;
Сондай-ақ төмендегідей тексерулер өткізілуі мүмкін:
• Қан газы;
• Кеуде жасушалары ағзаларына жалпы рентгенография;
• Ауруды қоздыратын белгілі бір вирустың, яғни мұныннан аққан судың үлгісін алады.
Емдеу
Емдеудің басты бағыты ауру симптомдарын жеңілдетуге бағытталады. Мысалы тыныс алу мен сырылды қалыпқа келтіру керек.
Вирустық инфекция кезінде антибиотиктер әсер бермейді. Вирусқа қарсы дәрілік препараттар аурудың ауыр ағымында тағайындалуы мүмкін.
Сіз үй жағдайында симптомдарды жеңілдету үшін төмендегідей әдістерді қолдансаңыз болады:
• Көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз. 12 айға дейінгі сәбилерге ең тиімді сусын ана сүті болып табыдалы. Электролиттің сусындар да бала үшін пайдалы болмақ.
• Дымқыл ауамен дем алыңыз, бұл түкіріктің көп бөлінуін тежейді. Ауа дымқылдандырғыш қолданыңыз.
• Көп тынығыңыз.
Балаңыздың қасында, үйде болсын, көлікте болсын темекі шектірмеңіз. Баланың иыныс алу жүйесінде салмақты мәселелер туындаса, ауруханаға жатқызған дұрыс, ол жерде оттектерапиясы мен ішке сұйықтық енгізу шаралары жүзеге асырылады.
Болжамы
Көп жағдайда, емделгеннен кейін тыныс алу қыйындықтары үшінші күнде қалыпқа келеді, ал симптомдары аптаның ішінде жойылады. Кей жағдайда пневмония дамуы мүмкін немесе тыныс алуын қиындататын бассқа да мәселелер туындап жатуы ықтимал.
Балалар өскенде, демікпе не болмаса басқа да аурулар, сонымен қатар өкпе сырылдары мазалап жатады.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Төмендегідей жағдайлар орын алса, дереу арада дәрігерге немесе жедел жәрдем көмегіне жүгініңіз:
• Балаңыз тез шаршап қала берітін болса;
• Терісі, тырнақтары немесе еріндері көкшілденіп ісіне түседі;
• Бала сирек деп ала бастайды;
• Бала ақырындап естен тана бастайды;
• Баланың тыныс алуы қиындап кетеді;
• Мұрындарының қуысы кебе бастайды тыныс алуының қиындауынан қабырға аралық керілуі байқалады.
Алдын алу
Көп жағдайда бронхолит күтпеген жерден тап болады. Себебі, қоғамдық ортада көп таралған ауру тудыратын вирустардан пайда болуы мүмкін. Сол үшін балалардың беті-қолын жақсылап, сабындап жуып жүріңіз, сонда ғана зиянкес вирустарға қарсы тұруыңыз мүмкін.
Қандай жағдай болмасын балаға иммун жүйесін көтеретін дәрілік препараттарды бірден беруге болмайды.
Сәбиер мен жас балалардың кеуде тұсының ауруы (ерлерде/әйелдерде)
Тегтер:
бронхиолит
өкпенің қабынуы
бронхиол қабынуы
вирустар
балалар ауруы
жөтел