Киста (жылауық) – тіндегі қап тәрізді құрылым. Ол ауамен немесе сұйықтықпен (қан, түссіз сұйықтық немесе іріңмен) толтырылуы мүмкін.

Өкпедегі жылауық әдетте ауамен толыққан, ал лимфа жүйесімен байланысты немесе бүйректе орналасқан жылауық әдетте сұйықтықпен толады. Жылауық сонымен қатар әртүрлі зиянды паразиттердің болуына әкеп соқтырады. Мысалы эхинококк сияқты, бұл бауырға, өкпеге, бастағы миға, бұлшықеттерге тіпті көзге де кері әсерін тигізеді.

Жылауықтың қалыпты және қылыптан тыс, сирек жағдайда қатерлі түрі кездеседі. Кейбір жағдайларда жылауықтың толықтай алынып тасталуы ұсынылады. Кейде ішіндегісін алып тастау үшін оны жай ғана тіледі немесе тесіп алады.


Тегтер:

Қан
Сұйықтық
Ірің
Жедел емдеу