Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы көбінесе, аяқ-қолдың немесе буынның бұратылуының не олардың қалыпты жағдайдан жылжуының себебі болып табылады. Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы келесі жағдайларды туындатуы мүмкін.
• Қатты ауырсыну.
• Ісіну және гематомалардың (қанталаулардың) түзілуі.
• Сүйектің жылжуының сезілуі.
• Буынның салбырауы.
• Аяқ-қол немесе буынның дұрыс қозғалмауы.
• Буынның қысылуы (бүгілмейді немесе түзелмейді).
• Жарақат тұсында немесе одан төмен тұста терінің салқындауы немесе сұрлануы, ұйып қалуы және шаншуы. Бұл жүйке немесе қан тамырлар жарақаттанса, әлде қысылса орын алады.
Сынық терінің жарылуын туындатуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сынған сүйек тері арқылы шығуы мүмкін. Жарақат аумағына бактериялар түсіп, терінің инфекциясымен қатар буынның немесе сүйектің терең инфекциясын туындатуы мүмкін.
Шығып кеткен сүйек сүйектің маңайындағы қан тамырларын, жүйкелерді, байламдарды, сіңірлерді және бұлшықетті де зақымдауы мүмкін.
Байламдардың созылуы үлкен ісінуді туындатуы мүмкін. Оның салдарынан қосымша жасырын жарақатты анықтау қиынға соғады. Байламдардың созылуы шағын, орта, қатты болуы мүмкін.
Егер сізде аяқ-қолдың немесе буынның бұратылуының не олардың қалыпты жағдайдан жылжуын туындатқан жарақат болса, дереу дәрігерге көріну қажет болады.
Байламдардың созылуы мен ажырауы тұрғысынан толығырақ мына сілтемеден оқысаңыз болады: http://www.zdrav.kz/node/8655
Буындардағы ауырсыну (әйелдерде | ерлерде)