Бұл не? Қасағадағы биттер - бұл жыныстық аймаққа еніп, жұмыртқаларын жатқызатын алты аяқты кішкентай тіршілік иелері. Қасағадағы биттер, сондай-ақ қолтықасты аймақта, бастың шашты бетінде және қаста мекен етуі мүмкін.

Себептері мен қауіп факторлары. Қасағадағы биттердің ғылыми атауы - Phthirus pubis. Жұқтыру жасөспірімдер арасында жиі кездеседі және венерологиялық ауру ретінде сипатталады. Жұқтыру қасағадағы биті бар адамдармен жыныстық қатынастар кезінде, көрпелерді және дәретхана орындықтарын қолданған кезде орын алуы мүмкін. Дүкендерде әйелдердің суға түсуге арналған костюмдері киіп өлшеп көру кезінде жұқтыру оқиғалары да бар.

Қасағадағы биттердің симптомдары қасаға аймағында терінің тітіркенуі және қышуы арқылы сипатталады, ол түнде күшейеді. Себебі, қасағадағы биттер – паразиттер болып табылады, олардың тіршілік етулері үшін адамның қаны қажет болып табылады. Олар қасаға аймағындағы шаш фолликулдарына еніп, қанды сіңіреді. Сонымен қатар олар теріге химиялық заттар шығарады, өз кезегінде бұл қышытуды тудырады.

Кейде қасағадағы биттердің шағуы тері реакциясын тудырады. Өздігінен қасағадағы биттер тітіркенуді тудырмайды, тұрақты түрде тарау (қасыну) тері тітіркенуін тудырады, ал оны тарау (қасыну) терінің инфекцияны жұқтыруына және екіншілік инфекцияның дамуына әкеледі.

Мұқият тексеру барысында диаметрі 1,2 мм өлшемді шағын жәндіктер - биттерді байқауға болады. Биттерді ұлғайтқыш шыны астында оңай анықтауға болады. Сондай-ақ, қасаға аймағындағы шаштарға бекітілген шағын жұмыртқаларды табуға болады.

Әдетте қасағадағы биттер үшін қолайлы орналасу қасаға аймағы болса да, олар кірпіктерде де орналасуы мүмкін. Кішкентай балаларда блефарит (көздің инфекциясын) тудыруы мүмкін.

Айта кету керек, биттер қасаға аймағынан басқа дененің басқа бөліктеріне, сондай-ақ бас тері бетіне де әсер етуі мүмкін.

Қауіп факторлары мынадай:

• Белсенді жыныстық өмірге ие жасөспірімдер
• Көптеген жыныстық серіктестердің болуы
• Қасағадағы биттерді жұқтырған адаммен жыныстық қатынаста болу
• Қасағадағы биттерді жұқтырған адаммен төсек-орындармен бөлісу

Симптомдары

• Қасаға аймағында қышу
• Қасағадағы биттерді немесе олардың жұмыртқаларын көруге болады
• Жыныс аймағындағы шағу немесе жаралар
• Екіншілік инфекциямен байланысты болуы мүмкін болған терінің және жыныс аймағындағы басқа терінің зақымдалулары.

Диагностикалық тесттер. Жыныс аймағын тексеру шаштың негізіне бекітілген биттің кішкентай жұмыртқаларын, сондай-ақ ересек жәндіктерді табуға көмектеседі. Соңғылары микроскоп арқылы оңай анықталады. Олар көптеген аяқтармен теңіз шаяндарына ұқсайтындықтан, олар теңіз шаяны тәрізді жәндіктер деп аталады.

Емдеу. Қасағадағы биттерді емдеу үшін қасаға аймағын дезинфекциялау құралдарын қолдану арқылы мұқият жуып алу жеткілікті. Сусабынмен 5 минут бойы мұқият жуу өте тиімді болуы мүмкін. Бұдан басқа жұмыртқаны алып тастау үшін қасаға аймағы шаштарын мұқият тарау керек. Кейде тарау кезінде жұмыртқаны кетіруге көмектесетін сірке суын қолдану ұсынылады. Емдеу үшін антипаразитті заттарды қолдануға болады және емдеудің бір курсы әдетте жеткілікті.

Емдеу кезінде киімді ыстық сумен мұқият жуыңыз. Жууға болмайтын киім-кешек антипаразитті заттармен өңделіп, 10-14 күн ішінде полиэтиленді пакеттерде сақталады. Қасағадағы биттер анықталған тұлғалар жыныстық жолмен берілетін басқа да ауруларына тексерілуі қажет.

Болжамы. Қасағадағы биттерді жою үшін сәйкес өңдеумен бірге адекватты емдеу өте тиімді болып табылады.

Асқынуы. Екіншілік инфекция тарану нәтижесінде байқалуы мүмкін.

Ескерту. Қасағадағы биттерді жұқтырған адамдармен байланыста болмау өте маңызды. Сонымен қатар жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Сондай-ақ, киім сатып алу кезінде шомылу костюмдерін киіп, өлшеп көруге жол бермеу керек. Алайда, сіз әлі де шомылу костюмін киіп, оны өлшеп көру жөн деп ойласаңыз, қасағадағы биттер инфекциясының алдын алу үшін өз іш киімдеріңізбен бірге өлшеп көрген жөн.

Жыныс мүшелерінің тітіркенуі (әйелдерде)

Тегтер:

қасағадағы биттер
қышу, қышыту
қасаға аймағы
жасөспірімдер
жыныстық өмір
шағу