Мазмұны

Жалпы ақпарат

Таралуы

Алдын алу



Жалпы ақпарат

Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ) төрт түрлі вирус тудыратын аурулардың тобы болып саналады. Оларға мыналар жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ-ның ортақ белгілері: олар көптеген органдарға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, ал бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы ауыр өтіп, арты өлімге алып келеді.


Таралуы

ВГҚ бүкіл дүние жүзінде таралған. Нақты аурулар әдетте белгілі бір жануарлардың мекендейтін орындарымен ғана шектеледі. Мысалы, Ласса қызбасы Батыс Африканың ауыл аймақтарында, атап айтқанда вирусты тасымалдаушы тышқан мен егеуқұйрықтар өмір сүретін аймақпен шектелелген.


Алдын алу

Саяхатшылар үшін қауіп-қатер аз, бірақ сіз осы аурулар пайда болған аймақтардан аулақ болуыңыз керек. Вирустық инфекциялардың кейбірін емдеудің тиімді әдістері жоқ болғандықтан, олардың биотерроризмге қарасты қолданылуы жөнінде сақтық бар.

Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/hemorrhagicfevers.html


Тегтер:

вирустар
қызба
Эбола қызбасы
Ласса қызбасы
Бөртпе
Қан кету