Мазмұны
Гемотаракс – кеуде мен өкпе арасында кеңістікте (өкпеқап қуысында) қанның жиналуы.
Гемоторакстың ең жиі тарайтын себебі - кеуде жарақаты. Ол келесі аурулармен ауыратын пациентерде де кездесуі мүмкін:
• Қан ұюының бұзылысы
• Жүрекке немесе көкірек қуысына жасалған операциялар
• Өкпе тінінің некрозы (өкпе инфарктісі)
• Өкпенің немесе өкпеқаптың қатерлі ісігі
• Орталық веналық катетер орналастырған кездегі пайда болған қан тамырларының жарылуы
• Туберкулез
• Алаңдаушылық
• Кеуде тұсындағы ауру сезімі
• Төмен артериальды қысым
• Боз, суық және жабысқақ тері
• Жиілеген жүрек ырғағы
• Жиі, үстіртін тыныс алу
• Мазасыздық
• Ентігу
Медициналық тексеріс кезінде дәрігер пациенттің тыныс алу кезінде, зақымдалған аймақтан дыбыстардың әлсіреуі немесе мүлдем болмауын байқауы мүмкін. Гемоторакс белгілерін мына тексерістер көмегімен анықтауға болады:
• Көкірек қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы
• Көкірек қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
• Өкпеқап сұйықтығының анализі
• Плевроцентез
Емдеудің мақсаты - пациенттің жағдайын тұрақтандыру, қан кетуді тоқтату, өкпеқап қуысынан қан мен ауаны шығару. Қан мен ауаны шығару үшін кеуде қуысына торокальды түтік енгізіледі. Ол трубка бірнеше күнге дейін сол жерде орналасуы мүмкін.
Ауыр гемоторакс кезінде қан кетуді тоқтату үшін хирургиялық араласу (торакотомия) қажет болуы мүмкін.
Гемоторакстың басталуына әкелетін себепті емдеу қажет. Кеуде жарақаттары бар адамдарға дренажды түтіктерді орнату қажет болады. Сирек жағдайларда хирургиялық араласуға тура келеді.
Аурудың нәтижесі гемоторакс тудырған себептерге және оның емі қаншалықты жылдам жүргізілгеніне байланысты.
• Өз кезегінде өкпе жетіспеушілігіне алып келетін өкпе коллапсы
• Өлім
• Өкпеқап қуысының фиброзы және тыртықтануы
• Өкпеқап сұйықтығының инфекциясы (эмпиема)
• Пневмоторакс
• Шок
Жедел жәрдем бөліміне хабарласыңыз немесе жедел медициналық көмек көрсету қызметін шақыртыңыз:
• Кез келген ауыр кеуде жарақаты
• Кеуде тұсындағы қатты ауру сезімі немесе ентігу
• Бас айналу, қызба, немесе кеуде тұсындағы ауырлық сезімі
• Тыныс алудың қиындауы
Жарақат алмау үшін қорғаныс ережелерін (мысалы, қауіпсіздік белдіктері) сақтанып жүріңіз.
Дереккөз: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000126.htm
Тегтер:
гемоторакс
өкпеқап қуысында қанның жиналуы
кеуде жарақаты
плевроцентез
көкіреу қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
кеуде тұсындағы қатты ауру сезімі