Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Асқынған панкреатит – қабынып, асқынған ұйқы безі ауруы.
Бұл сурет – іш қуысының жоғарғы бөлігінің компьютерлік томографиясы. Суретте асқынған қабынудан туындаған (панкреатит) ұйқы безі тіндерінің қабынуы және ісінуі айқын көрінеді.
Себептері
Ұйқы безі асқазанның артында орналасқан. Ол ас қорыту ферменттерін (энзимдерді) және инсулин, глюкагон секілді гормондық ферменттерді өндіреді. Ас қорыту ферменттері аш ішектің саңылауына түседі, ол жерде жанданып, ас қорыту үрдісінде маңызды буынға айналады.
Адамның ас қорыту жүйесінің ағзалары
Егер ферменттер ұйқы безінде жандандырылса, онда ұйқы безінің тіндері өзін-өзі қорыта бастайды. Оның салдарынан ұйқыбезінің және оның қантамырлары ісінеді, сондай-ақ қанталау, зақымдану секілдір жайттар орын алуы ықтимал.
Асқынған панкреатит әйелдерге қарағанда ерлерде жиі пайда болады. Жекелеген аурулар, оперативтік шешімдер, зиянды әдеттер мен дұрыс тамақтанбау бұл аурудың даму қаупін арттырады.
Ауру көбінесе, алкоголизмнен және алкогольді шамадан тыс тұтынудан (АҚШ-та -70% жағдайда) туындайды. Генетикалық факторлар да аурудың дамуына әсер етеді. Басқа жағдайларда себебі белгісіз.
Панкреатитті туындататын басқа аурулар:
• Аутоиммундық мәселелер (егер иммундық жүйе өзіндік организмді зақымдайтын болса)
• Ұйқы безінің немесе ұйқы безі ферменттері бөлінетін жалпы өт түтіктерінің бітелуі,
• Хирургиялық араласу кезінде түтіктердің немесе ұйқы безінің зақымдануы
• Қандағы үшглицеридтер (май қышқылдарының) деңгейінің артуы (қандағы үшглицеридтердің көбеюі)
• Күтпеген жерден ұйқы безінің зақымдануы
Қосымша себептері:
• Муковисцидоз асқынулары
• Гемолитикалық-уремиялық синдром
• Гиперпаратиреоз
• Кавасаки ауруы
• Рей синдромы
• Қандай да бір дәрілік препараттарды тұтыну (әсіресе, эстрогендерді, кортикостероидтарды, несеп айдайтын препараттарды, мысалы, тиазид және имуран)
• Вирустық инфекциялар, паротит (борықтану), Коксаки вирустары, микоплазмалық пневмониялар және кампилобактериялар.
Симптомдары
Панкреатиттің басты және негізгі симптомы – сол жақ қабырғаның астында немесе іштің ортасындағы ауыр ауырсынудың болуымен сипатталады.
Ауырсыну:
• Майлы тамақты немесе сусындарды тұтынып, бірнеше минуттен кейін аурудың күшейуі.
• ұдайы және бірнеше күн ішінде жалғасады.
• арқамен жатқанда күшейеді
• Арқаға немесе сол жауырыннан төмен тұсқа қарай ауырсыну сезімі беріледі.
Асқынған панкреатитке шалдыққан адамдарда қызба, жүрек айнуы, құсу және тершеңдік байқалуы мүмкін.
Бұл ауруда пайда болатын қосымша симптомдар:
• жер түсті нәжіс
• желденудің артуы
• кекіру
• ас қорытудың бұзылысы
• тері мен көздің ағының аздап сарғаюы (сары ауру)
• терінің бөріткені немесе ойықжара
• іштің кебуі
Диагностика
Тексергенде дәрігер мыналарды анықтайды:
• іш қуысындағы ауырсыну сезімі немесе ісіну
• қызба
• төмен қысым
• жүректің жиі соғуы
• жиі тыныс алу
Зертхана талдаулары ұйқы безі бөлетін ферменттердің деңгейінің келесі өзгерістерін көрсетеді:
• қандағы амилаза деңгейінің артуы
• қан сарысуындағы липаза деңгейінің артуы
• несептегі амилаза деңгейінің артуы
Қосымша зертханалық талдаулар панкреатиттің асқынуларын анықтауға көмектеседі:
• қанның жалпы талдауы (ОАК)
• қанның толық ферменттік панелі
Ұйқы безінің қабынуын көрсететін басқа тексеру әдістері:
• іш қуысының компьютерлік томографиясы
• іш қуысының МРТ-сы
• іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі.
Емдеу
Көбінесе, емдеуді жүргізу үшін ауруханаға жатқызу қажет болады:
• ауырсыну ұстамасын басатын дәрілік препараттар қолдану;
• вена арқылы ерітінділер құйылуы керек
• ұйқы безіне жүктемені азайту үшін тамақты шектеп тұтыну керек
Кейде мұрын немесе ауыз арқылы назогастральдық зонд (түтік) орнатылады, ол арқылы асқазанның ішіндегісі алынады. Бұл әдіс құсу немесе күшті ауырсыну басылмайтын болса немесе ішек парезінің (салдануы) дамуы мүмкін болса қолданылады. Зонд 1-2 күннен 1-2 аптаға дейін қойылады.
Ауруды емдеу қайталанған ауырсыну ұстамасының пайда болуының алдын алады.
Кейбір жағдайда қажет болатын кеңестер:
• ұйқы безінің айналасындағы немесе оның ішіндегі сұйықтықты сорып алу
• өт тастарын алып тастау
• ұйқы безінің түтігін босату.
Аса ауыр жағдайларда ота жасау қажет болады, ұйқы безінің беріштенген немесе зақымданған тінінің бөлігін алып тастау үшін.
Панкреатит ұстамаларына шалдыққан науқастар үшін алкогольді сусындар, майлы тамақ тұтынуға, темекі шегуге болмайды.
Болжамы
Аурудың симптомдары апта ішінде басылады. Бірақ, аурудың өмірге қауіп төндіретін сатыға өтуі де мүмкін.
Өлім-жітім қаупі артады, егер:
• Геморрагиялық панкреатитте – ұстама қан кетуімен қосарланғанда
• бауырдың, жүректің немесе бүйректің жұмысының бұзылысында
• беріштенген панкреатитте
Панкреатиттің қайталану қаупінің ықтималдығы аурудың пайда болу себебіне және емдеудің тиімділігіне байланысты.
Мүмкін болатн асқынулар
• Асқынған бүйрек жеткіліксіздігі
• Асқынған респираторлық дистресс-синдром (ОРДС)
• іш қуысында сұйықтық жиналуы (асцит)
• ұйқыбезінің абсцесі және кистасы
• жүрек жеткіліксіздігі
• артериалдық қысымның төмендеуі.
Асқынған панкреатиттің қайталанған көріністері созылмалы түріне апарады.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Дәрігерге хабарлаңыз, егер:
• ішіңізді күшті, ұдайы ауру мазаласа;
• Асқынған панкреатиттің басқа симптомдары пайда болса.
Алдын алу
Панкреатиттің жаңа немесе қайталанған көріністерінің даму қаупін азайтуға болады, ол үшін аурудың алдын алатын ережелерді ұстану қажет:
• Алкогольді шектеңіз.
• Балалардағы қызбаны емдеу үшін аспирин қолданбаған жөн, әсіресе, егер оларда вирустық ауру болса. Бұл Рей синдромы дамуының алдын алу үшін маңызды.
• Балаларды паротиттен (борықтану) және басқа балалар ауруларынан вакциналауды өткізіңіз («Иммунизация – жалпы шолуды» қараңыз).
Құсу (әйелдерде)
Тегтер:
қатты ауырсыну
құсу
іштің өтуі
іштің қатуы
қызудың көтерілуі
іштің кебуі