Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Емделуі


Жалпы ақпарат

Дем қысылу – бұл патологиялық жағдай, өкпеден қанға оттегінің жетіспеуінен туындайды. Жүрек, ми сияқты ішкі ағзалар, жұмысын жақсарту үшін қандағы оттекке жеткілікті түрде қанығуы қажет. Сондай-ақ, демнің қысылуы өкпенің қандағы көмірқышқыл газын жоя алмауынан да дамиды. Қанда көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуынан, ішкі ағзалардың бүлінуі ғажап емес.

604

Тыныс алатын ауа мұрын жолдары, кеңірдек және бронхтар арқылы өкпеге өтеді.


Себептері

Тыныс алу функциясына әсер ететін түрлі аурулар және патологиялық жағдайлар дем қысылуының бірден-бір себебі болуы мүмкін.

Мысалы:

• ӨСОА (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), пневмония, өкпе эмболиясы және кистозды фиброз секілді өкпе аурулары;
• Жүйке мен бұлшықеттердің зақымдалуынан туындайтын потолагиялық жағдайлар, мысалы, жұлынның жарақаттануы, бұлшықеттік дистрофия және инсульт;
• Өкпе айналасындағы тіндер мен қабырғалардың зақымдалуы. Кеуде қуысының бұзылысы да осы патологияны тудыруы мүмкін.
• Наркотиктар мен ішімдіктің артық мөлшерде қолдану;
• Түтін мен зиянды газдарды жұтқаннан болатын түрлі зақымданулар


Емделуі

Емдік тәсіл дем қысылуының ауырлық дәрежесіне және жедел немесе созылмалы түріне байланысты, және оның қаншалықты күрделі болуына қасарсы жүргізіледі. Және де емдеу тыныс алуды қиындатқан себептерге де байланысты орындалады. Тыныс алу функциясын жеңілдету үшін, сіз оттегілік терапия немесе басқа да емдер ала аласыз.


Тегтер:

оттегі
өкпе
тыныс алу
көмірқышқыл газ
тыныс алу жүйесі
тыныс алудың қиындауы
демнің қысылуы
бронхтар
трахея