Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу



Жалпы ақпарат

Кекештік – бұл адамның дұрыс сөйлей алмауы. Мысалы, сөйлегенде, дыбыстарды, буындарды, сөздерді немесе сөйлемдерді еріксіз қайталап отырады, сондай-ақ, дыбысты созып айтады. Және де сөйлегенде еріксіз тоқтаулар орын алады (сөйлеу жылдамдығы жоғалады).


Себептері

Бұл ауру 2-5 жастар арасындағы балалардың шамамен 5% кездеседі (20 бала ішінен 1 балада). Бұл жағдай бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін созылу мүмкін.

Кейбір балаларда (1% жоғары) кекештену жоғалмай, ары қарай дамуы мүмкін. Кекештіктің бұл түрі, баланың дұрыс дами алмауымен байланысты болады.

Кекештік тұқымқуалайды. Кейбір гендер арқылы кекештік жалғасатындығы анықталған.
Сондай-ақ, кекештік, жарақат алып қалғаннан да болады немесе бас миының шайқалуынан да осы аурудың дамуы мүмкін.

Кекештіктің эмоциональды жарақаттардың салдарынан дамуы өте сирек жағдайда орын алуы мүмкін (психогенді кекештену).

Кекештікке көбінесе ұл балалар ұрынады. Және баланың бұл ауруы есейген кейінде де сақталып қалуы мүмкін.


Симптомдары

Кекештену дауыссыз (к, г, т.) дыбыстардың қайталануымен басаталады. Егер кекештік дамыса, онда адам сөздер мен сөз тіркестерін қайталау қалыптасуы мүмкін.
Кейін сөйлегенде тұтықпалығы дамуы мүмкін. Ол адам бірнәрсе айтар алдында пайда болатын өте қатты дыбыстар. Соның әсерінен адам бар күшімен бірнәрсені айтқысы келгендей көрінеді.

Мазасыздану, сонымен қатар,уайымдау адамның бұл жағдайын тіптен ауырлатуы мүмкін.

Кекештіктің симптомдары:

• Сөйлескенде өзінің ыңғайсыздығынан түңілуі;
• Сөйлер алдында немесе сөйлемдер мен сөз тіркестерін айтқанда еріксіз тежеліп, қайталай бергеніннен ұялуы;
• Қосымша дыбыстарды, сөздерді қолдану (“Біз мм... магазинге... Ккеттік”)
• Дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталау (“мен... мм.. мен өз қуыршағымды қалаймын”, “Мен.. Мен көріп тұрмын..”, немесе “мүмкін мүмкін мүмкін істей аласыз”)
• Дауысын көтеріп сөйлеуі;
• Сөздерде өте ұзын дыбыстар (“Мен – Бууобббби Дджонспын”)

Кекештену кезінде пайда болатын қосымша белгілер:

• Көзін жыпылықтатуы
• Бас немесе денесінің жыбырлатуы;
• Жағын айналдыра қозғалтуы.

Жеңіл кекештігі бар балалар әдетте оны байқамайды. Ауыр жағдайларда олар өздерінің ауруын бар екенін біледі. Осындай адамдарға сөз бергенде, олардың бетінде және бұлшықеттерінде еріксіз қозғалыстар, мазасыздану сезімі байқалады, сол кезде кекештігі анығырақ біліне бастайды.

Кейбір кекештенетін адамдар кітапті дауыстап оқығанда немесе ән айтқанда, кекештігі жоқ болып кететінің айтады.


Диагностикасы

Бұл ауру ешқандай арнайы диагностиканы қажет етпейді. Жалпы диагностикалау үшін арнайы маманмен (логопед) кеңесу қажет.


Емдеу

Кекештіктің емі де жоқ. Ерте жастағы симптомдары ұзақ болмайды және өздігінен жоғалады.

Логопед кеңесінің мына жағдайларда қажеттілігі туындайды:

• Кекештенуі 3-6 айдан ұзақ уақытқа созылса немесе «тұтықпалығы» бірнеше секундқа дейін ұзара берсе;
• Бала кекештігімен күрескені байқалады немесе ұялып жүреді;
• Отбасыда кекештену жағдайлары байқалады

Логопед балаға тез немесе бірқалыпты сөйлеуді үйретеді, сондай-ақ өзінің жайсыздығынан қысыла бермеуді құлағына сіңіреді.

Ата-аналарға кеңес:

• Балаңыздың кекештеніп сөйлегеніне қатты қадала бермеңіз, одан жағдай оңалмай, керсінше асқынуы мүмкін.
• Мүмкіндік болса, көпшіліктің алдыңда балаңызды ыңғайсыз күйге қалдырмаңыз;
• Баланы сабырлы кейіпте тыңдаңыз, барынша көзбен қолдау көрсеткендей ым-шара жасаңаз, оны сойлеп жатқанда бөлмеңіз, оған бар пейіліңізді, махаббатыңызды танытыңыз.Сөйлеген сөйлемдерін оның көзінше дұрыстап әуре болмаңыз.
• Арнайы әңгімелесуге жеткілікті түрде уақыт бөліп қойыңыз.
• Баламен ашық түрде оның кекештенуі туралы сөйлесіңіз. Балаға түсіңдіріңіз.
• Кекештенуді жұмсарту үшін логопедпен ақылдасыңыз.

Медикаментозды емнің еш әсер бермейтіндігі дәлелденген.

Электронды құрылғыларды кекештікке қарсы қолдануы ақылға сиымсыз.

Балаға және отбасына өзара жәрдем топтары пайдалы.


Болжамы

Көптеген балалардың кекештігі 3-4 жыл ішінде қайта қалпына келеді. 8-10 жасында пайда болған кекештік, өмір бойы жалғасуы мүмкін.


Мүмкін болатын асқынулар

Кекештік асқынған жағжайда – адамның көпшіліктің алдында сөйлейгеннен қорқатын болады, өзгелердің мазақтауынан жасқанып, басқалармен еркін әңгімелесуден қашқақтайды.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Мына жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

• Кекештік оқу үдерісіне немесе баланың эмоциялық дамуына кедергі жасаса;
• Әңгімелескенде бала мазасыз күйде болса немесе қысылып тұрса;
• Симптомдары 3-6 айдан астам уақытқа созылып бара жатса.


Алдын алу

Кекештіктің алдын алу шарасы жоқ.


Синонимдері

Балалық кездегі кекештік; Сөйлеу жылдамдығының жоғалуы; Кірбіңдеу


Тегтер:

кекештік
кекештену емі
педиатрия