Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Синонимдері


Жалпы ақпарат

Зейін жеткіліксіздігі және гиперактивтілік синдромы (ЗЖГС) – бұл адамның қате даму процесі. Мұндай адамдарда бір нәрсеге назар аудара алмау, жоғары белсенділік таныта алмау, мінез-құлқын еркін игере алмау немесе кейбір ойларын қиыстыра алмау секілді симптомдар байқалады. Дегенмен, ЗЖГС-қа диагноз қою үшін аталған мінез-құлықтық симптомдары толыққанды дәлелдеме бола алмайды.


Себептері

ЗЖГС, негізі, бала кезде бастау алады, деседе, есейгенде де кездесіп қалуы ғажап емес. Бұл көбінесе баланың мінез-құлқының бұзылысына қарап анықталады. ЗЖГС қыз балаларға қарағанда, ер балаларда көптеп кездесіп жатады.

ЗЖГС-тің қандай себептерден туындайтыны әлі күнге дейін анықталған жоқ. Тек бір білетініміз, бұл аурудың дамуында адамның тұқым қуалаушылық факторлары мен қоғамдық ортадағы факторлары зор рөл атқарады екен. Ғалымдар зерттей келе ЗЖГС бар баламен, бұл ауруға шалдықпаған баланың миының айырмашылығы болатындығын анықтапты.


Симптомдары

ЗЖГС-тің симптомдары мынадай 3 топқа бөлінеді:

• Ойын бір жерге шоғырландыра алмайды (алаңғасар);
• Аяқ астынан белсенділік танытып кетеді (гиперактивті);
• Мінез-құлқын игере алмайды (импульсивті).

ЗЖГС-і бар адамдарда көптеп кездесетін симптом, олардың зейінсіздігі. Кейбіреулерде, гиперактивтілігі мен импульсивтілігі басым көрініс береді. Ал үшінші топтағыларда ойын қиюластыра алмау секілді түрлі сипмтомдар болады. Егер адамда, зейін қоя алмау секілді симптомдар болса, ондайды кейде зейін жеткіліксіздігі синдромы (ЗЖС) деп атайдды. Оның ЗЖГС-тан қарағанда жеңілірек келеді.

Зейінсіздік симптомдары:

• Ойын бір жерге шоғырландыра алмайды, мектепте, үйде кей бір нәрселерлі ұмытып, немесе оңай істің өзін орындай алмай жатады;
• Ойнап жатқан кезде қарапайым тапсырмаларды орындай алмай қиналып жатады;
• Қандай да бір адам сөйлесе, оны естімейді;
• Әр істің қолданылу тәсілін меңгере алмайды, мектептегі, тұрмыстағы тапсырмаларды істесе де аяқтай алмай қиналады;
• Шаралар мен тапсырмаларды ұйымдастыруда қиналады;
• Ондай балаларға миына салмақ түсіретін тапсырмалар (әсіресе, сабақта үйге берілген тапсырмалар) ұнамайды;
• Ойыншықтарын, қарындаштарын, кітаптарын немесе құрал-жабдықтарын жиі жоғалтады;
• Әр нәрсеге көңілі ауып кете береді;
• Күнделікті жұмыстар мен әрекеттерін ұмытып қала береді.

Гиперактивтілік симптомдары:

• Мазасызданып, қол-аяқтарын қозғалта береді немесе отырған орындығын тықылдатып ұрып отырады;
• Өзі сияқты басқалар отырған жерде, ол тыныш орына алмайды;
• Бей-берекет жүгіре береді;
• Жәй салмықты түрде, қалыпты ойнай алмайды;
• Ылғый жүре береді, өзін «тақ бір, қозғалтқыш айналдырып жатқандай сезінеді»;
• Көп сөйлейді.

Импульсивтілік симптомдары:

• Сұрақты қойып болғанша, жауап қайтарады;
• Кезек күте алмайды;
• Өзгелерді тоқтата береді немесе ұра береді (сөйлескенде немесе ойнағанда).


Диагностикасы

ЗЖГС-тың болуы мүмкін деп, күмәнданған адам, арнайы маманған қаралуы тиіс. ЗЖГС-ті анықтайтын, диагнозын қоятын тест түрі жоқ. Диагнозы тек, жоғарыда жазылған симптомдар арқылы ғана анықталады. Бала қашан ЗЖГС-қа шалдықса, оның симптомдарын ата-анасы мен мұғалімі де бағамдауға болады.
ЗЖГС-қа ұшыраған көптеген балалар, кейін психологиялық жағынан дұрыс дамымай қалады, мысалы, көңіл-күйі бұзыла береді, ашушаң болып кетеді, психоактивті заттарды пайдаланады, оқу үлгерімі нашар болады немесе мінез-құлқы наша болып өсуі мүмкін.


Емдеу

ЗЖГС-ті емдеу пациент пен дәрігер арасында өз ара серіктестік дәрежесінде жүргізіледі. Егер, пациент бала болса, ата-анасы мен мұғалімі де емдеуге қатысады. Емдеу үшін мыналар маңызды болмақ:

• Нақты мақсат қою керек;
• Дәрілік немесе мінез-құлықтық терапияны бастау керек;
• Алға қойған мақсаты жайында, нәтиже мен дәрілерді қолдану барымында қандайда бір кереғар әсерлер туындамауы жайында дәрігермен тұрақты түрде кеңесіп тұрған жөн.
Бұл қабылдаулар барысында пациент жайында қажетті ақпараттар жиналуы керек, сондай-ақ, ата-анасы мен мұғалімі жайында да кейбір мәліметтер қажет болуы мүмкін.

Егер бұлай емдеу көмектеспесе, дәрігерге төмендегідей жайттарды орындау керек:

• Науқаста шынымен де ЗЖГС бар ма анықтау керек;
• Бұдан да күрделі симптомдарды тудыратын ауруды анықтау керек;
• Емделу жоспары толық орындалып жатқанына көз жеткізу керек.

Ауруға қарсы препараттар:

Мінез-құлықтық терапияға арналған дәрі-дәрмектер ылғи жақсы нәтиже көрсетеді. ЗЖГС кезінде қолданатын бірнеше түрлі дәрілер бар. Оларды жеке қолданса да, немесе басқа емдік шаралармен ыңғайластырып қолданса да болады. Осыларға байланысты немесе басқа да дәрілерді пациенттің қажеттілігіне қарай және ауру симптомдарына байланысты таңдауды тек дәрігер жасайды.

Психоынталандырушы (көпшілікке үдеткіш атымен белгілі) ЗЖГС-ті емдеуге арналған жиі қолданатын дәрі болып табылады. Бұл препараттар үдеткіш деп аталғанымен, негізінде тыныштандыру әсерерін жақсы игереді.

ЗЖГС-қа қарсы препараттарды қолданарда дәрігеріңіздің үйреткен қолдану тәсілін мүқият орындаңыз.

Кейбір дәрілер жанама әсер береді. Жанама әсерлер бола қалған жағдайда, дәрігерге қаралыңыз. Мүнкін ол дәріні ауыстыратын басқа дәрі бар шығар, немесе оның қабылдау мөлшерін азайтуы ықтимал.

Терапия

Науқасты емдегендей жанұя мүшелері ЗЖГС-пен байланысты күйзеліс симптомдары бар адамды дұрыс түсініп, оның әрекеттеріне түсіністікпен қарап, оның жағдайды еркін игеріп кетуіне барынша ықпал етулер керек.

ЗЖГС-тің кең таралған түр – мінез-құлықтық терапиясы. Бұл емдеу тәсілі балаларға да, олардың ата-аналарына да, қалыпты өмір сүру үшін және мінездерін дұрыстау үшін айтарлықтай көмек береді. ЗЖГС-тің жеңіл түрі кездесіп жатса, оларды дәрі-дәрмексіз-ақ, осы мінез-құлықтық терапия арқылы емдеуге болады.

Қолдаушы топтар пациентке және оның отбасына басқа адамдармен осыған ұқсас мәселелерде еркін әңгімелесуіне көмектесуі мүмкін.

ЗЖГС бар балаға көмек болатын басқа да кеңестер:

• Баланың ұзсаты мен тұрақты түрде әңгімелесіңіз;
• Баланың үй тапсырмасын орындауға, тамақтануына, таза ауада серуендеуіне тұрақты түрде көңіл бөлу үшін күнтізбе құраңыз. Сабақ кестесін тақалғанда қарамай, ертерек реттеп қойыңыз;
• Баланың айналасындағы көңілін бөле беретін жайттарды шектеңіз;
• Баланың денссаулығына көңіл бөліңіз, тамақ құрамындағы құнарлы заттарға мән беріңіз;
• Баланың жеткілікті ұйықтап, тынығуына көңіл бөліңіз;
• Баланың жақсы мінез-құлықтарын мақтап, марқайтып қойыңыз;
• Балаға нақты, жүйелі заңдылықты үйретіңіз.

ЗЖГС кезінде жақсы әсер береді деген фототерапия, тамаққа қосымша заттар қосу, секілді альтернатиті емдеу әдістерінің пайдасы шамалы.


Болжамы

ЗЖГС ұзақ уақытқа созлатын, созылмлы жағдай болып табылады. Егер ЗЖГС-ті дұрыс емдемесе, мынадай жайттарғар соқтыруы мүмкін:
• Алькоголь немесе шылым секілді зиянды заттарды тұтынады;
• Мектепте көптеген жайсыздықтарға ұрынады;
• Жұысында тұрақсыз болады;
• Көп заң бұза беруі мүмкін.
ЗЖГС-ке шалдыққан көптеген балалар есейе келе зейінсіздік, гиперактивтілік және импульсивтілік секілді симптомдардан зардап шетіп өседі. Ал ЗЖГС-і бар ересектер түрлі жағдайды игере алмайды, өзінің мінез-құлқындағы ыңғайсыздыөтарды жасырып, тұйықталумен қиналады.


Дәрігерге қашан қаралу керек

Егер сіз мектеп қызметкері болсаңыз, баланың дамуында ЗЖГС-тің бар екеніне күмәндансаңыз, дәрігерге хабаласыңыз. Сіз дәрігерге мына жайттарды хабарлауыңыз керек:
• Үйдегі мәселелері, мектептегі өзімен жасты балаларға деген қарым-қатынасы жайында;
• ЗЖГС-ті емдеу үшін қабылдауп жүрген дәрілерінің жанама әсері жайында;
• Күйзеліс белгілері жайында.


Синонимдері

Зейін жетіспеушілігі синдромы (ЗЖС); Зейін жетіспеушілігі және гиперактивтілік ссиндромы (ЗЖГС); балалық гиперкинездер.


Тегтер:

зейін шоғырландыруының бұзылысы
гиперактивтілік
импульсивтілік
зейінсіздік