Бұл не? Маскүнемдік – адамға физикалық пен психологиялық зиян келтіретін дәрежеде алкогольді ішімдіктерді күнделікті және тұрақты түрде қолдану. Маскүнемдіктің тұжырымдамасы ретінде адамның алкогольдік ішімдіктерді қолданғаннан кейін өз-өзін бақылауға қауқарсыз болатындығын, ішімдікке тәуелді адам ретінде сипатталуын айтамыз.

Маскүнемдік қалай туындайды? Әдетте үйде (жанжал, ұрыс-керіс, айқай), жұмыста (тәртіптің нашарлауы және жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі) немесе заң бұзушылыққа (мас күйінде көлік жүргізуге байланысты тұтқындалуы) қатысты проблемалар туындайды. Сонымен қатар денсаулыққа қатысты (қан қысымының көтерілуі; ас қорыту жүйесінің, көп жағдайда бауырдың зақымдалуы) проблемалары пайда болады.

Алкогольдік ішімдіктерді ішу (алкогольді асыра пайдалану) бойынша проблемасы бар адамдар мен ішімдікке тәуелділер арасында айырмашылықтар болады. Алкогольді асыра пайдалану мен маскүнемдіктің белгілері күрделі келеді және өз бетінен физикалық, әлеуметтік пен эмоциялық аспектілерді қамтиды. Алкогольдік тәуелділікте адам ішімдікті күнделікті қолданбайды, бірақ бір бастап ішкенде көп мөлшерде ішеді. Ішуді доғарған соң оларда тәуелділік синдромы пайда болады.

Емдеу. Маскүнемдік – бұл ұзаққа созылатын ауру, көбінесе денсаулыққа, эмоциялық, әлеуметтік және мінез-құлық проблемаларына әкеледі.Егер алкогольге деген тәуелділікті уақытылы емдемесе, онда алкогольдің психикаға, жүрекке, бауырға және басқа да мүшелерге әсер етуіне байланысты өлімге әкелуі мүмкін. Маскүнемдіктен толық емделу мүмкін емес, бірақ онымен күресуге болады.

Маскүнемдікті емдеу әдісіне байланысты әр түрлі үш категорияға бөлуге болады: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Маскүнемдікті емдеудің бір тәсілі болып алкогольді өнімдерді қолданған кезінде ауыр жанама әсер ететін химиялық заттарды пайдалану болып табылады. Ондай заттарға дисульфирам, кальций цианамиді және т.б. жатады. Бұл заттар алкогольді қолданған кезде адамда қызба, жүректің айнуы, қан қысымының төмендеуі, жүректің қатты соғуы және қорқыныш сезімін тудырады. Бұл өз кезегінде науқастардың ішімдікті ішуден бас тартуына әкеп соқтырады.

Анонимді маскүнемдер бағдарламасы.

Маскүнемдер психотреапиясы көптеген әдістерден құралады,соның ішінде ең тиімдісі науқастарды топпен қолдану болып табылады. сыған байланысты Батыста анонимді маскүнемдер бағдарламалары кеңінен таралған, ол жерде қатысушылар топ болып жиналып, өздерінің проблемаларымен бөліседі және маскүнемдікке қалай жеткендерін сөз етіп, осы қиындықтан бірігіп өтуге деген жолды көрсетулерін сұрайды. Қазіргі кезде анонимді маскүнемдер бағдарламасы әлемдік әдіске айналды. Анонимді маскүнемдер топтары әлемнің барлық мемлекеттерінде құрылған, олар маскүнемдіктен арылуға септік ететін 12 діни емес мақсаттар мен рухани күш тұжырымдамасын ұстанады.


Тегтер:

маскүнемдік
маскүнемдікті емдеу
маскүнемдіктегі асқынулар
маскүнемдіктің сатысы
маскүнемдік кезіндегі психотерапия
әйелдердің маскүнемдігі
ішімдік, алкоголь
тәуелділік
абстинетті синдром
созылмалы маскүнемдік