Алопеция (бастың тақырлануы) – бұл адамның потологиялық түрде шаш түсуі және адам үшін психологиялық ауыр мәселе болып саналады. Шаш адам баласының өмірлік күш-қуаты символы іспеттес.
Алопеция термині, шаштың барлық түсу себептеріне байланысты қолданыла береді:
• Ошақты алопеция (ұяшықтанған алопеция / тақырбастық)
• Босанғаннан кейінгі шаш түсуі
• Механикалық зақымдануларға байланысты шаштың сиреуі (шаш үлгісінің кейбір түрлері, химиялық қопа, шашты жиі бояй беру)
• Симптомикалық шаш түсу
• Әйелдердің шаш түсу типі, ерлердің шаш түсу типі және де басқалар.
Алопецияны екі үлкен топқа бөлсе болады:
• Тыртықты (шаштың түптері жансызданады да, беріш түзіле батайды)
• Тыртықсыз (диффузды, ошақтық, андрогендік)
Ошақты алопеция кезінде шаштың белгілі бір жері ғана түседі, бас тақырлана бастайды.
Диффузды алопеция кезінде бастағы барлық шаштар түседі.
Бұл алопециялардан басқалары себореялық және андрогендік болады. Себориялық түрі терінің тарамдалуымен көрініс береді, ал андрогендік – гармонның бұзылуынан, яғни ол тұқым қуалау арқылы берілері. Андрогенді алопецияны және де «еркектік» деп атайды, оның себебі – шаш фолликуласына еркектік гормонның әсер еткендігінен. Бұл аурумен тұқымында осындай ақауы бар әрбір үшінші ер адам зардап шегеді. Кейде бұл «еркектік» алопецияға әйелдерде ұшырап жатады.
Трихограмма – бұл әдіс, микроскоптық тексеру негізінде жүзеге асады, бұл арқылы шаш пен оның өсу фазасында қаншалықты процесс жүріп жатқандығын анықтауға болады. Трихограмманың нәтижесінде алопецияның түрі анықталып, және оған қандай ем қолдану керектігін білуге болады.
Алопецияның барлық түріне ем қолдануға болады. Тек, арнайы мамандарға уақытылы қаралу керек.
Шаш және бас теріcінің шашты бөліктерінің мәселесі (ерлерде / әйелдерде)
Тегтер:
алопеция
алопецияның емі
ерлердегі алопеция
бастың тықырлануы
әйелдердің таздануы
ерлердің таздануы
жалпы шаштың сыпырылуы
шашым түсуі
шаш түсуінің емі