Артериялық гипотензия (син. артериялық гипотония ) артериялық қысым мөлшерінің төмендеуімен сипатталады. Ересектерде қартериялық қысымның қалыпты шегі 105/65 мм.сын.бағ, ал балаларда 85/60 мм.сын.бағ болу керек.

Кейбір адамдардың тумысынан қан қысымы төмен болады және олар сол күйінде де өздерін жап-жақсы сезінеді. Олар үшін төменгі қан қысымы қалыпты болып саналады. Гипотония көбінесе 30-40 жастағы әйел адамдарда немесе оданда жас 19-30 жас аралығында қыздарда кездеседі.Әйелдер де негізінен еркектерге қарағанда қан қысымы төмен болып келеді, ал жағымсыз ауа-райы немесе гормональды өзгерістер кезінде тіптен төмендеп кетуі мүмкін.

Гипотонияның симптомы

Қан қысымы төмендеген кезде адамда әлсіздік, ұйқышылдық, бастың айналуы, ауыр жағдайда науқастың талып қалуы және аз ғана физиқалық жаттығу кезінде жүрегінің қатты соғуы байқалады. Гипотонияның ең жағымсыз симптомдарының бірі – ортостатикалық гипотония болып табылады. Бұл симптом кезінде адам отырған немесе жатқан жерінен атып тұрған уақытта басының айналуы,көзінің қарауылтуы тіпті кейде науқас есінен танып қалуы да мүмкін.

Гипотонияның түрлері

Жедел гипотония жартты түрде бөлінеді (қысымның түсуі, кенеттен көтерілуі) және созылмалы гипотония (қысым белгілі бір уақытқа дейін төмендейді). Сондай-ақ гипотония біріншілікті (қан қысымын түсуі басқа ауруларға байланысты болмайды) және симптомдық (қан қысымының түсуі басқа ауралардың симптомдарына байланысты дамиды) болып бөлінеді.

• Жедел симптоматикалық гипотония (қан қысымның бірден төмендеп кетуі) кезінде өмірге қауіп төнуі мүмкін, сондықтан көп күттірмей мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болады. Себебі қан қысымының тым қатты төмендуі жедел инфарктік миокардасымен, өкпе артерияларының тромбоэмболиясымен, ауыр аритмиялармен, жүрек ішілік блокадасымен, аллергиялық реакциямен, қан кетулермен т.б. да жайттармен астасып кетуі мүмкін. Адамның қан қысымына байланысты өзін-өзі тоссыннан нашар сезіну жағдайы орын алғанда, өздігіңізден ем-шара қолданбай, тез арада дәрігерге хабарласыңыз.
• Созымалы біріншілікті гипотония – көбінесе жастарда кездеседі, ол тамыр тонусы айналымының бұзылыстарымен (вегето-тамырлық дистония) көрініс береді. Қан тамырлар жүйкелік және эндокриндік бұзылыстарға байланысты кеңейеді сосын қан ағу жылдамдығы төмендейді. Осыдан кейін мүшелерге қоректік заттардың тасымалдануы нашарлайды, алдымен ми зақымдалады да соған байланысты әлсіздік, ұйқышылдық, ақыл-есінің нашарлауы сияқты белгілері пайда болады. Сонымен қатар созылмалы қан қысымының төмендеуіне күйзелістік жағдайлар, ауыр депрессиялар да айтарлықтай әсерін тигізеді. Бұл жағдайда психотерапевттің көмегі қажет.

Созылмалы қан қысымының төмендеуі эндокриндік аурулар (гипотериоз,бүйрек үсті безінің жеткілісіздігі) кезінде және жүректің жиырылу қызметі нашарлағанда (симптоматикалық гипотония) дамиды.

Адам климаттық деңгейін өзгерткенде адаптация уақытында немесе ауа-райын жағымсыз сезінгенде қан қысымы төмендейді. Мысалы, орта аймақтарда тұратын адам таулы аймаққа барғанда немесе керісінше тропикалық жерге барғанда қан қысымының төмендеуі байқаулы мүмкін. Тағы да көптеген факторлар қан қысымының төмендеуіне әсер етеді, мысалы: жоғары ылғалдылық, электромагниттік өрістердің әсері,радиация және т.б. Кейбір аллергиялық реакциялардың көрінстері де гипотония болуы мүмкін. Басқа да тамырлық аурулар, мысалы гипертониялық ауру мен салытырғанда гипотения зиянсыз ауру болып көрінеді. Дегенмен гипотонияның әсерінен басқа жүйелерде ауыр асқынулар болуы мүмкін. Сондықтан емді кардиолог-дәрігердің бастауымен сауатты әрі сапалы жүргізу керек.

Гипотонияның емделуі

• Себеп болған ауруды емдеу;
• Күн тәртібін қалыптастыру (демалыс және жұмыс уақытын бір деңгейге әкелу)
• Күніне 4-6 рет толық және тойымды тамақтану
• Адаптогендерді қолдану (женьшень, элеутерококк, пантокрин және т.б)
• Емдік жаттығулар жасау
• Инемен емдеу (иглорефлексотерапия)
• Массаж жасату
• фитотерапия, ароматерапия, иглорефлексотерапия, психотерапия, витаминотерапия.


Тегтер:

артериялық гипотензия
артериялық гипотензия симптомдары
артериялық гипотензия емі
артериялық гипотония
гипотония
гипотония емі
гипотония симптомдары
артериялық гипотензия диагностикасы
төмен қан қысымы
төмен артериялық қан қысымы