Иценко-Кушинг синдромы – бұл гормоналды бұзылыс. Ол ағзаның кортизонның шамадан тыс бөлінуінен туындайды. Кортизон - бұл бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан түзілетін гормон.

Пайда болу себептері
Аталмыш синдром қабынбалы ауруларға қарсы, мысалы синтетикалық гормон кезінде қолданылатын преднизолон секілді дәрілердің әсерінен туындайды. Кейде қатерлі ісіктердің кейбір түрлері де кортизонның шамадан тыс бөлінуіне себепші болатын гормондарды өндіреді.
Иценко-Кушинг синдромы өте сирек кездесетін ауру.

Симптомдары
• Дененің жоғарғы бөлігінің толысуы;
• Аяқ-қолдардың жіңішкеруі;
• Қатты шаршағыштық және бұлшықет әлсіздігі;
• Қан қысымының жоғарылауы;
• Қанда қанттың деңгейі жоғарылауы;
• Дененің тез көгеріп кетуі.

Диагностикасы
Әдетте зертханалық зерттеулер аурудың бар-жоғын тез анықтап, оның себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Емдеу
Емдеу ағзадағы кортизонның артық бөліну себебіне байланысты болды. Дәрі-дәрмектермен емдеу барысында синтетикалық гормондармен препараттың мөлшерін азайту арқылы симптомдарды бақылауға болады. Егер ауру ісіктен туындаған болса, хирургиялық жолмен емдеу керек немесе басқа да емдеу шараларды қолданудың да қажет болуы мүмкін.

Тегтер:
Иценко-Кушинг синдромы