Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Мүмкін болатын асқынулар

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Жалпы ақпарат

Ауыз аймағындағы герпес (ауыз герпесі) – қарапайым герпес вирусынан туындаған ерін, ауыз немесе қызыл иектің жұқпалы ауруы. Ауру – ауыртатын кішкентай күлдіреуікпен сипат береді, әдетте оны суық ойық жара немесе қызбалы күлдіреуік деп атайды. Ауыз аймағындағы ұшықты лабиалді герпес деп те атайды.

котыр
Бұл суретте герпестік инфекцияның ерте кезеңі көрсетілген: кішігірім топталған күлдіреуіктер мен қызару көрінеді.

Себептері

Ауыз аймағының герпесі кең таралған жұқпалы ауру болып табылады. Ол қарапайым герпес вирусының 1 түрінен туындайды. Бұл вируспен көбінесе 20 жасқа дейінгі жастар жиі зақымданады.

Алғашқы инфекциядан кейін вирус инактивтененеді (ұйқыға кетеді) және кейіннен нерв тіндерінде және бетте сақталады. Кейде вирус белсенділік танытып, нәтижесінде ауыз герпесі пайда болады.

2 типті герпес вирусы әдетте гениталды герпесті туындатады. Сонымын қатар, кейде 2 типті герпес вирусы ауыз қуысына ауыз арқылы жасалатын жыныстық қатынас кезінде түседі де, ауыз герпесінің пайда болуына әкеледі.

Герпес вирусы оңай таралады. Келесі жағдайларда жұқтырып алуыңыз мүмкін:
• Вирус жұқтырған (науқас) адаммен тығыз байланыста болсаңыз
• Герпес вирусы бар ұстараны, сүлгілерді, ыдыстарды және басқа заттарды пайдаланғанда
Герпес вирусы балаларға ата-аналарынан күнделікті байланыс кезінде жұғады.

Симптомдары

Кейбір адамдар қарапайым герпес вирусын алғаш жұқтырған кезде ауыз аймағында ойық жара пайда болады. Ал кейбіреулерде симптомдар мүлдем байқалмауы да мүмкін.
Аурудың симптомдары жеңіл де, ауыр болуы мүмкін.
Симптомдар вирус жұққаннан кейін 1-3 апта өткенде байқалады және 3 аптаға дейін сақталады.
Герпестің бастапқы симптомдары:
• Ерін немесе ауыз айналасындағы тері қышиды;
• Ерін және ауыз аймағында қызғандай сезім пайда болады;
• Ерін немесе ауыз аймағы шаншиды
Көпіршіктер пайда болғанға дейін келесі симптомдар байқалуы мүмкін:
• Тамақтың ауыру сезімі
• Қызба
• Бадамшалардың ұлғаюы
• Жұтынғанда ауыру сезімі
Көпіршіктер немесе бөртпелер шығуы мүмкін:
• Қызыл иекке
• Ерінге
• Ауыз қуысына
• Тамаққа
Көпіршіктердің пайда болуын «аурудың жайылуы» деп атайды.
Сізде болуы мына жайттар болуы мүмкін:
• Суланып тұратын қызыл күлдіреуіктер
• Ашық сарғыш сұйықтықпен толтырылған кішкентай күлдіреуіктер
• Кішкентай күлддіреуіктер бірігіп бір үлкен күлдіреуікті құрауы мүмкін
• Сауығу кезінде күлдіреуік сары және қатты болады, ақыр соңында сау терімен бірігеді.
Ауру симптомдары келесі факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін:
• Етеккір немесе гормоналды өзгерістер
• Күннің көзінде болу
• Қызба
• Күйзеліс
Егер симптомдар сирек қайталанса, олар әдетте жеңіл өтеді.

Диагностикасы

Дәрігер пациенттің ауыз аймағын қарап, ауыз герпесін анықтауы мүмкін. Кейде жараның жағындысы алынып, толықтай зерттеу үшін зертханаға жіберіледі. Тексерулер мынаны қамтиды:
• Вирусты және оның құрылымын анықтау үшін вирусты зерттеу
• Вирустық ДНҚ-тест – вирустың генетикалық материалдарын зерттеу
• Қарапайым герпес вирусын тексеру үшін Тцанк тесті - бұл жағындыдан эрозия және көпіршіктері бар Тцанк жасушаларын (қарапайым герпес вирусымен зақымдалған жасушалар) микроскоптың астында анықтау.

Емдеу

Симптомдары бір-екі апта ішінде еш емделусіз өздігінен жоғалып кетуі де мүмкін.

Емдеуші дәрігер вируспен күресу үшін дәрі-дәрмек тағайындауы мүмкін. Оларды вирусқа қарсы дәрілік препараттар деп атайды. Мұндай дәрілер ауырсынуды азайтуға көмектеседі және симптомдардың ертерек жоғалуына ықпал жасайды. Ауыз аймағындағы жараларды емдеуге арналған дәрілік заттарға мыналар жатады:
• Ацикловир
• Фамцикловир
• Валацикловир
Бұл дәрілерді бастапқы симптомдар пайда болғанда, күлдіреуіктер пайда болмай тұрып қабылдасаңыз әлдеқайда тиімді болмақ. Ауыз аймағындағы жаралар жиі шығатын болса, онда бұл дәрілерді үнемі қабылдауға тура келеді.
Сонымен бірге теріге арналған вирусқа қарсы жақпалар қолдануға да болады. Алайда, аталмыш препараттар қымбат тұрады және күпдіреуіктердің белсенділігін күніне тек бірнеше сағатқа ғана азайтады.

Келесі нұсқаулықтар организмнің жалпы жағдайын жақсартуға көмектесуі мүмкін:
• Ауырсынуды жеңілдету үшін жараға мұз басыңыз.
• Күлдіреуікті абайлап антисептикалық сабынмен және сумен жуыңыз. Бұл вирустың дененің басқа аймақтарына таралуының алдын алуға көмектеседі.
• Ыстық сусындарды, дәмді және тұзды тағамдарды, цитрустарды қолданбаңыз.
• Салқын сумен аузыңызды шайыңыз.
• Жараларды тұзды сумен жуыңыз.
• Стероидты емес қабынуға қарсы препарат сияқты ауырсынуды басатын заттарды қабылдаңыз.

Болжамы

Еріндегі герпес әдетте 1-2 апта ішінде өздігінен кетеді. Дегенмен, аурудың симптомдары қайталануы мүмкін.
Герпес ауыр және қауіпті болуы да мүмкін, егер:
• Көздің айналасында немесе көзге жақын жерде пайда болса
• Кейбір аурулар мен дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіресе

Мүмкін болатын асқынулар

Көздің герпестикалық инфекциясы соқырлықтың басты себептерінің бірі болып табылады. Өйткені, ол қасаң қабықтың тыртықтануын тудырады.

Қарапайым герпестің басқа да асқынуларына мыналар жатады:
• Ауыз қуысында ойық жаралар мен көпіршіктердің қайта пайда болуы
• Вирустың терінің басқа аймақтарына таралуы
• Терінің бактериалды инфекциясы
• Иммундық жүйесі әлсіреген адамдардың өміріне (атопиялық дерматит, ісік немесе АИТВ инфекциясы кезінде) қауіпті болуы мүмкін ағзаның жалпы инфекциясы.

Дәрігерге қашан қаралу керек

Келесі жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:
• Ауру симптомдары ауыр болса немесе 2 апта ішінде кетпесе
• Жаралар немесе көпіршіктер көздің жанында орналасса
• Кейбір ауруларға немесе дәрі қабылдауға байланысты иммундық жүйе әлсіреген кезде герпестің симптомдары пайда болса

Алдын алу

Төменде ауыз қуысындағы жаралардың пайда болуын алдын алу үшін кеңестер берілген:
• Далаға шығардың алдында құрамында мырыш оксиді бар күннен қорғайтын кремді немесе ерінге арналған бальзамды жағыңыз.
• Сондай-ақ ылғалдандыратын ерін бальзамы да көмектесуі мүмкін.
• Герпетикалық бөртпелер адамдармен тікелей байланыста болмаңыз.
• Әрбір пайдаланудан кейін сүлгілер мен төсек жаймаларын қайнаған суда залалсыздандырыңыз.
• Егер айналаңыздағы өзге адамдардан герпесті байқасаңыз, олармен бірге өзіңіздің ыдыс-аяқ, стакандар немесе басқа заттарыңызбен бөліспеңіз және олардікін қолданбаңыз.
Егер сіздің ерніңізде герпес болса, әсіресе, көпіршіктер болса ешкіммен ауыз арқылы жасалатын жыныстық қатынасқа түспеңіз. Сіз вирусты жыныстық мүшелерге таратуыңыз мүмкін. Герпес вирусының екі типі де кейде ауыз аймағында жаралар немесе күлдіреуіктер болмаса да таралуы мүмкін.


Тегтер:

герпес
қызыл иек
күлдіреуік
инфекция
вирус
секс
қызба
ацикловир
қызару