Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Периодонтит – деп, тісті ұстап тұратын байламдардың қабынып, індет жұқтыруын айтады.
Қызыл иектің ауытқымалы ұлғаюы, томпаюы немесе ісінуі аурудың симптомдары болуы мүмін.
Себептері
Периодонтит қызыл иектің инфекциясын немесе қабынуын (гингивит) уақытылы емдемесе, не болмаса, мүлдем ем жүргезбеген кезде туындайды. Қызыл иектен пайда болған инфекция мен қабыну тістерді ұстап тұратын байламдар мен сүйектерге таралады. Байламдар босағандықтан тістер босап, түсе бастайды. Ересектердегі тістің жиі түсуі осы периодонтиттің салдарынан. Бұл ауру балаларда сирек кездескенмен, жасөспірімдерде жиі ұшырасады.
Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тастары жиналады. Қабынудың салдарынан қызыл иекпен тістердің арасында қызыл иек қалтасы түзіледі, оған тіс қағы мен тіс тастары жиналады. Қызыл иек қалтасында жұмсақ тіндер ісінеді. Қабынудың одан әрі дамуы тістің айналасындағы тіндер мен сүйектерге зиян келтіреді. Қызыл иек қағында бактерия бар болғандықтан, тіс абсцессінің жұғуы және дамуы мүмкін, нәтижесінде сүйектің жойылу жылдамдығы арта түседі.
Симптомдары
• Тыныс алған кезде жағымсыз иіс шығады;
• Қызыл иек ашық қызыл немесе қызыл-күлгін түске енеді;
• Қызыл иек жылтырай түседі;
• Қызыл иек қанағыш келеді (тісті тазалаған кезде тіс щеткасында қанның пайда болуы)
• Қызыл иекті қолмен ұстаса тітіркендіреді, бірақ ауырсынбайды;
• Тістердің түсуі кездеседі;
• Қызыл иектің томпаюы байқалады.
Ескерту: ерте симптомдары гингивитке ұқсайды.
Диагностикасы
Тіс дәрігері ауыз қуысын және тістерді қарап тексергенде, қызыл иек жұмсақ, ісінген, қызыл-күлгін болады. Тістің негізінде тіс қағы мен тіс тасы және ұлғайған қызыл иек қалталары анықталуы мүмкін. Тістің абсцессі болмаған кезде, қызыл иек ауырсынбайды немесе әлсіз сезімтал болады. Сондай-ақ, тістердің қызыл иектен ажырауы немесе тістердің түсуі анықталуы мүмкін.
Стоматологиялық рентгенологиялық зерттеу арқылы, сүйекті ұстап тұратын құрылымдардың жойылғанын және қызыл иектің астында тіс қағының жиналғанын анықтауы мүмкін.
Емдеу
Емдеудің мақсаты – қабынудың бетін қайтару, қызыл иек қалталарын алып тастау, қызыл иек ауруларының кез-келген бастапқы себептеріне дереу ем қолдану.
Тістердің немесе тіс протездерінің беткей зақымдалуларын жою қажет.
Тістерді мұқият тазалау өте маңызды. Тіс қағы мен тіс тасын азайту және жою үшін әртүрлі құрылғыларды пайдаланған жөн. Қызыл иек ауруларының қаупін азайту үшін, тіпті кәсіби стоматологиялық тазалаудан кейін де, әрдайым тіс щеткасын дұрыс пайдалану керек. Сіздің тіс дәрігеріңіз немесе гигиенист оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін көрсетеді. Периодонтитпен ауыратын науқастар жылына екі реттен артық кәсіби стоматологиялық тіс тазалаудан өтуі керек.
Хирургиялық ем жүргізу де қажет болуы мүмкін. Қызыл иектегі терең қалталарды ашу және тазалау үшін осындай әдістерді қолдануға тура келеді. Босаған тістердің бекітілуін қамтамасыз ету қажет. Ауруды өршітіп алмас үшін және жақын тістерге қабынудың таралуын болдырмау үшін бір немесе бірнеше тістерді алып тастау да қажет болады.
Болжамы
Кейбір адамдарға қабынған қызыл иектен тіс қағын алып тастау процедурасы аса бір жағымсыздық тудыруы ықтимал. Қызыл иектің қанауы және жоғарғы сезімталдығы емдеуден кейін 1-2 апта ішінде басылады. (Сау қызыл иек қызғылт және мықты болып көрінеді).
Ауыз қуысының гигиенасын өмір бойы қадағалап отыру керек, өйткені ауру қайтадан пайда болуы ғажап емес.
Мүмкін болатын асқынулар
• Жұмсақ тіндердің инфекциясы немесе абсцессі (бет целлюлиті) дамиды;
• Бет сүйектерінің індетке ұрынуы ықтимал (остеомиелит);
• Периодонтиттің қайта пайда болуы қаупі;
• Тіс абсцессі пайда болады;
• Тістердің түсуі кездеседі;
• Тістер босайды және ығысып, қисайып кетеді;
• Гингивиттің (қызыл иектің қабынуы) ауырсыну түрі
Дәрігерге қашан қаралу керек
Периодонтиттің симптомдары байқалған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.
Алдын алу
Аурудың алдын-алудың ең жақсы құралы – ауыз қуысының гигиенасын сақтау болып табылады. Оған тіс шөткесімен мұқият тіс тазалау және тұрақты кәсіби стоматологиялық тіс тазалату жатады. Гингивиттің алдын алу және емдеу периодонтиттің даму қаупін азайтады.
Синонимдері
Альвеолярлы пиорея; Қызыл иектің қабынуы мен сүйектердің зақымдануы
Балалар мен жас өспірімдердің ауыз қуысында туындаған мәселелер (ерлерде / әйелдерде)
Тіс мәселелері (ерлерде / әйелдерде)
Ауыз қуысындағы мәселелер (ерлерде / әйелдерде)
Тегтер:
гингивит
тістер
қабыну
қызыл иек
қақ
бактерия
периодонтит
ауыздағы иіс