Мазмұны
Алдын алу
Жалпы ақпарат
Пресбиопия (егде жастағы адамдардағы алыстан көргіштік) – бұл адам ағзасындағы жас өзгерістеріне байланысты көздің көру қабілетінің нашарлауының табиғи процесі.
Көздің қасаң қабығы мен көзбұршағы көру қабілетін айқындау процессіне қатысады. Рефракция - көздің жарықты сындыру қабілеті. Ал аномальді рефракция - көздің пішіні өзгеріп, сол жағдайдың салдарынан адам қараған нысанасын дәл анықтай алмауынан туындайтын мәселе. Рефракцияның себебіне көз алмасының пішіні (ұзын немесе қысқа), қасаң қабықтың пішінінің өзгеруі немесе жас өзгерістеріне байланысты көз бұршағының эластикалығының өзгеруі және назар аударуға жауап беретін кірпікті бұлшықеттердің әлсіреуі жатады.
Себептері
Ағза қартайған сайын көздің жанары өзгерістерге ұшырайды: ол қалыңданады және өзінің эластикалық қасиетін жоғалтады. Көзбұршақтың эластикалық қабілеті кескінге назар аударуды қамтамасыз етеді. Бұл мүмкіндіктің жоғалуынан көру қабілеті нашарлайды, нәтижесінде (қырақтық) – пресбиопия пайда болады.
Әдетте мұндай жағдай 45 жастан кейін орын алады.
Симптомдары
• Жақын объектілерді көруде және ұсақ жазуларды оқу кезінде көру қабілетінің төмендеуі білінеді
• Әлсіз жарықтандыру кезінде көру қабілетінің төмендейді
• Көзге артық күш түседі
• Бас ауырады.
Диагностикасы
Көз дәрігері көруді және рефракцияны (көздің жарықты сындыру қабілеті) тексеру кезінде пресбиопияны анықтайды.
Емдеу
Көздің көру қабілетінің бұзылу дәрежесіне қарай сізге көзілдірік тағу қажет болуы мүмкін. Қазіргі таңда көруді түзету үшін бірқатар хирургиялық және лазерлік әдістер жетілдіре түсті. Дәрігер егер көру қабілетіңізді түзетуге көмектесетін болса және асқынуға жол ашпаса операция жасауға кеңес береді.
Болжамы
Көру қабілетін көзілдірік немесе линза көмегімен түзетуге болады.
Мүмкін болатын асқынулар
Егер көру қабілеті түзетілмесе, көру қабілетінің әлсіздігі күшейіп, көлік жүргізу, оқу, жұмыс және басқа да күнделікті жағдайлар кезінде қиындықтар туындайды.
Дәрігерге қашан қаралу керек
Көру қабілетіңіздің нашарлағанын сезінген сәтте офтальмологқа (көз дәрігеріне) тексеріліңіз.
Алдын алу
Пресбиопияның алдын алу шаралары болмайды.
Тегтер:
Көру қабілетінің бұзылуы
Көзбұршақ
Алыстан көргіштік, қырақтық
көзілдірік
көру фокусі