Инфекциялық артрит (син. іріңді артрит,септикалық артрит) – бір немесе бірнеше буынның ауыр түрде қабынуы. Егер оны тез арада емдемесе буынның қайтымсыз бұзылыстарына алып келуі мүмкін.

Себебі. Инфекциялық артрит әр түрлі микроағзалардан туындайды. Бұл буынның саңырауқұлақты инфекциясы немесе вирустық, не болмаса бактериялық болуы мүмкін. Әдетте, буында пайда болатын инфекциялар жарақаттанған кезде немесе хирургиляқ операциялар жасалғанда ағзаның басқа бөліктерінен қантамырлар жүйесі арқылы келіп түсуі мүмкін.

Симптомдары. Инфекциялық артриттің симтомдары қызару, ісіну, басқан кезде ауру сезімдерімен білінеді, барлық инфекциялық аурулардың симптомдары секілді – дене қызуы көтеріледі, терлейді, бүкіл дененің ауырсынуы байқалады. Активті және пассивті қимылдағанда науқас ауырсынуды сезеді. Көбінесе тізе, иық, мықын аралық және ұсақ буындардан білезік,табан буындары зақымдалады. Нашақорларда ерекшелігі сегізкөз-мықын буындарының зақымдалуы болады.

Емдеу. Емдеу шарасы тек ауруханада жүргізіледі. Ең алдымен режим қойылады. Қысқа мезімге зақымдалған аймақта қимылды шектеу үшін (иммобилизация) шина тағылады; ауру синдромдары басылғанша буындарды пассивті түрде қозғау керек, одан кейін активті қозғалыстарды жалғастыра беруге болады. Ақуыз бен витаминге бай диета тағайындалады. Инфекцияның түріне байланысты антибиотиктер қарастырылған.


Тегтер:

артрит
инфекциялық артрит
артриттің емі
иммобилизация
антибиотиктер
буындардағы ауырсыну