Әрине, әрқайсымыз өмірде кемінде бір рет болсын ұйқысыздықтан зардап шегеміз. Мұндай жағдай емтихан алдында немесе маңызды кездесулердің алдында орын алуы мүмкін, ол кезде сіз ұйықтауға ерте жатып, жақсы тұруға ниеттенесіз. Бірақ оның орнына бірнеше сағат бойы ұйықтай алмай, ары-бері аунақшақтап алдағы оқиғаларға байланысты түрлі нұсқаларды ойлап кетуіңіз де ықтимал. Немесе кейбір жұмыстағы ауыртпалықтың салдарынан «қатты ұйқы қысса», одан кейін төсегіңізге жатып демалайын десеңіз ол арманыңыз орындаймай-ақ қояды, қырсыққанда, төсегіңіз ыңғайсыз болып көрінеді, кейде әртүрлі шуылдаған дыбыстар жүйкеңізге тиіп, содан ұйықтауға деген ниет біржола жоғалады. Осындай проблемалар адамдардың 30-45% -ында жиі кездеседі және олардың жартысы созылмалы болып келеді.

Ұйқысыздықтың үш кезеңі бар.

• Біріншісі – ұйықтар алдындағы қиындық. Содан адамда бірте-бірте бүтіндей бір «ұйқының ауытқуы » секілді әдет қалыптасады, немесе «төсектен қашқақтау» дегендей, не болмаса түсініксіз бір ұйқының келмеуіне байланысты үрейлі жайттар пайда болуы мүмкін.
• Ұйқы бұзылуының екінші кезеңі (интерсомникалық бұзылыстар) түнгі түрлі жайсыздықтан оянып кету болып табылады. Ол кезде адам, дауыстан немесе ауыр ұйқыдан, шытырман түстерден, ауру сезімінен, тыныс алудың бұзылуынан, шалт қимылдың себептерінен оянып кетіп ұзақ уақыт ұйықтай алмай жатады.
• Үшінші кезең (постомникалық бұзылыстар). Үшінші кезеңде адамның таңда тұруының қиынығын атап өтсек болады, ұйқы қанбай, жұмысқа деген құлшыныс төмендеп, бір түсініксіз басылып тұрғандай сезімдер билеп алады.

Сондай-ақ, адамдар «түнде көз ілмедім» деп, шағымданып жатады, бірақ дәрігер оларды тексере келе олардың тәулігіне кем дегенде 5 сағат ұйықтайтыны анықталады. Бұл жағдай ұйқының бұзылуы деп аталады (ұйқының агоносиясы).

Емдеу. Егер де, сізде ұйқысыздық болса, онда мәселені толықтай шешуге болады - ол үшін бар болғаны дұрыс жатып, ұйықтауды үйреніңіз! Өзіңіздің жұмыс кестеңізді және тынығу уақытыңызды реттеп көріңіз, жатар алдында жылы, жайлы ванна қабылдап, қажет болып жатса, аутотренинг курсына қатысып көруге де болады.

Ұйқысыздықтың салдарынан шаршау, күйзелісстер туындаған жағдайда ұйықтататын дәріблерді пайдалануға болады, бірақ есіңізде болсын, біріншіден, сіз осы препаратты қабылдауға қатысты ережелерді қатаң ұстануға тиіссіз және екіншіден, кез-келген ұйқы шақыратын дәрілерді қолданудың ұзақтығы 10 -14 күн. Дәрілердің қолдану ұзақтығы дұрыс болса, оған тәуелділіктің артуы мен әдеттеніп қалу жағдайлары қалыптаспайды және дәріден бас тарту керек проблемалары алдыңыздан кесе көлденең тұрмайды. Бұл қағиданы сақтау өте қиын, себебі көптеген адамдар ұйқының бұзылуын өз күшімен жеңуге емес, оңай жолмен дәрі қолдана салып жеңіге тырысады.

Егер сіз қабылдаған барлық шаралардан кейін, сіз әлі де ұйқысыздықтардан зардап шегіп жүрсеңіз, онда сіз сомнолог дәрігерге жүгінуіңіз керек. Неврологтың да қосымша тексеруін қажет етуіңіз мүмкін. Ұйқысыздықты емдеу үшін физиотерапия, фототерапия, акупунктура және психотерапия қолданылады.


Тегтер:

ұйқысыздық;
күйзеліс;
ұйқы шақыратын дәрілер;
ұйқысыздықты емдеу