Бруксизм (тісті шықырлату) – адамның ұйықтап жатқан кезде тісін шықырлатуын атайды.Әдетте бұл ұйқы мезгілінде болады. Бұл процесс әсерінен тіс тегістеліп, үшкірленеді және тістің эмалі құртылып, ауырсыну пайда болады.

Бурксизімнің себептері белгісіз болғанымен, ол мыналардың әсерінен болуы мүмкін:

• Эмоциялық күйзеліс, шаршау немесе ұйқының бұзылуы
• Тістенудің дұрыс болмауы немесе қисаюы, тістердің болмауы
• Алькогольдік өнімдерді және есірткіні пайдалану
• Адамның ішінде құрттардың болуы
• Психикалық бұзылыстар нәтижесінде

Егер тісті шықырлату тіс жарақатын тудыратын болса, онда стоматологқа қаралу керек. Себебі, стоматолог сізге қандай ем қажет екенін тағайындайды.Тістің ары қарай зақымдалуын алдын алу үшін ауыз қуысын қорғайтын құрылғылар берілуі мүмкін.


Тегтер:

бруксизм
тісті шықырлату